Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі №15 лот бойынша конкурстың қорытындылары туралы жер комиссиясының № 18 ХАТТАМАСЫ

Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі №15 лот бойынша конкурстың қорытындылары туралы жер комиссиясының

№ 18 ХАТТАМАСЫ

 

Степняк қ.

2026 жылғы 22 маусым

 

Конкурсты өткізу орны: Степняк қ., Біржан сал көшесі, 23, 2-қабат, Біржан сал ауданы әкімдігі аудан әкімі орынбасарының кабинеті.

Жер комиссиясының құрамы:

Сабыров Ерсайын Тендікұлы – Біржан сал ауданы әкімінің орынбасары, комиссия төрағасы.

Балташева Анар Әлібекқызы – Біржан сал ауданының «Жер қатынастары бөлімі» ММ бас маманы, комиссия хатшысы.

Комиссия мүшелері:

Мамиков Бектас Өренханұлы – Біржан сал ауданының «Жер қатынастары бөлімі» ММ басшысы.

Шаймерденов Кәрібай Даулетханұлы – Біржан сал ауданының «Ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ басшысы.

Сәрсембаев Дәулет Әлібекұлы – Біржан сал ауданының «Курылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ басшысы.

Еркебаев Оразалы Махамадиұлы – Ақмола облысы Кәсіпкерлер палатасы Буланды аудандық филиалының директоры (келісім бойынша).

Магерко Игорь Ефимович – Біржан сал аудандық мәслихатының депутаты (келісім бойынша).

Әльжанов Арман Жасырбайұлы – Степняк қаласы жергілікті қоғамдастығының мүшесі (келісім бойынша).

Кенжебаева Ақмарал Нұрқанқызы – Біржан сал ауданы қоғамдық кеңесінің төрағасы (келісім бойынша).

Болатов Самат Шинабекұлы – «SAMBO» шаруа қожалығының басшысы (келісім бойынша).

Мұрсалимов Сайран Тапешұлы – Бирсуат ауылдық округінің әкімі.

Төлеуов Амантай Бопанұлы – жергілікті қоғамдастық жиналысымен делегатталған Бирсуат ауылдық округі жергілікті қоғамдастығының мүшесі.

Қатыспаған комиссия мүшелері:

Сәрсембаев Дәулет Әлібекұлы – Біржан сал ауданының «Кұрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ басшысы, комиссия мүшесі.

Болатов Самат Шинабекұлы – «SAMBO» шаруа қожалығының басшысы, осы лотқа конкурстық өтінім беруіне байланысты өздігінен бас тарту (самоотвод).

Кворум сақталды. Комиссия отырысы заңды болып табылады.

Күн тәртібінде:

  1. 2026 жылғы 22 маусымдағы конкурстық өтінімдері бар конверттерді ашу хаттамасына сәйкес, конкурстық ұсыныста көрсетілген инвестициялардың болжамды көлемі бойынша, соның ішінде бизнес-жоспар бойынша балл беру арқылы өтінімдерді бағалау, салыстыру, сондай-ақ тұтастай алғанда ресімделуінің дұрыстығын тексеру, құжаттардағы барлық қолтаңбалардың болуын, есептеулерде қателіктердің жоқтығын, толықтығын, сәйкестігін зерделеу.
  2. Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығымен жер учаскелерін беру бойынша конкурс қорытындысын шығару және конкурс жеңімпаздарын анықтау.
  3. Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурс бойынша жер комиссиясының отырысын жер комиссиясының төрағасы Е.Т. Сабыров ашты.

Ол Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру бойынша конкурсты ұйымдастыру мен өткізу қағидаларының (бұдан әрі мәтін бойынша – «Қағидалар») 22-тармағына сәйкес жер комиссиясы өтінімдерді олардың сәйкестігі, толықтығы, есептеулерде қателіктердің болмауы, құжаттардағы барлық қолтаңбалардың болуы тұрғысынан зерделеуі, сондай-ақ жалпы ресімдеудің дұрыстығын тексеруі, конкурстық ұсыныста көрсетілген инвестициялардың болжамды көлемін қоса алғанда, бизнес-жоспар бойынша балл беру арқылы өтінімді бағалауы және салыстыруы қажет екенін хабарлады.

Комиссия хатшысы А.Ә. Балташева Біржан сал ауданының әкімдігіне келіп түскен келесі конкурстық өтінімдер жер комиссиясының қарауына шығарылатынын хабарлады:

№ 18 лотқа – Бирсуат ауылдық округінің әкімшілік шекарасында орналасқан, 10 жыл мерзімге жалға берілетін, жалпы ауданы 149,0 га ауыл шаруашылығы жерлері, оның ішінде егістік – 149,0 га жер учаскесі.

№ 18 Лот бойынша қатысушылар

1

«Ахметкалиев» ШҚ, Ахметкалиев Амангельды Сайлаубаевич

2

«Сейтказин» ЖК, Сейтказин Дархан Нурлыбекович

3

Сарсекеев Загидолла Осербаевич

4

«Big Farm» ШҚ, Кульмагамбетов А.М.

5

Хойчбай Ермурат

6

Айтбатыров Жаныбек Жакиевич

«Сейтказин» ЖК (Сейтказин Дархан Нурлыбекович) өтінімі қабылданбады. Себебі: конкурстық ұсыныстың беттері жай қарындашпен нөмірленген. Қағидалардың 13-тармағына сәйкес, конкурстық ұсынысты конкурстың қатысушысы заңды тұлғалар үшін биріктіріліп, беттері нөмірленіп, соңғы беті қатысушының (немесе сенімді тұлғаның) қолымен және бірінші басшының (немесе сенімді тұлғаның) қолымен әрі мөрмен (ол болған кезде) куәландырылған жабық конвертте сиямен басып немесе жазып ұсынады («электрондық үкімет» веб-порталы арқылы берілген жағдайларды қоспағанда).

  1. Жер комиссиясының Қағидаларда және ҚР Жер кодексінің 43-1-бабында белгіленген жер учаскесін пайдаланудың мәлімделген критерийлері бойынша қатысушыларды балдық бағалау тәртібіне сәйкес бизнес-жоспарды әрі қарай қарауы үшін конкурс қатысушыларының келесі өтінімдері шығарылады:

Қағидалардың 23-тармағына сәйкес, осы Қағидалардың 12-тармағында көрсетілген конкурстық ұсыныстар бойынша балдар мынадай міндеттемелер критерийлері бойынша беріледі:

1) жер учаскесін жалға алудың алғашқы бес жылында 1 гектарға салынатын инвестициялардың болжамды көлемі, мың теңге:
   • суарылмайтын егістікке:
     - 50-ге дейін – 1 балл;
     - 50-ден 70-ке дейін – 2 балл;
     - 70-тен 90-ға дейін – 3 балл;
     - 90-нан 110-ға дейін – 4 балл;
     - 110-нан жоғары – 5 балл;

2) технологиологиялық жабдықтардың болуы:
   • 1 бірлік – 1 балл;
   • 2 және одан да көп бірлік – 3 балл;

5) ауыл шаруашылығы саласында білікті мамандардың болуы:
   • 5-тен аз білікті маман – 5 балл;
   • 5 және одан да көп білікті маман – 10 балл.

Конкурс қатысушыларына берілген балдар кестесі:

№ р/с

№ 18 Лот – Қатысушылар

Берілген балдар

1

«Ахметкалиев» ШҚ, Ахметкалиев Амангельды Сайлаубаевич

38 б.

2

«Сейтказин» ЖК, Сейтказин Дархан Нурлыбекович

қабылданбады

3

Сарсекеев Загидолла Осербаевич

31 б.

4

«Big Farm» ШҚ, Кульмагамбетов А.М.

25 б.

5

Хойчбай Ермурат

30 б.

6

Айтбатыров Жаныбек Жакиевич

20 б.

Жер комиссиясы қатысушылардың инвестицияларға жұмсаған шығындарын ескеру қажет деп шешті. Осылайша, № 18 лот бойынша конкурс қатысушыларының конкурстық ұсыныстарын қарау, салыстыру нәтижелері бойынша жер комиссиясы келіп түскен конкурстық ұсыныстарға міндеттемелер критерийлерін ескере отырып, балдар беру арқылы дауыс берді.

Конкурстық ұсыныстарды қарау, бағалау және салыстыру қорытындысы бойынша, жер учаскесін пайдаланудың мәлімделген критерийлері бойынша қатысушылардың бизнес-жоспарын балдық бағалау тәртібіне сәйкес «Ахметкалиев» ШҚ (Ахметкалиев Амангельды Сайлаубаевич) ең жоғары балл жинады.

№ 18 лотқа – Бирсуат ауылдық округінің әкімшілік шекарасында орналасқан, 10 жыл мерзімге жалға берілетін, жалпы ауданы 149,0 га ауыл шаруашылығы жерлері, оның ішінде егістік – 149,0 га жер учаскесі бойынша: ең жоғары балл (38 балл) жинаған «Ахметкалиев» ШҚ (Ахметкалиев Амангельды Сайлаубаевич) жеңімпаз деп танылсын.

Дата публикации
22 июня 2026