Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі №17 лот бойынша конкурстың қорытындылары туралы жер комиссиясының
№ 17 ХАТТАМАСЫ
Степняк қ. 2026 жылғы 22 маусым
Конкурсты өткізу орны: Степняк қ., Біржан сал көшесі, 23, 2-қабат, Біржан сал ауданы әкімдігі аудан әкімі орынбасарының кабинеті.
Жер комиссиясының құрамы:
Сабыров Ерсайын Тендікұлы – Біржан сал ауданы әкімінің орынбасары, комиссия төрағасы.
Балташева Анар Әлібекқызы – Біржан сал ауданының «Жер қатынастары бөлімі» ММ бас маманы, комиссия хатшысы.
Комиссия мүшелері:
Мамиков Бектас Өренханұлы – Біржан сал ауданының «Жер қатынастары бөлімі» ММ басшысы.
Шаймерденов Кәрібай Даулетханұлы – Біржан сал ауданының «Ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ басшысы.
Сәрсембаев Дәулет Әлібекұлы – Біржан сал ауданының «Курылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ басшысы.
Еркебаев Оразалы Махамадиұлы – Ақмола облысы Кәсіпкерлер палатасы Буланды аудандық филиалының директоры (келісім бойынша).
Магерко Игорь Ефимович – Біржан сал аудандық мәслихатының депутаты (келісім бойынша).
Әльжанов Арман Жасырбайұлы – Степняк қаласы жергілікті қоғамдастығының мүшесі (келісім бойынша).
Кенжебаева Ақмарал Нұрқанқызы – Біржан сал ауданы қоғамдық кеңесінің төрағасы (келісім бойынша).
Болатов Самат Шинабекұлы – «SAMBO» шаруа қожалығының басшысы (келісім бойынша).
Мұрсалимов Сайран Тапешұлы – Бирсуат ауылдық округінің әкімі.
Төлеуов Амантай Бопанұлы – жергілікті қоғамдастық жиналысымен делегатталған Бирсуат ауылдық округі жергілікті қоғамдастығының мүшесі.
Қатыспаған комиссия мүшелері:
Сәрсембаев Дәулет Әлібекұлы – Біржан сал ауданының «Кұрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ басшысы, комиссия мүшесі.
Кворум сақталды. Комиссия отырысы заңды деп танылады.
Күн тәртібінде:
Комиссия хатшысы А.Ә. Балташева Біржан сал ауданының әкімдігіне түскен келесі конкурстық өтінімдер жер комиссиясының қарауына шығарылатынын хабарлады:
№ 17 лотқа – Бирсуат ауылдық округінің әкімшілік шекарасында орналасқан, 10 жыл мерзімге жалға берілетін, жалпы ауданы 119,0 га ауыл шаруашылығы алқаптары, соның ішінде егістік – 119,0 га жер учаскесі.
|
№ |
№ 17 лот |
|
1 |
«Zoo Vet» ЖК, Сыздыков Валихан Тимурович |
|
2 |
«Сейтказин» ЖК, Сейтказин Дархан Нурлыбекович |
|
3 |
«Big Farm» ШҚ, Кульмагамбетов А.М. |
|
4 |
«Сабитов» ЖК, Сабитов Жанат Боранбаевич |
|
5 |
Хочбай Ермурат |
|
6 |
Сарсекеев Загидолла Осербаевич |
Қатысушылардың барлық конкурстық өтінімдері бойынша жер комиссиясы қатысушылардың қоса берілген құжаттары бар өтінімдерінің Қағидаларға және ҚР Жер кодексінің 43-1-бабына сәйкестігі туралы қорытынды шығарады.
Қағидалардың 23-тармағына сәйкес, осы Қағидалардың 12-тармағында көрсетілген конкурстық ұсыныстар бойынша балдар келесі міндеттемелер критерийлері бойынша беріледі:
1) жер учаскесін жалға алудың алғашқы бес жылында 1 гектарға салынатын инвестициялардың болжамды көлемі, мың теңге:
суарылмайтын егістікке:
50-ге дейін – 1 балл;
50-ден 70-ке дейін – 2 балл;
70-тен 90-ға дейін – 3 балл;
90-нан 110-ға дейін – 4 балл;
110-нан жоғары – 5 балл;
суармалы егістікке (суарылатын жерлер):
200-ге дейін – 1 балл;
200-ден 300-ге дейін – 2 балл;
300-ден 400-ге дейін – 3 балл;
400-ден 500-ге дейін – 4 балл;
500-ден жоғары – 5 балл;
жайылымдық және шабындық алқаптарға:
5-ке дейін – 1 балл;
5-тен 10-ға дейін – 2 балл;
10-нан 20-ға дейін – 3 балл;
20-дан 30-ға дейін – 4 балл;
30-дан жоғары – 5 балл;
2) жайылымдық алқаптарға – ауыл шаруашылығы жануарлары басының болуы:
Ірі қара мал, жылқы, түйе 50 бастан кем – 5 балл;
Ірі қара мал, жылқы, түйе 50 және одан да көп бас – 10 балл;
ұсақ мал 300 бастан кем – 5 балл;
ұсақ мал 300 және одан да көп бас – 10 балл;
3) меншігінде ауыл шаруашылығы техникасының болуы:
5 бірліктен кем – 5 балл;
5 және одан да көп бірлік – 10 балл;
4) технологиялық жабдықтардың болуы:
1 бірлік – 1 балл;
2 және одан да көп бірлік – 3 балл;
5) ауыл шаруашылығы саласында білікті мамандардың болуы:
5 білікті маманнан кем – 5 балл;
5 және одан да көп білікті маман – 10 балл.
|
Т/н № |
№ 17 лот |
Берілген балдар |
|
1 |
«Zoo Vet» ЖК, Сыздыков Валихан Тимурович |
10 б.+ 1 б.=11 б. |
|
2 |
«Сейтказин» ЖК, Сейтказин Дархан Нурлыбекович |
10 б.+ 5 б.+3 б.+5б.=23 б. |
|
3 |
«Big Farm» ШҚ, Кульмагамбетов А.М. |
10б.+5б.+5б.+5б.=25 б. |
|
4 |
«Сабитов» ЖК, Сабитов Жанат Боранбаевич |
10б.+5б.+5б.=20 б. |
|
5 |
Хочбай Ермурат |
10б.+5б.+5б.+10б.=30 б. |
|
6 |
Сарсекеев Загидолла Осербаевич |
10б.+5б.+10б.+1б.+5б.=31 б. |
Жер комиссиясы қатысушылардың инвестицияға жұмсаған шығындарын ескеру қажет деп шешті, осылайша № 17 лот бойынша конкурс қатысушыларының конкурстық ұсыныстарын қарау, салыстыру қорытындысы бойынша жер комиссиясы түскен конкурстық ұсыныстар бойынша міндеттемелер критерийлерін ескере отырып, балдар беру арқылы келесідей дауыс берді:
Конкурстық ұсыныстарды қарау, бағалау және салыстыру қорытындысы бойынша, жер учаскесін пайдаланудың мәлімделген критерийлері бойынша қатысушылардың бизнес-жоспарын балдық бағалау тәртібіне сәйкес Загидолла Осербаевич Сарсекеев ең жоғары балл жинады.
№ 17 лотқа – Бирсуат ауылдық округінің әкімшілік шекарасында орналасқан, 10 жыл мерзімге жалға берілетін, жалпы ауданы 119,0 га ауыл шаруашылығы алқаптары, соның ішінде егістік – 119,0 га жер учаскесі бойынша: ең жоғары балл (31 балл) жинаған Загидолла Осербаевич Сарсекеев жеңімпаз деп танылады.