Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі №16 лот бойынша конкурстың қорытындылары туралы жер комиссиясының
№ 16 ХАТТАМАСЫ
Степняк қ. 2026 жылғы 22 маусым
Конкурсты өткізу орны: Степняк қ., Біржан сал көшесі, 23, 2-қабат, Біржан сал ауданы әкімдігі аудан әкімі орынбасарының кабинеті.
Жер комиссиясының құрамы:
Сабыров Ерсайын Тендікұлы – Біржан сал ауданы әкімінің орынбасары, комиссия төрағасы.
Балташева Анар Әлібекқызы – Біржан сал ауданының «Жер қатынастары бөлімі» ММ бас маманы, комиссия хатшысы.
Комиссия мүшелері:
Мамиков Бектас Өренханұлы – Біржан сал ауданының «Жер қатынастары бөлімі» ММ басшысы.
Шаймерденов Кәрібай Даулетханұлы – Біржан сал ауданының «Ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ басшысы.
Сәрсембаев Дәулет Әлібекұлы – Біржан сал ауданының «Курылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ басшысы.
Еркебаев Оразалы Махамадиұлы – Ақмола облысы Кәсіпкерлер палатасы Буланды аудандық филиалының директоры (келісім бойынша).
Магерко Игорь Ефимович – Біржан сал аудандық мәслихатының депутаты (келісім бойынша).
Әльжанов Арман Жасырбайұлы – Степняк қаласы жергілікті қоғамдастығының мүшесі (келісім бойынша).
Кенжебаева Ақмарал Нұрқанқызы – Біржан сал ауданы қоғамдық кеңесінің төрағасы (келісім бойынша).
Болатов Самат Шинабекұлы – «SAMBO» шаруа қожалығының басшысы (келісім бойынша).
Мұрсалимов Сайран Тапешұлы – Бирсуат ауылдық округінің әкімі.
Төлеуов Амантай Бопанұлы – жергілікті қоғамдастық жиналысымен делегатталған Бирсуат ауылдық округі жергілікті қоғамдастығының мүшесі.
Қатыспаған комиссия мүшелері:
Сәрсембаев Дәулет Әлібекұлы – Біржан сал ауданының «Кұрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ басшысы, комиссия мүшесі.
Болатов Самат Шинабекұлы – «SAMBO» шаруа қожалығының басшысы, осы лотқа конкурстық өтінім беруіне байланысты өздігінен бас тарту (самоотвод)..
Магерко Игорь Ефимович – Біржан сал аудандық мәслихатының депутаты, өзі қатысушы болып табылатын заңды тұлғадан осы лотқа конкурстық өтінім беруіне байланысты өзін-өзі шеттетті.
Кворум сақталды. Комиссия отырысы заңды болып табылады.
Күн тәртібінде:
Комиссия хатшысы А.Ә. Балташева Біржан сал ауданы әкімдігіне келіп түскен келесі конкурстық өтінімдер жер комиссиясының қарауына шығарылатынын хабарлады:
№ 16 лотқа – 10 жыл мерзімге жалға берілетін, Бирсуат ауылдық округінің әкімшілік шекарасында орналасқан, жалпы ауданы 277,0 га ауыл шаруашылығы жерлері, оның ішінде егістік – 277,0 га жер учаскесі.
|
№ |
№ 16 лот |
|
1 |
Каирдосова Сарвиназ Зафаровна |
|
2 |
«Ахметкалиев» ШҚ Ахметкалиев Амангелды Сайлаубаевич |
|
3 |
«SAMBO» ШҚ Болатов Самат Шинабекович |
|
4 |
«Сейтказин» ЖК Сейтказин Дархан Нурлыбекович |
|
5 |
«Калюня» ШҚ Довгаль Наталья Николаевна |
|
6 |
«TASSU AGRO» ЖШС |
|
7 |
«Big Farm» ШҚ Кульмагамбетов А.М. |
|
8 |
«Нұрислам» ШҚ Казкенов Куаныш Сагинбаевич |
«SAMBO» ШҚ Болатов Самат Шинабековичтің өтінімі Қағидалар талаптарына және ҚР Жер кодексінің 43-1-бабына сәйкес келмейді, конкурстық ұсыныс нөмірленбеген. Қатысушылардың қалған конкурстық өтінімдері бойынша жер комиссиясы қатысушылардың қоса берілген құжаттары бар өтінімдерінің Қағидаларға және ҚР Жер кодексінің 43-1-бабына сәйкестігі туралы қорытынды шығарады.
|
№ |
№ 16 лот |
|
1 |
Каирдосова Сарвиназ Зафаровна |
|
2 |
«Ахметкалиев» ШҚ Ахметкалиев Амангелды Сайлаубаевич |
|
3 |
«Сейтказин» ЖК Сейтказин Дархан Нурлыбекович |
|
4 |
«Калюня» ШҚ Довгаль Наталья Николаевна |
|
5 |
«TASSU AGRO» ЖШС |
|
6 |
«Big Farm» ШҚ Кульмагамбетов А.М. |
|
7 |
«Нұрислам» ШҚ Казкенов Куаныш Сагинбаевич |
Қағидалардың 23-тармағына сәйкес, осы Қағидалардың 12-тармағында көрсетілген конкурстық ұсыныстар бойынша балдар келесі міндеттемелер критерийлері бойынша беріледі:
1) жер учаскесін жалға алудың алғашқы бес жылында 1 гектарға салынатын инвестициялардың болжамды көлемі, мың теңге:
суармайтын егістікке:
50-ге дейін – 1 балл;
50-ден 70-ке дейін – 2 балл;
70-тен 90-ға дейін – 3 балл;
90-нан 110-ға дейін – 4 балл;
110-нан жоғары – 5 балл;
суармалы егістікке (суармалы жерлер):
200-ге дейін – 1 балл;
200-ден 300-ге дейін – 2 балл;
300-ден 400-ге дейін – 3 балл;
400-ден 500-ге дейін – 4 балл;
500-ден жоғары – 5 балл;
жайылымдық және шабындық алқаптарға:
5-ке дейін – 1 балл;
5-тен 10-ға дейін – 2 балл;
10-нан 20-ға дейін – 3 балл;
20-дан 30-ға дейін – 4 балл;
30-дан жоғары – 5 балл;
2) жайылымдық алқаптарға – ауыл шаруашылығы жануарлары басының болуы:
50 бастан кем ірі қара мал, жылқы, түйе – 5 балл;
50 және одан да көп ірі қара мал, жылқы, түйе – 10 балл;
300 бастан кем ұсақ мал – 5 балл;
300 және одан да көп ұсақ мал – 10 балл;
3) меншікте ауыл шаруашылығы техникасының болуы:
5 бірліктен кем – 5 балл;
5 және одан да көп бірлік – 10 балл;
4) технологиялық жабдықтардың болуы:
1 бірлік – 1 балл;
2 және одан да көп бірлік – 3 балл;
5) ауыл шаруашылығы саласында білікті мамандардың болуы:
5 білікті маманнан кем – 5 балл;
5 және одан да көп білікті маман – 10 балл.
|
т/н |
№ 16 лот |
Берілген балдар |
|
1 |
Каирдосова Сарвиназ Зафаровна |
10 б. + 5 б. + 5 б. = 20 б. |
|
2 |
«Ахметкалиев» ШҚ Ахметкалиев Амангелды Сайлаубаевич |
10 б. + 5 б. + 10 б. + 3 б. + 10 б. = 38 б. |
|
3 |
«Сейтказин» ЖК Сейтказин Дархан Нурлыбекович |
10 б. + 5 б. + 3 б. + 5 б. = 23 б. |
|
4 |
«Калюня» ШҚ Довгаль Наталья Николаевна |
10 б. + 5 б. + 5 б. + 3 б. = 23 б. |
|
5 |
«TASSU AGRO» ЖШС |
5 б. + 5 б. + 3 б. + 5 б. = 18 б. |
|
6 |
«Big Farm» ШҚ Кульмагамбетов А.М. |
10 б. + 5 б. + 5 б. + 5 б. = 25 б. |
|
7 |
«Нұрислам» ШҚ Казкенов Куаныш Сагинбаевич |
10 б. + 5 б. + 5 б. = 20 б. |
Жер комиссиясы қатысушылардың инвестицияларға жұмсаған шығындарын ескеру қажет деп шешті, осылайша № 16 лот бойынша конкурс қатысушыларының конкурстық ұсыныстарын қарау, салыстыру нәтижелері бойынша жер комиссиясы түскен конкурстық ұсыныстар бойынша міндеттемелер критерийлерін ескере отырып, балдар беру арқылы келесідей дауыс берді:
Конкурстық ұсыныстарды қарау, бағалау және салыстыру нәтижелері бойынша жер қатынастарын пайдаланудың мәлімделген критерийлері бойынша қатысушылардың бизнес-жоспарын балдық бағалау тәртібіне сәйкес «Ахметкалиев» ШҚ Ахметкалиев Амангелды Сайлаубаевич ең жоғары балл жинады.
№ 16 лотқа – 10 жыл мерзімге жалға берілетін, Бирсуат ауылдық округінің әкімшілік шекарасында орналасқан, жалпы ауданы 277,0 га ауыл шаруашылығы жерлері, оның ішінде егістік – 277,0 га жер учаскесі бойынша: ең жоғары балл (38 балл) жинаған «Ахметкалиев» ШҚ Ахметкалиев Амангелды Сайлаубаевич жеңімпаз болып танылсын.