Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі №14 лот бойынша конкурстың қорытындылары туралы жер комиссиясының № 14 ХАТТАМАСЫ

Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі №14 лот бойынша конкурстың қорытындылары туралы жер комиссиясының

№ 14 ХАТТАМАСЫ

 

Степняк қ.                                                                           2026 жылғы 22 маусым

 

Конкурсты өткізу орны: Степняк қ., Біржан сал көшесі, 23, 2-қабат, Біржан сал ауданы әкімдігі аудан әкімі орынбасарының кабинеті.

Жер комиссиясының құрамы:

Сабыров Ерсайын Тендікұлы – Біржан сал ауданы әкімінің орынбасары, комиссия төрағасы.

Балташева Анар Әлібекқызы – Біржан сал ауданының «Жер қатынастары бөлімі» ММ бас маманы, комиссия хатшысы.

Комиссия мүшелері:

Мамиков Бектас Өренханұлы – Біржан сал ауданының «Жер қатынастары бөлімі» ММ басшысы.

Шаймерденов Кәрібай Даулетханұлы – Біржан сал ауданының «Ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ басшысы.

Сәрсембаев Дәулет Әлібекұлы – Біржан сал ауданының «Курылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ басшысы.

Еркебаев Оразалы Махамадиұлы – Ақмола облысы Кәсіпкерлер палатасы Буланды аудандық филиалының директоры (келісім бойынша).

Магерко Игорь Ефимович – Біржан сал аудандық мәслихатының депутаты (келісім бойынша).

Әльжанов Арман Жасырбайұлы – Степняк қаласы жергілікті қоғамдастығының мүшесі (келісім бойынша).

Кенжебаева Ақмарал Нұрқанқызы – Біржан сал ауданы қоғамдық кеңесінің төрағасы (келісім бойынша).

Болатов Самат Шинабекұлы – «SAMBO» шаруа қожалығының басшысы (келісім бойынша).

Жомартов Өміртай Үсербайұлы – Макинск ауылдық округінің әкімі.

Қожахмет Амангелді Қосманұлы – Макинск ауылдық округі жергілікті қоғамдастығының жиналысымен уәкілеттік берілген жергілікті қоғамдастық мүшесі.

Комиссия мүшелерінің қатыспағандары:

Сәрсембаев Дәулет Әлібекұлы – Біржан сал ауданы «Сәулет, құрылыс және қала құрылысы бөлімі» ММ басшысы, комиссия мүшесі.

Кворум сақталған. Комиссия отырысы заңды деп танылады.

Күн тәртібінде:

  1. Өтінімдерді тіркелген құжаттарымен бірге олардың сәйкестігі, толықтығы, есептеулерде қателердің болуы, құжаттардағы барлық қолтаңбалардың болуы, сондай-ақ тұтастай алғанда ресімделуінің дұрыстығы мәніне зерделеу, бизнес-жоспар бойынша, соның ішінде 2026 жылғы 22 маусымдағы конкурстық өтінімдері бар конверттерді ашу хаттамасына сәйкес конкурстық ұсыныста көрсетілген инвестициялардың болжамды көлемі бойынша балл беру арқылы өтінімді бағалау, салыстыру.
  2. Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығында жер учаскелерін ұсыну жөніндегі конкурстың қорытындысын шығару және конкурс жеңімпаздарын анықтау.

I.

Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурс бойынша жер комиссиясының отырысын жер комиссиясының төрағасы Е.Т. Сабыров ашып, Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсты ұйымдастыру және өткізу қағидаларының (бұдан әрі мәтін бойынша – «Қағидалар») 22-тармағына сәйкес жер комиссиясы өтінімдерді олардың сәйкестігі, толықтығы, есептеулерде қателердің болуы, құжаттардағы барлық қолтаңбалардың болуы, сондай-ақ тұтастай алғанда ресімделуінің дұрыстығы мәніне зерделеуі, бизнес-жоспар бойынша, соның ішінде конкурстық ұсыныста көрсетілген инвестициялардың болжамды көлемі бойынша балл беру арқылы өтінімді бағалауы, салыстыруы қажет екенін хабарлады.

Комиссия хатшысы А.Ә. Балташева Біржан сал ауданы әкімдігіне келіп түскен келесі конкурстық өтінімдер жер комиссиясының қарауына шығарылатынын хабарлады:

№ 14 лотқа – Макинск ауылдық округінің әкімшілік шекараларында орналасқан, 10 жыл мерзімге жалға берілетін, ауыл шаруашылығы алқаптарының жалпы ауданы – 25,6 га, оның ішінде егістік – 25,6 га жер учаскесі.

№ 14 лот

1

«Калюня» ШҚ Довгаль Наталья Николаевна

2

«Амандық» ШҚ Сеитов Акылбек Ризабекович

3

«Рауан» ШҚ Муканов Мурат Жанапиевич

Қатысушылардың барлық конкурстық өтінімдері бойынша жер комиссиясы конкурсқа қатысушылардың тіркелген құжаттары бар өтінімдерінің Қағидаларға және ҚР Жер кодексінің 43-1-бабына сәйкестігі туралы қорытынды шығарады.

II.

Жер комиссиясының Қағидаларда және ҚР Жер кодексінің 43-1-бабында белгіленген жер учаскесін пайдаланудың мәлімделген критерийлері бойынша қатысушыларды балдық бағалау тәртібіне сәйкес бизнес-жоспарды әрі қарай қарауы үшін конкурсқа қатысушылардың келесі өтінімдері шығарылады:

№ 14 лот

1

«Калюня» ШҚ Довгаль Наталья Николаевна

2

«Амандық» ШҚ Сеитов Акылбек Ризабекович

3

«Рауан» ШҚ Муканов Мурат Жанапиевич

Қағидалардың 23-тармағына сәйкес, осы Қағидалардың 12-тармағында көрсетілген конкурстық ұсыныстар бойынша балдар келесі міндеттемелер критерийлері бойынша беріледі:

1) жер учаскесін жалға алудың алғашқы бес жылында 1 гектарға салынатын инвестициялардың болжамды көлемі, мың теңге:

суармалы емес егістікке:

50-ге дейін – 1 балл;

50-ден 70-ке дейін – 2 балл;

70-тен 90-ға дейін – 3 балл;

90-нан 110-ға дейін – 4 балл;

110-нан жоғары – 5 балл;

суармалы егістікке (суармалы жерлер):

200-ге дейін – 1 балл;

200-ден 300-ге дейін – 2 балл;

300-ден 400-ге дейін – 3 балл;

400-ден 500-ге дейін – 4 балл;

500-ден жоғары – 5 балл;

жайылымдық және шабындық алқаптарға:

5-ке дейін – 1 балл;

5-тен 10-ға дейін – 2 балл;

10-нан 20-ға дейін – 3 балл;

20-дан 30-ға дейін – 4 балл;

30-дан жоғары – 5 балл;

2) жайылымдық алқаптарға – ауыл шаруашылығы жануарлары басының болуы:

50 бастан кем ірі қара мал, жылқы, түйе – 5 балл;

50 және одан да көп ірі қара мал, жылқы, түйе – 10 балл;

300 бастан кем ұсақ мал – 5 балл;

300 және одан да көп ұсақ мал – 10 балл;

3) меншігінде ауыл шаруашылығы техникасының болуы:

5 бірліктен кем – 5 балл;

5 және одан да көп бірлік – 10 балл;

4) технологиялық жабдықтардың болуы:

1 бірлік – 1 балл;

2 және одан да көп бірлік – 3 балл;

5) ауыл шаруашылығы саласында білікті мамандардың болуы:

5 білікті маманнан кем – 5 балл;

5 және одан да көп білікті маман – 10 балл.

№ р/с

№ 14 лот

Берілген балдар

1

«Калюня» ШҚ Довгаль Наталья Николаевна

10 б.+ 5 б.+5 б.+3 б.+5 б.=28 б.

2

«Амандық» ШҚ Сеитов Акылбек Ризабекович

10 б.+ 5 б.+5 б.+3 б.+5 б.=28 б.

3

«Рауан» ШҚ Муканов Мурат Жанапиевич

10 б.+ 5 б.+5 б.+3 б.=23 б.

Конкурстық ұсыныстарды қарау, бағалау және салыстыру қорытындысы бойынша, жер учаскесін пайдаланудың мәлімделген критерийлері бойынша қатысушылардың бизнес-жоспарын балдық бағалау тәртібіне сәйкес «Калюня» ШҚ Довгаль Наталья Николаевна және «Амандық» ШҚ Сеитов Акылбек Ризабекович бірдей балл санын жинады (28 балл).

Ұсынылатын инвестициялар көлемі бойынша екі немесе одан да көп конкурстық ұсыныстардың балдары тең болған кезде конкурс жеңімпазы ашық дауыс беру арқылы анықталады.

Комиссия дауыс беруге қатысқан комиссия мүшелерінің жалпы санының көпшілік дауысымен дауыс беріп, конкурстың жеңімпазы деп таныды: № 14 лотқа – Макинск ауылдық округінің әкімшілік шекараларында орналасқан, 10 жыл мерзімге жалға берілетін, ауыл шаруашылығы алқаптарының жалпы ауданы – 25,6 га, оның ішінде егістік – 25,6 га жер учаскесі бойынша: балдар тең болған кезде комиссия мүшелерінің көпшілік дауысын жинаған «Амандық» ШҚ Сеитов Акылбек Ризабекович.

Дауыс беру кезінде:

«Амандық» ШҚ Сеитов Акылбек Ризабекович үшін «7» дауыс

«Калюня» ШҚ Довгаль Наталья Николаевна үшін «2» дауыс

Дата публикации
22 июня 2026