Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі №13 лот бойынша конкурстың қорытындылары туралы жер комиссиясының № 13 ХАТТАМАСЫ

Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі №13 лот бойынша конкурстың қорытындылары туралы жер комиссиясының

№ 13 ХАТТАМАСЫ

 

Степняк қ.

2026 жылғы 22 маусым

Конкурсты өткізу орны: Степняк қ., Біржан сал к-сі, 23, 2-қабат, Біржан сал ауданы әкімдігі аудан әкімі орынбасарының кабинеті.

Жер комиссиясының құрамы:

Сабыров Ерсайын Тендікұлы – Біржан сал ауданы әкімінің орынбасары, комиссия төрағасы.

Балташева Анар Әлібекқызы – Біржан сал ауданының «Жер қатынастары бөлімі» ММ бас маманы, комиссия хатшысы.

Комиссия мүшелері:

Мамиков Бектас Өренханұлы – Біржан сал ауданының «Жер қатынастары бөлімі» ММ басшысы.

Шаймерденов Кәрібай Даулетханұлы – Біржан сал ауданының «Ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ басшысы.

Сәрсембаев Дәулет Әлібекұлы – Біржан сал ауданының «Курылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ басшысы.

Еркебаев Оразалы Махамадиұлы – Ақмола облысы Кәсіпкерлер палатасы Буланды аудандық филиалының директоры (келісім бойынша).

Магерко Игорь Ефимович – Біржан сал аудандық мәслихатының депутаты (келісім бойынша).

Әльжанов Арман Жасырбайұлы – Степняк қаласы жергілікті қоғамдастығының мүшесі (келісім бойынша).

Кенжебаева Ақмарал Нұрқанқызы – Біржан сал ауданы қоғамдық кеңесінің төрағасы (келісім бойынша).

Болатов Самат Шинабекұлы – «SAMBO» шаруа қожалығының басшысы (келісім бойынша).

Жомартов Өміртай Үсербайұлы – Макинск ауылдық округінің әкімі.

Қожахмет Амангелді Қосманұлы – Макинск ауылдық округі жергілікті қоғамдастығының жиналысымен уәкілеттік берілген жергілікті қоғамдастық мүшесі.

Комиссия мүшелерінің қатыспағандары:

Сәрсембаев Дәулет Әлібекұлы – Біржан сал ауданы «Сәулет, құрылыс және қала құрылысы бөлімі» ММ басшысы, комиссия мүшесі.

Кворум сақталды. Комиссия отырысы заңды деп танылады.

Күн тәртібінде:

  1. 2026 жылғы 22 маусымдағы конкурстық өтінімдері бар конверттерді ашу хаттамасына сәйкес конкурстық ұсыныста көрсетілген бизнес-жоспар бойынша, соның ішінде инвестициялардың болжамды көлемі бойынша балл беру жолымен өтінімдерді олардың сәйкестігі, толықтығы, есептеулерде қателердің болуы, құжаттардағы барлық қолтаңбалардың болуы тұрғысынан зерделеу, сондай-ақ тұтастай алғанда ресімделуінің дұрыстығын тексеру, өтінімді бағалау және салыстыру.
  2. Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығымен жер учаскелерін беру бойынша конкурс қорытындысын шығару және конкурс жеңімпаздарын анықтау.

I.

Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру бойынша конкурстық жер комиссиясының отырысын жер комиссиясының төрағасы Е.Т. Сабыров ашты және Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру бойынша конкурсты ұйымдастыру және өткізу қағидаларының (бұдан әрі мәтін бойынша – «Қағидалар») 22-тармағына сәйкес жер комиссиясы өтінімдерді олардың сәйкестігі, толықтығы, есептеулерде қателердің болуы, құжаттардағы барлық қолтаңбалардың болуы тұрғысынан зерделеуі, сондай-ақ тұтастай алғанда ресімделуінің дұрыстығын тексеруі, конкурстық ұсыныста көрсетілген бизнес-жоспар бойынша, соның ішінде инвестициялардың болжамды көлемі бойынша балл беру арқылы өтінімді бағалауы және салыстыруы қажет екенін хабарлады.

Комиссия хатшысы А.Ә. Балташева Біржан сал ауданының әкімдігіне түскен келесі конкурстық өтінімдер жер комиссиясының қарауына шығарылатынын хабарлады:

№ 13 лотқа – Макинск ауылдық округінің әкімшілік шекараларында орналасқан, 10 жыл мерзімге жалға берілетін, жалпы ауданы 60,2 га ауыл шаруашылығы жерлері, соның ішінде егістік – 28,2 га, жайылым – 32,0 га жер учаскесі.

№ 13 лот

Қатысушының атауы / А.Ә.Т.

1

«Садуова Ж.Ж.» ШҚ, Садуова Жанар Жусупбековна

2

«Калюня» ШҚ, Довгаль Наталья Николаевна

Қатысушылардың барлық конкурстық өтінімдері бойынша жер комиссиясы конкурсқа қатысушылардың қоса берілген құжаттары бар өтінімдерінің Қағидаларға және ҚР Жер кодексінің 43-1-бабына сәйкестігі туралы қорытынды шығарады.

II.

ҚР Жер кодексінің 43-1-бабында және Қағидаларда белгіленген жер учаскесін пайдаланудың мәлімделген критерийлері бойынша қатысушыларды балдық бағалау тәртібіне сәйкес жер комиссиясының бизнес-жоспарды әрі қарай қарауы үшін конкурсқа қатысушылардың келесі өтінімдері шығарылады:

№ 13 лот

Қатысушының атауы / А.Ә.Т.

1

«Садуова Ж.Ж.» ШҚ, Садуова Жанар Жусупбековна

2

«Калюня» ШҚ, Довгаль Наталья Николаевна

Қағидалардың 23-тармағына сәйкес, осы Қағидалардың 12-тармағында көрсетілген конкурстық ұсыныстар бойынша балдар міндеттемелердің келесі критерийлері бойынша беріледі:

1) жер учаскесін жалға алудың алғашқы бес жылында 1 гектарға салынатын инвестициялардың болжамды көлемі, мың теңге:

суармалы емес егістікке:

50-ге дейін – 1 балл;

50-ден 70-ке дейін – 2 балл;

70-тен 90-ға дейін – 3 балл;

90-нан 110-ға дейін – 4 балл;

110-нан жоғары – 5 балл;

суармалы егістікке (суармалы жерлер):

200-ге дейін – 1 балл;

200-ден 300-ге дейін – 2 балл;

300-ден 400-ге дейін – 3 балл;

400-ден 500-ге дейін – 4 балл;

500-ден жоғары – 5 балл;

жайылымдық және шабындық алқаптарға:

5-ке дейін – 1 балл;

5-тен 10-ға дейін – 2 балл;

10-нан 20-ға дейін – 3 балл;

20-дан 30-ға дейін – 4 балл;

30-дан жоғары – 5 балл;

2) жайылымдық алқаптарға – ауыл шаруашылығы жануарлары басының болуы:

ірі қара мал, жылқы, түйе 50 бастан кем – 5 балл;

ірі қара мал, жылқы, түйе 50 және одан да көп бас – 10 балл;

ұсақ мал 300 бастан кем – 5 балл;

ұсақ мал 300 және одан да көп бас – 10 балл;

3) меншікте ауыл шаруашылығы техникасының болуы:

5 бірліктен кем – 5 балл;

5 және одан да көп бірлік – 10 балл;

4) технологиялық жабдықтардың болуы:

1 бірлік – 1 балл;

2 және одан да көп бірлік – 3 балл;

5) ауыл шаруашылығы саласында білікті мамандардың болуы:

5 білікті маманнан кем – 5 балл;

5 және одан да көп білікті маман – 10 балл.

р/с №

№ 13 лот

Берілген балдар

1

«Садуова Ж.Ж.» ШҚ, Садуова Жанар Жусупбековна

10 б.+ 5 б.+10 б.+5 б.+10 б.+3 б.+10 б.=53 б.

2

«Калюня» ШҚ, Довгаль Наталья Николаевна

10 б.+10 б.+5 б.+5 б.+3 б.+5 б.=38 б.

Жер комиссиясы қатысушылардың инвестицияларға жұмсаған шығындарын ескеру қажет деп шешті, осылайша № 13 лот бойынша конкурсқа қатысушылардың конкурстық ұсыныстарын қарау, салыстыру қорытындысы бойынша жер комиссиясы міндеттемелер критерийлерін ескере отырып балл беру жолымен келіп түскен конкурстық ұсыныстар бойынша төмендегіше дауыс берді:

Конкурстық ұсыныстарды қарау, бағалау және салыстыру қорытындылары бойынша, жер учаскесін пайдаланудың мәлімделген критерийлері бойынша қатысушылардың бизнес-жоспарын балдық бағалау тәртібіне сәйкес «Садуова Ж.Ж.» ШҚ, Садуова Жанар Жусупбековна ең жоғары балл жинады.

№ 13 лотқа – Макинск ауылдық округінің әкімшілік шекараларында орналасқан, 10 жыл мерзімге жалға берілетін, жалпы ауданы 60,2 га ауыл шаруашылығы жерлері, соның ішінде егістік 28,2 га, жайылым – 32,0 га жер учаскесі бойынша: ең жоғары балл (53 балл) жинаған «Садуова Ж.Ж.» ШҚ, Садуова Жанар Жусупбековна жеңімпаз деп танылады.

Дата публикации
22 июня 2026