Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі №12 лот бойынша конкурстың қорытындылары туралы жер комиссиясының № 12 ХАТТАМАСЫ

  • Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі №12 лот бойынша конкурстың қорытындылары туралы жер комиссиясының

    № 12 ХАТТАМАСЫ

     

    Степняк қ.

    2026 жылғы 22 маусым

     

     

    Конкурсты өткізу орны: Степняк қ., Біржан сал көшесі, 23, 2-қабат, Біржан сал ауданы әкімдігі аудан әкімі орынбасарының кабинеті.

     

    Жер комиссиясының құрамы:

    Сабыров Ерсайын Тендікұлы – Біржан сал ауданы әкімінің орынбасары, комиссия төрағасы.

    Балташева Анар Әлібекқызы – Біржан сал ауданының «Жер қатынастары бөлімі» ММ бас маманы, комиссия хатшысы.

    Комиссия мүшелері:

    Мамиков Бектас Өренханұлы – Біржан сал ауданының «Жер қатынастары бөлімі» ММ басшысы.

    Шаймерденов Кәрібай Даулетханұлы – Біржан сал ауданының «Ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ басшысы.

    Сәрсембаев Дәулет Әлібекұлы – Біржан сал ауданының «Курылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ басшысы.

    Еркебаев Оразалы Махамадиұлы – Ақмола облысы Кәсіпкерлер палатасы Буланды аудандық филиалының директоры (келісім бойынша).

    Магерко Игорь Ефимович – Біржан сал аудандық мәслихатының депутаты (келісім бойынша).

    Әльжанов Арман Жасырбайұлы – Степняк қаласы жергілікті қоғамдастығының мүшесі (келісім бойынша).

    Кенжебаева Ақмарал Нұрқанқызы – Біржан сал ауданы қоғамдық кеңесінің төрағасы (келісім бойынша).

    Болатов Самат Шинабекұлы – «SAMBO» шаруа қожалығының басшысы (келісім бойынша).

    Абжанова Рысжан Жолдангарқызы – Үлгі ауылдық округінің әкімі.

    Омарова Ғалия Женисқызы - Үлгі ауылдық округі жергілікті қоғамдастығының жиналысымен уәкілеттік берілген жергілікті қоғамдастық мүшесі.

    Комиссия мүшелері қатысқан жоқ:

    Сәрсембаев Дәулет Әлібекұлы- Біржан сал ауданының «Құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ басшысы, комиссия мүшесі.
    Болатов Самат Шинабекұлы- «SAMBO» шаруа қожалығының басшысы, осы лотқа конкурстық өтінім беруіне байланысты өзін-өзі шеттетті.

    Кворум сақталды. Комиссия отырысы заңды деп танылады.

     

    Күн тәртібінде:

    1. 2026 жылғы 22 маусымдағы конкурстық өтінімдері бар конверттерді ашу хаттамасына сәйкес конкурстық ұсыныста көрсетілген инвестициялардың болжамды көлемі бойынша, соның ішінде бизнес-жоспар бойынша балл беру арқылы өтінімдерді олардың сәйкестігіне, толықтығына, есептеулерде қателіктердің болуына, құжаттардағы барлық қолтаңбаларға, сондай-ақ жалпы ресімделуінің дұрыстығын тексеруге, бағалауға, салыстыруға зерделеу.
    2. Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығында жер учаскелерін беру жөніндегі конкурстың қорытындысын шығару және конкурс жеңімпаздарын анықтау.
    3. Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурс бойынша жер комиссиясының отырысын жер комиссиясының төрағасы Е.Т. Сабыров ашып, Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсты ұйымдастыру және өткізу қағидаларының (бұдан әрі мәтін бойынша – «Қағидалар») 22-тармағына сәйкес жер комиссиясы өтінімдерді олардың сәйкестігі, толықтығы, есептеулерде қателердің болуы, құжаттардағы барлық қолтаңбалар турғысынан зерделеуі, сондай-ақ жалпы ресімдеудің дұрыстығын тексеруі, конкурстық ұсыныста көрсетілген инвестициялардың болжамды көлемі бойынша, соның ішінде бизнес-жоспар бойынша балл беру арқылы өтінімді бағалауы, салыстыруы қажет екенін хабарлады.

    Комиссия хатшысы А.Ә. Балташева Біржан сал ауданы әкімдігіне түскен келесі конкурстық өтінімдер жер комиссиясының қарауына шығарылатынын хабарлады:

    № 12 лотқа – Үлгі ауылдық округінің әкімшілік шекарасында орналасқан, 10 жыл мерзімге жалға берілетін, жалпы ауданы 40,2 га ауыл шаруашылығы жерлері, соның ішінде егістік – 18,7 га, жайылым – 21,5 га жер учаскесі.

    №

    Конкурс қатысушысы

    1

    «SAMBO» ШҚ, Болатов Самат Шинабекович

    2

    «Бастау» ШҚ, Габдулин Рахат Батырханович

    3

    «Алдияр» ШҚ, Лункина Елена Владимировна

    Қатысушылардың барлық конкурстық өтінімдері бойынша жер комиссиясы қатысушылардың қоса берілген құжаттары бар өтінімдерінің Қағидаларға және ҚР Жер кодексінің 43-1-бабына сәйкестігі туралы қорытынды шығарады.

    1. Жер комиссиясының біліктілік критерийлеріне, Қағидаларға және ҚР Жер кодексінің 43-1-бабына сәйкес белгіленген жер учаскесін пайдаланудың мәлімделген критерийлері бойынша қатысушыларды балдық бағалау тәртібіне сәйкес бизнес-жоспарды одан әрі қарауы үшін конкурс қатысушыларының келесі өтінімдері шығарылады:

    Осы Қағидалардың 12-тармағында көрсетілген конкурстық ұсыныстар бойынша балдар Қағидалардың 23-тармағына сәйкес міндеттемелердің келесі критерийлері бойынша беріледі:

    1) жер учаскесін жалға алудың алғашқы бес жылында 1 гектарға салынатын инвестициялардың болжамды көлемі, мың теңге:
       суармалы емес егістікке:
       50-ге дейін – 1 балл;
       50-ден 70-ге дейін – 2 балл;
       70-тен 90-ға дейін – 3 балл;
       90-нан 110-ға дейін – 4 балл;
       110-нан жоғары – 5 балл;
       суармалы егістікке (суармалы жерлер):
       200-ге дейін – 1 балл;
       200-ден 300-ге дейін – 2 балл;
       300-ден 400-ге дейін – 3 балл;
       400-ден 500-ге дейін – 4 балл;
       500-ден жоғары – 5 балл;
       жайылымдық және шабындық жерлерге:
       5-ке дейін – 1 балл;
       5-тен 10-ға дейін – 2 балл;
       10-нан 20-ға дейін – 3 балл;
       20-дан 30-ға дейін – 4 балл;
       30-дан жоғары – 5 балл;

    2) жайылымдық жерлерге – ауыл шаруашылығы жануарлары басының болуы:
       50 бастан кем ірі қара мал, жылқы, түйе – 5 балл;
       50 және одан да көп ірі қара мал, жылқы, түйе – 10 балл;
       300 бастан кем ұсақ мал – 5 балл;
       300 және одан да көп ұсақ мал – 10 балл;

    3) меншігінде ауыл шаруашылығы техникасының болуы:
       5 бірліктен кем – 5 балл;
       5 және одан да көп бірлік – 10 балл;

    4) технологиялық жабдықтардың болуы:
       1 бірлік – 1 балл;
       2 және одан да көп бірлік – 3 балл;

    5) ауыл шаруашылығы саласында білікті мамандардың болуы:
       5 білікті маманнан кем – 5 балл;
       5 және одан да көп білікті маман – 10 балл.

    № 12 лот бойынша берілген балдар:

    № р/с

    Конкурс қатысушысы (№ 12 лот)

    Берілген балдар

    1

    «SAMBO» ШҚ, Болатов Самат Шинабекович

    10 б.+ 5 б.+ 5 б.+ 5 б.+ 10 б.+ 3 б.+ 10 б. = 48 б.

    2

    «Бастау» ШҚ, Габдулин Рахат Батырханович

    10 б.+ 5 б. = 15 б.

    3

    «Алдияр» ШҚ, Лункина Елена Владимировна

    10 б.+ 5 б.+ 10 б.+ 5 б.+ 5 б. = 35 б.

    Жер комиссиясы қатысушылардың инвестицияға жұмсаған шығыстарын ескеру қажет деп шешті, осылайша № 12 лот бойынша конкурс қатысушыларының конкурстық ұсыныстарын қарау, салыстыру қорытындысы бойынша жер комиссиясы міндеттемелер критерийлерін ескере отырып, балдар беру арқылы түскен конкурстық ұсыныстар бойынша дауыс берді.

    Конкурстық ұсыныстарды қарау, бағалау және салыстыру қорытындысы бойынша, жер учаскесін пайдаланудың мәлімделген критерийлері бойынша қатысушылардың бизнес-жоспарын балдық бағалау тәртібіне сәйкес «SAMBO» ШҚ Болатов Самат Шинабекович ең жоғары балл жинады.

    № 12 лотқа – Үлгі ауылдық округінің әкімшілік шекарасында орналасқан, 10 жыл мерзімге жалға берілетін, жалпы ауданы 40,2 га ауыл шаруашылығы жерлері, соның ішінде егістік 18,7 га, жайылым – 21,5 га жер учаскесі бойынша: ең жоғары балл (48 балл) жинаған «SAMBO» ШҚ Болатов Самат Шинабекович жеңімпаз деп танылды.

Дата публикации
22 июня 2026