Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру бойынша №11 лот бойынша конкурстың қорытындылары туралы жер комиссиясының
№ 11 ХАТТАМАСЫ
Степняк қ. 2026 жылғы 22 маусым
Конкурсты өткізу орны: Степняк қ., Біржан сал көшесі, 23, 2-қабат, Біржан сал ауданы әкімдігі аудан әкімі орынбасарының кабинеті.
ауданы әкімі орынбасарының кабинеті.
Жер комиссиясының құрамы:
Сабыров Ерсайын Тендікұлы – Біржан сал ауданы әкімінің орынбасары, комиссия төрағасы.
Балташева Анар Әлібекқызы – Біржан сал ауданының «Жер қатынастары бөлімі» ММ бас маманы, комиссия хатшысы.
Комиссия мүшелері:
Мамиков Бектас Өренханұлы – Біржан сал ауданының «Жер қатынастары бөлімі» ММ басшысы.
Шаймерденов Кәрібай Даулетханұлы – Біржан сал ауданының «Ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ басшысы.
Сәрсембаев Дәулет Әлібекұлы – Біржан сал ауданының «Курылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ басшысы.
Еркебаев Оразалы Махамадиұлы – Ақмола облысы Кәсіпкерлер палатасы Буланды аудандық филиалының директоры (келісім бойынша).
Магерко Игорь Ефимович – Біржан сал аудандық мәслихатының депутаты (келісім бойынша).
Әльжанов Арман Жасырбайұлы – Степняк қаласы жергілікті қоғамдастығының мүшесі (келісім бойынша).
Кенжебаева Ақмарал Нұрқанқызы – Біржан сал ауданы қоғамдық кеңесінің төрағасы (келісім бойынша).
Болатов Самат Шинабекұлы – «SAMBO» шаруа қожалығының басшысы (келісім бойынша).
Абжанова Рысжан Жолдангарқызы – Үлгі ауылдық округінің әкімі.
Омарова Ғалия Женисқызы - Үлгі ауылдық округі жергілікті қоғамдастығының жиналысымен уәкілеттік берілген жергілікті қоғамдастық мүшесі.
Сәрсембаев Дәулет Әлібекұлы- Біржан сал ауданының «Құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ басшысы, комиссия мүшесі.
Болатов Самат Шинабекұлы- «SAMBO» шаруа қожалығының басшысы, осы лотқа конкурстық өтінім беруіне байланысты өзін-өзі шеттетті.
Кворум сақталды. Комиссия отырысы заңды деп танылады.
Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру бойынша конкурс жөніндегі жер комиссиясының отырысын жер комиссиясының төрағасы Е.Т. Сабыров ашып, Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру бойынша конкурсты ұйымдастыру және өткізу қағидаларының (бұдан әрі мәтін бойынша «Қағидалар») 22-тармағына сәйкес жер комиссиясы өтінімдерді олардың сәйкестігіне, толықтығына, есептеулерде қателердің болуына, құжаттардағы барлық қолтаңбаларға, сондай-ақ тұтастай алғанда ресімделуінің дұрыстығын тексеруге, конкурстық ұсыныста көрсетілген инвестициялардың болжамды көлемі бойынша, соның ішінде бизнес-жоспар бойынша балл беру арқылы өтінімдерді бағалауға, салыстыруға зерделеуі қажет екенін хабарлады.
Комиссия хатшысы А.Ә. Балташева Біржан сал ауданының әкімдігіне түскен келесі конкурстық өтінімдер жер комиссиясының қарауына шығарылатынын хабарлады:
№ 11 лотқа – Үлгі ауылдық округінің әкімшілік шекарасында орналасқан, 10 жыл мерзімге жалға берілетін, ауыл шаруашылығы алқаптарының жалпы ауданы 104,2 га, соның ішінде егістік – 101,9 га, жайылым – 2,3 га жер учаскесі.
|
№ |
№ 12 лот |
|
1 |
«SAMBO» ШҚ, Болатов Самат Шинабекович |
|
2 |
«Сейтказин» ЖК, Сейтказин Дархан Нурлыбекович |
|
3 |
«Саяхат» ШҚ, Кенжетаев Адил Кенесович |
|
4 |
«Сабитов» ЖК, Сабитов Жанат Боранбаевич |
|
5 |
«Zere Agro Holding» ЖШС |
|
6 |
«Береке Агро 2030» ЖШС |
Қатысушылардың барлық конкурстық өтінімдері бойынша жер комиссиясы конкурсқа қатысушылардың қоса берілген құжаттары бар өтінімдерінің Қағидаларға және ҚР Жер кодексінің 43-1-бабына сәйкестігі туралы қорытынды шығарады.
II.
Жер комиссиясы Қағидаларда және ҚР Жер кодексінің 43-1-бабында белгіленген жер учаскесін пайдаланудың мәлімделген критерийлері бойынша қатысушыларды балдық бағалау тәртібіне сәйкес бизнес-жоспарды одан әрі қарау үшін конкурсқа қатысушылардың келесі өтінімдері шығарылады:
|
№ |
№ 11 лот |
|
1 |
«SAMBO» ШҚ, Болатов Самат Шинабекович |
|
2 |
«Сейтказин» ЖК, Сейтказин Дархан Нурлыбекович |
|
3 |
«Саяхат» ШҚ, Кенжетаев Адил Кенесович |
|
4 |
«Сабитов» ЖК, Сабитов Жанат Боранбаевич |
|
5 |
«Zere Agro Holding» ЖШС |
|
6 |
«Береке Агро 2030» ЖШС |
Қағидалардың 23-тармағына сәйкес, осы Қағидалардың 12-тармағында көрсетілген конкурстық ұсыныстар бойынша балдар міндеттемелердің келесі критерийлері бойынша беріледі:
1) жер учаскесін жалға алудың алғашқы бес жылында 1 гектарға салынатын инвестициялардың болжамды көлемі, мың теңге:
суарылмайтын егістікке:
50-ге дейін – 1 балл;
50-ден 70-ке дейін – 2 балл;
70-тен 90-ға дейін – 3 балл;
90-нан 110-ға дейін – 4 балл;
110-нан жоғары – 5 балл;
суармалы егістікке (суармалы жерлер):
200-ге дейін – 1 балл;
200-ден 300-ге дейін – 2 балл;
300-ден 400-ге дейін – 3 балл;
400-ден 500-ге дейін – 4 балл;
500-ден жоғары – 5 балл;
жайылымдық және шабындық алқаптарға:
5-ке дейін – 1 балл;
5-тен 10-ға дейін – 2 балл;
10-нан 20-ға дейін – 3 балл;
20-дан 30-ға дейін – 4 балл;
30-дан жоғары – 5 балл;
2) жайылымдық алқаптарға – ауыл шаруашылығы жануарлары басының болуы:
50 бастан кем ірі қара мал, жылқы, түйе – 5 балл;
50 және одан да көп ірі қара мал, жылқы, түйе – 10 балл;
300 бастан кем ұсақ мал – 5 балл;
300 және одан да көп ұсақ мал – 10 балл;
3) меншікте ауыл шаруашылығы техникасының болуы:
5 бірліктен кем – 5 балл;
5 және одан да көп бірлік – 10 балл;
4) технологиялық жабдықтың болуы:
1 бірлік – 1 балл;
2 және одан да көп бірлік – 3 балл;
5) ауыл шаруашылығы саласында білікті мамандардың болуы:
5 білікті маманнан кем – 5 балл;
5 және одан да көп білікті маман – 10 балл.
|
р/с № |
№ 11 лот |
Берілген балдар |
|
1 |
«SAMBO» ШҚ, Болатов Самат Шинабекович |
10 б.+ 5 б.+5 б.+5 б.+10 б.+3 б.+10 б.=48 б. |
|
2 |
«Сейтказин» ЖК, Сейтказин Дархан Нурлыбекович |
10 б.+5б.+3б.+5б.=23 б. |
|
3 |
«Саяхат» ШҚ, Кенжетаев Адил Кенесович |
10 б.+5 б.+10 б.+10 б.+10 б.+3б.+10б.=58 б. |
|
4 |
«Сабитов» ЖК, Сабитов Жанат Боранбаевич |
10б.+5б.+5б.=20 б. |
|
5 |
«Zere Agro Holding» ЖШС |
5 б. |
|
6 |
«Береке Агро 2030» ЖШС |
5б.+10б.+3б.+10б.=28 б. |
Жер комиссиясы қатысушылардың инвестицияларға жұмсаған шығындарын ескеру қажет деп шешті, осылайша № 11 лот бойынша конкурсқа қатысушылардың конкурстық ұсыныстарын қарау, салыстыру нәтижелері бойынша жер комиссиясы міндеттемелер критерийлерін ескере отырып, балдар беру арқылы түскен конкурстық ұсыныстар бойынша дауыс берді:
Конкурстық ұсыныстарды қарау, бағалау және салыстыру нәтижелері бойынша, жер учаскесін пайдаланудың мәлімделген критерийлері бойынша қатысушылардың бизнес-жоспарын балдық бағалау тәртібіне сәйкес «SAMBO» ШҚ Болатов Самат Шинабекович ең жоғары балл жинады.
№ 11 лотқа – Үлгі ауылдық округінің әкімшілік шекарасында орналасқан, 10 жыл мерзімге жалға берілетін, ауыл шаруашылығы алқаптарының жалпы ауданы 104,2 га, соның ішінде егістік 101,9 га, жайылым – 2,3 га жер учаскесі бойынша: ең жоғары балл (58 балл) жинаған «Саяхат» ШҚ Кенжетаев Адил Кенесович жеңімпаз деп танылады.