Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі №10 лот бойынша конкурстың қорытындылары туралы жер комиссиясының № 10 ХАТТАМАСЫ

Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі №10 лот бойынша конкурстың қорытындылары туралы жер комиссиясының

№ 10 ХАТТАМАСЫ

 

Степняк қ.

2026 жылғы 22 маусым

Конкурсты өткізу орны: Степняк қ., Биржан сал көшесі, 23, 2-қабат, Биржан сал ауданы әкімдігі аудан әкімі орынбасарының кабинеті.

Жер комиссиясының құрамы:

Сабыров Ерсайын Тендікұлы – Біржан сал ауданы әкімінің орынбасары, комиссия төрағасы.

Балташева Анар Әлібекқызы – Біржан сал ауданының «Жер қатынастары бөлімі» ММ бас маманы, комиссия хатшысы.

Комиссия мүшелері:

Мамиков Бектас Өренханұлы – Біржан сал ауданының «Жер қатынастары бөлімі» ММ басшысы.

Шаймерденов Кәрібай Даулетханұлы – Біржан сал ауданының «Ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ басшысы.

Сәрсембаев Дәулет Әлібекұлы – Біржан сал ауданының «Курылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ басшысы.

Еркебаев Оразалы Махамадиұлы – Ақмола облысы Кәсіпкерлер палатасы Буланды аудандық филиалының директоры (келісім бойынша).

Магерко Игорь Ефимович – Біржан сал аудандық мәслихатының депутаты (келісім бойынша).

Әльжанов Арман Жасырбайұлы – Степняк қаласы жергілікті қоғамдастығының мүшесі (келісім бойынша).

Кенжебаева Ақмарал Нұрқанқызы – Біржан сал ауданы қоғамдық кеңесінің төрағасы (келісім бойынша).

Болатов Самат Шинабекұлы – «SAMBO» шаруа қожалығының басшысы (келісім бойынша).

Нұрашева Асель Сайлауқызы - Уәлиханов ауылдық округінің әкімі.

Алдунгаров Асылхан Казбекұлы - Уәлиханов ауылдық округі жергілікті қоғамдастығының жиналысымен уәкілеттік берілген жергілікті қоғамдастық мүшесі.

Комиссия мүшелерінен қатыспағандар:

Сәрсембаев Дәулет Әлібекұлы - Біржан сал ауданының «Құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ басшысы, комиссия мүшесі.

Кворум сақталды. Комиссия отырысы заңды деп танылады.

Кворум сақталған. Комиссия отырысы заңды (өкілетті) болып табылады.

Күн тәртібінде:

  1. 2026 жылғы 22 маусымдағы конкурстық өтінімдері бар конверттерді ашу хаттамасына сәйкес, конкурстық ұсыныста көрсетілген инвестициялардың болжамды көлемі бойынша, соның ішінде бизнес-жоспар бойынша балл беру арқылы өтінімдерді олардың сәйкестігіне, толықтығына, есептеулерде қателердің болуына, құжаттардағы барлық қолтаңбаларға, сондай-ақ тұтастай алғанда ресімделуінің дұрыстығына зерделеу, бағалау, салыстыру.
  2. Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығымен жер учаскелерін беру жөніндегі конкурстың қорытындысын шығару және конкурс жеңімпаздарын айқындау.
  3. Жер комиссиясының отырысы

Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурс бойынша жер комиссиясының отырысын жер комиссиясының төрағасы Е.Т. Сабыров ашып, Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсты ұйымдастыру мен өткізу қағидаларының (бұдан әрі мәтін бойынша – «Қағидалар») 22-тармағына сәйкес жер комиссиясы өтінімдерді олардың сәйкестігіне, толықтығына, есептеулерде қателердің болуына, құжаттардағы барлық қолтаңбаларға, сондай-ақ тұтастай алғанда ресімделуінің дұрыстығына зерделеуі, конкурстық ұсыныста көрсетілген инвестициялардың болжамды көлемі бойынша, соның ішінде бизнес-жоспар бойынша балл беру арқылы өтінімдерді бағалауы және салыстыруы қажет екенін хабарлады.

Комиссия хатшысы А.Ә. Балташева Биржан сал ауданының әкімдігіне түскен келесі конкурстық өтінімдер жер комиссиясының қарауына шығарылатынын хабарлады:

№ 10 лот бойынша – Уәлиханов ауылдық округінің әкімшілік шекарасында орналасқан, 10 жыл мерзімге жалға берілетін, жалпы ауданы 473,6 га ауыл шаруашылығы жерлері, соның ішінде жайылымдар – 473,6 га, оның ішінде жақсартылған жайылымдар – 389,7 га құрайтын жер учаскесі.

№ 10 Лот

1

«Нұрмағанбетов» ЖК, Нұрмағанбетов Асқар Ғабиденұлы

2

«Оспанбеков Т.М.» ШҚ, Оспанбеков Тимурлан Муратович

Жер комиссиясы қатысушылардың барлық конкурстық өтінімдері бойынша қатысушылардың қоса берілген құжаттары бар өтінімдерінің Қағидаларға және ҚР Жер кодексінің 43-1-бабына сәйкестігі туралы қорытынды шығарады.

  1. Бизнес-жоспарды бағалау және қорытынды шығару

Жер комиссиясының біліктілік критерийлеріне сәйкес бизнес-жоспарды одан әрі қарауы үшін Қағидаларда және ҚР Жер кодексінің 43-1-бабында белгіленген жер учаскесін пайдаланудың мәлімделген критерийлері бойынша қатысушыларды баллдық бағалау тәртібіне сәйкес конкурс қатысушыларының келесі өтінімдері шығарылады:

№ 10 Лот

1

«Нұрмағанбетов» ЖК, Нұрмағанбетов Асқар Ғабиденұлы

2

«Оспанбеков Т.М.» ШҚ, Оспанбеков Тимурлан Муратович

Қағидалардың 23-тармағының 1-кіші тармағына сәйкес 1 гектарға салынатын инвестициялардың болжамды көлемі туралы, мың теңге:

жайылымдық және шабындық жерлерге:

  • 5-ке дейін – 1 балл;
  • 5-тен 10-ға дейін – 2 балл;
  • 10-нан 20-ға дейін – 3 балл;
  • 20-дан 30-ға дейін – 4 балл;
  • 30-дан жоғары – 5 балл;

2) жайылымдық жерлерге – ауыл шаруашылығы жануарлары бастарының болуы:

  • ірі қара мал, жылқы, түйе 50 бастан кем – 5 балл;
  • ірі қара мал, жылқы, түйе 50 бас және одан көп – 10 балл;
  • ұсақ мал 300 бастан кем – 5 балл;
  • ұсақ мал 300 бас және одан көп – 10 балл;

3) меншікте ауыл шаруашылығы техникасының болуы:

  • 5 бірліктен кем – 5 балл;
  • 5 және одан көп бірлік – 10 балл;

4) технологиялық жабдықтардың болуы:

  • 1 бірлік – 1 балл;
  • 2 және одан көп бірлік – 3 балл;

5) ауыл шаруашылығы саласында білікті мамандардың болуы:

  • 5 білікті маманнан кем – 5 балл;
  • 5 және одан көп білікті маман – 10 балл.

23-1. Осы Қағидалардың 12-1-тармағында көрсетілген конкурстық ұсыныстар бойынша балдар міндеттемелердің келесі критерийлері бойынша беріледі:

1) 1 гектарға салынатын инвестициялардың болжамды көлемі, мың теңге:

  • 20 000-ға дейін – 5 балл;
  • 20 000-нан 50 000-ға дейін – 10 балл;
  • 50 000-нан 100 000-ға дейін – 15 балл;
  • 100 000-нан жоғары – 20 балл;

4) құрылатын жұмыс орындарының болуы:

  • әрбір құрылған жұмыс орны үшін – 1 балл, бірақ 10 баллдан артық емес.

Осы ауданда, қалада, ауылда, кентте кемінде 5 жыл тұратын тұлғаларға олардың конкурстық ұсыныстарына қосымша 10 балл беру түрінде басымдық беріледі.

Конкурстық өтінімдерді бағалау нәтижелері:

№

Қатысушының атауы (№ 10 Лот)

Берілген балдар

1

«Нұрмағанбетов» ЖК, Нұрмағанбетов Асқар Ғабиденұлы

43 б.

2

«Оспанбеков Т.М.» ШҚ, Оспанбеков Тимурлан Муратович

43 б.

Жер комиссиясы қатысушының инвестицияларға жұмсаған шығыстарын ескеру қажет деп шешті, осылайша № 10 лот бойынша конкурс қатысушыларының конкурстық ұсыныстарын қарау, салыстыру қорытындылары бойынша жер комиссиясы келіп түскен конкурстық ұсыныстар бойынша міндеттемелер критерийлерін ескере отырып, балдар беру арқылы келесідей дауыс берді:

Конкурстық ұсыныстарды қарау, бағалау және салыстыру қорытындылары бойынша, жер учаскесін пайдаланудың мәлімделген критерийлері бойынша қатысушылардың бизнес-жоспарын баллдық бағалау тәртібіне сәйкес «Нұрмағанбетов А.Ғ.» ЖК (Нұрмағанбетов Асқар Ғабиденұлы) және «Оспанбеков Т.М.» ШҚ (Оспанбеков Тимурлан Муратович) бірдей балл жинады.

Жалпы дауыс беру арқылы жер комиссиясы бірауыздан «Нұрмағанбетов А.Ғ.» ЖК (Нұрмағанбетов Асқар Ғабиденұлын) жеңімпаз деп айқындады.

№ 10 лот бойынша – Уәлиханов ауылдық округінің әкімшілік шекарасында орналасқан, 10 жыл мерзімге жалға берілетін, жалпы ауданы 473,6 га ауыл шаруашылығы жерлері, соның ішінде жайылымдар – 473,6 га, оның ішінде жақсартылған жайылымдар – 389,7 га, оның ішінде жақсартылған жерлер 501,0 га құрайтын жер учаскесі бойынша: «Нұрмағанбетов А.Ғ.» ЖК Нұрмағанбетов Асқар Ғабиденұлы бір ауыздан дауыс беру нәтижесінде жеңімпаз деп танылды.

Дата публикации
22 июня 2026