Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі №9 лот бойынша конкурстың қорытындылары туралы жер комиссиясының № 9 ХАТТАМАСЫ

Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі №9 лот бойынша конкурстың қорытындылары туралы жер комиссиясының

№ 9 ХАТТАМАСЫ

 

Степняк қ.                                                                       2026 жылғы 22 маусым

Конкурсты өткізу орны: Степняк қ., Біржан сал көшесі, 23, 2-қабат, Біржан сал ауданы әкімдігі аудан әкімі орынбасарының кабинеті.

Жер комиссиясының құрамы:

Сабыров Ерсайын Тендікұлы – Біржан сал ауданы әкімінің орынбасары, комиссия төрағасы.

Балташева Анар Әлібекқызы – Біржан сал ауданының «Жер қатынастары бөлімі» ММ бас маманы, комиссия хатшысы.

Комиссия мүшелері:

Мамиков Бектас Өренханұлы – Біржан сал ауданының «Жер қатынастары бөлімі» ММ басшысы.

Шаймерденов Кәрібай Даулетханұлы – Біржан сал ауданының «Ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ басшысы.

Сәрсембаев Дәулет Әлібекұлы – Біржан сал ауданының «Курылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ басшысы.

Еркебаев Оразалы Махамадиұлы – Ақмола облысы Кәсіпкерлер палатасы Буланды аудандық филиалының директоры (келісім бойынша).

Магерко Игорь Ефимович – Біржан сал аудандық мәслихатының депутаты (келісім бойынша).

Әльжанов Арман Жасырбайұлы – Степняк қаласы жергілікті қоғамдастығының мүшесі (келісім бойынша).

Кенжебаева Ақмарал Нұрқанқызы – Біржан сал ауданы қоғамдық кеңесінің төрағасы (келісім бойынша).

Болатов Самат Шинабекұлы – «SAMBO» шаруа қожалығының басшысы (келісім бойынша).

Нұрашева Асель Сайлауқызы - Уәлиханов ауылдық округінің әкімі.

Алдунгаров Асылхан Казбекұлы - Уәлиханов ауылдық округі жергілікті қоғамдастығының жиналысымен уәкілеттік берілген жергілікті қоғамдастық мүшесі.

Комиссия мүшелерінен қатыспағандар:

Сәрсембаев Дәулет Әлібекұлы - Біржан сал ауданының «Құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ басшысы, комиссия мүшесі.

Кворум сақталды. Комиссия отырысы заңды деп танылады.

Күн тәртібінде:

  1. Конкурстық өтінімдері бар конверттерді ашудың 2026 жылғы 22 маусымдағы хаттамасына сәйкес, өтінімдерді олардың сәйкестігі, толықтығы, есептеулердегі қателердің болуы, құжаттардағы барлық қолдардың болуы, сондай-ақ тұтастай алғанда ресімделуінің дұрыстығы тұрғысынан зерделеу, конкурс ұсынысында көрсетілген бизнес-жоспар бойынша, оның ішінде инвестициялардың болжамды көлемі бойынша балл беру арқылы өтінімді бағалау және салыстыру.
  2. Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығында жер учаскелерін беру жөніндегі конкурс қорытындысын шығару және конкурс жеңімпаздарын анықтау.
  3. Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурс бойынша жер комиссиясының отырысын жер комиссиясының төрағасы Е.Т. Сабыров ашып, Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсты ұйымдастыру мен өткізу қағидаларының (бұдан әрі мәтін бойынша – «Қағидалар») 22-тармағына сәйкес жер комиссиясы өтінімдерді олардың сәйкестігі, толықтығы, есептеулердегі қателердің болуы, құжаттардағы барлық қолдардың болуы, сондай-ақ тұтастай алғанда ресімделуінің дұрыстығы тұрғысынан зерделеуі, конкурс ұсынысында көрсетілген бизнес-жоспар бойынша, оның ішінде инвестициялардың болжамды көлемі бойынша балл беру арқылы өтінімді бағалауы және салыстыруы қажет екенін хабарлады.

Комиссия хатшысы А.Ә. Балташева Біржан сал ауданының әкімдігіне келіп түскен келесі конкурстық өтінімдер жер комиссиясының қарауына шығарылатынын хабарлады:

№ 9 лотқа – Уәлиханов ауылдық округінің әкімшілік шекараларында орналасқан, 10 жыл мерзімге жалға берілетін ауыл шаруашылығы жерлерінің жалпы ауданы 1 442,6 га, оның ішінде егістік – 845,0 га, жайылым – 597,6 га (оның ішінде жақсартылған жайылым – 501,0 га) жер учаскесі.

№ 9 лот

 

1

Абилов Насиболла Тулегенулы

2

Абилов А.Т.

3

«Степняк Агро» ЖШС

4

«Досай» ШҚ Каримов Амангельды Калижанулы

5

Даутов Мурат Кайрушевич

6

«ADAM AGRO QAZAQSTAN» ЖШС

Қатысушылардың барлық конкурстық өтінімдері бойынша жер комиссиясы қатысушылардың қоса берілген құжаттары бар өтінімдерінің Қағидаларға және ҚР Жер кодексінің 43-1-бабына сәйкестігі туралы қорытынды шығарады.

  1. Жер комиссиясының бизнес-жоспарды Қағидаларда және ҚР Жер кодексінің 43-1-бабында белгіленген жер учаскесін пайдаланудың мәлімделген критерийлері бойынша қатысушыларды баллдық бағалау тәртібіне сәйкес одан әрі қарауы үшін конкурсқа қатысушылардың келесі өтінімдері шығарылады:

№ 9 лот

 

1

Абилов Насиболла Тулегенулы

2

Абилов А.Т.

3

«Степняк Агро» ЖШС

4

«Досай» ШҚ Каримов Амангельды Калижанулы

5

Даутов Мурат Кайрушевич

6

«ADAM AGRO QAZAQSTAN» ЖШС

Абилов Алтынбек Тельманулының өтінімі кері қайтарылды. Себебі: міндеттемелерге қол қойылмаған, Қағидалардың 13-тармағына сәйкес конкурс ұсынысын конкурсқа қатысушы «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы беру жағдайларын қоспағанда, беттері нөмірленіп, тігілген түрде өшпейтін сиямен басылған немесе жазылған жабық конвертте ұсынады, мұнда соңғы беті: жеке тұлғалар (немесе сенімді тұлға) үшін – қатысушының қолымен және заңды тұлғалар үшін – бірінші басшының (немесе сенімді тұлғаның) қолымен және мөрмен (ол болған кезде) куәландырылады.

«ADAM AGRO QAZAQSTAN» ЖШС өтінімі кері қайтарылды. Себебі: конкурс ұсынысы жай қарындашпен нөмірленген, Қағидалардың 13-тармағына сәйкес конкурс ұсынысын конкурсқа қатысушы «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы беру жағдайларын қоспағанда, беттері нөмірленіп, тігілген түрде өшпейтін сиямен басылған немесе жазылған жабық конвертте ұсынады, мұнда соңғы беті: жеке тұлғалар (немесе сенімді тұлға) үшін – қатысушының қолымен және заңды тұлғалар үшін – бірінші басшының (немесе сенімді тұлғаның) қолымен және мөрмен (ол болған кезде) куәландырылады.

Қағидалардың 23-тармағының 1-кіші тармағына сәйкес 1 гектарға салынатын инвестициялардың болжамды көлемі бойынша, мың теңге:

суармалы емес егістікке:

50-ге дейін – 1 балл;

50-ден 70-ке дейін – 2 балл;

70-тен 90-ға дейін – 3 балл;

90-нан 110-ға дейін – 4 балл;

110-нан жоғары – 5 балл;

жайылымдық және шабындық жерлерге:

5-ке дейін – 1 балл;

5-тен 10-ға дейін – 2 балл;

10-нан 20-ға дейін – 3 балл;

20-дан 30-ға дейін – 4 балл;

30-дан жоғары – 5 балл;

2) жайылымдық жерлерге – ауыл шаруашылығы жануарлары басының болуы:

ірі қара мал, жылқы, түйе 50 бастан кем – 5 балл;

ірі қара мал, жылқы, түйе 50 бас және одан көп – 10 балл;

ұсақ мал 300 бастан кем – 5 балл;

ұсақ мал 300 бас және одан көп – 10 балл;

3) меншігінде ауыл шаруашылығы техникасының болуы:

5 бірліктен кем – 5 балл;

5 және одан көп бірлік – 10 балл;

4) технологиялық жабдықтардың болуы:

1 бірлік – 1 балл;

2 және одан көп бірлік – 3 балл;

5) ауыл шаруашылығы саласында білікті мамандардың болуы:

5 білікті маманнан кем – 5 балл;

5 және одан көп білікті маман – 10 балл.

23-1. Осы Қағидалардың 12-1-тармағында көрсетілген конкурстық ұсыныстар бойынша балдар міндеттемелердің мынадай критерийлері бойынша беріледі:

1) 1 гектарға салынатын инвестициялардың болжамды көлемі, мың теңге:

20 000-ға дейін – 5 балл;

20 000-нан 50 000-ға дейін – 10 балл;

50 000-нан 100 000-ға дейін – 15 балл;

100 000-нан жоғары – 20 балл;

4) құрылатын жұмыс орындарының болуы:

құрылған әрбір жұмыс орны үшін – 1 балл, бірақ 10 баллдан артық емес.

Осы ауданда, қалада, ауылда, кентте кемінде 5 жыл тұратын тұлғаларға олардың конкурстық ұсыныстарына қосымша 10 балл беру түрінде басымдық беріледі.

Берілген балдар қорытындысы:

№ 9 лот

Берілген балдар

1. Абилов Насиболла Тулегенулы

26 б.

2. Абилов А.Т.

кері қайтарылды

3. «Степняк Агро» ЖШС

25 б.

4. «Досай» ШҚ Каримов Амангельды Калижанулы

34 б.

5. Даутов Мурат Кайрушевич

51 б.

6. «ADAM AGRO QAZAQSTAN» ЖШС

кері қайтарылды

Жер комиссиясы қатысушының шығындарын инвестицияға есептеу қажет деп шешті, осылайша № 9 лот бойынша конкурсқа қатысушылардың конкурстық ұсыныстарын қарау, салыстыру қорытындысы бойынша жер комиссиясы келіп түскен конкурстық ұсыныстар бойынша міндеттемелер критерийлерін ескере отырып балл беру арқылы дауыс берді:

Конкурстық ұсыныстарды қарау, бағалау және салыстыру қорытындылары бойынша, жер учаскесін пайдаланудың мәлімделген критерийлері бойынша қатысушылардың бизнес-жоспарын баллдық бағалау тәртібіне сәйкес Даутов Мурат Кайрушевич ең жоғары балл жинады.

№ 9 лотқа – Уәлиханов ауылдық округінің әкімшілік шекараларында орналасқан, 10 жыл мерзімге жалға берілетін ауыл шаруашылығы жерлерінің жалпы ауданы 1 442,6 га, оның ішінде егістік – 845,0 га, жайылым – 597,6 га (оның ішінде жақсартылған жайылым – 501,0 га) жер учаскесі бойынша ең жоғары балл (51 балл) жинаған Даутов Мурат Кайрушевич жеңімпаз болып танылды.

Дата публикации
22 июня 2026