Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру бойынша № 8 лот бойынша конкурс қорытындылары туралы жер комиссиясының № 8 ХАТТАМАСЫ

Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру бойынша № 8 лот бойынша конкурс қорытындылары туралы жер комиссиясының
№ 8 ХАТТАМАСЫ

 

Степняк қ.                                                                               2026 жылғы 22 маусым

 

Конкурсты өткізу орны: Степняк қ., Біржан сал көшесі, 23, 2-қабат, Біржан сал ауданы әкімдігі аудан әкімі орынбасарының кабинеті.

Жер комиссиясының құрамы:

Сабыров Ерсайын Тендікұлы – Біржан сал ауданы әкімінің орынбасары, комиссия төрағасы.

Балташева Анар Әлібекқызы – Біржан сал ауданының «Жер қатынастары бөлімі» ММ бас маманы, комиссия хатшысы.

Комиссия мүшелері:

Мамиков Бектас Өренханұлы – Біржан сал ауданының «Жер қатынастары бөлімі» ММ басшысы.

Шаймерденов Кәрібай Даулетханұлы – Біржан сал ауданының «Ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ басшысы.

Сәрсембаев Дәулет Әлібекұлы – Біржан сал ауданының «Курылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ басшысы.

Еркебаев Оразалы Махамадиұлы – Ақмола облысы Кәсіпкерлер палатасы Буланды аудандық филиалының директоры (келісім бойынша).

Магерко Игорь Ефимович – Біржан сал аудандық мәслихатының депутаты (келісім бойынша).

Әльжанов Арман Жасырбайұлы – Степняк қаласы жергілікті қоғамдастығының мүшесі (келісім бойынша).

Кенжебаева Ақмарал Нұрқанқызы – Біржан сал ауданы қоғамдық кеңесінің төрағасы (келісім бойынша).

Болатов Самат Шинабекұлы – «SAMBO» шаруа қожалығының басшысы (келісім бойынша).

Нұрашева Асель Сайлауқызы - Уәлиханов ауылдық округінің әкімі.

Алдунгаров Асылхан Казбекұлы - Уәлиханов ауылдық округі жергілікті қоғамдастығының жиналысымен уәкілеттік берілген жергілікті қоғамдастық мүшесі.

Комиссия мүшелерінен қатыспағандар:

Сәрсембаев Дәулет Әлібекұлы - Біржан сал ауданының «Құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ басшысы, комиссия мүшесі.

Кворум сақталды. Комиссия отырысы заңды деп танылады.

Күн тәртібінде:

  1. 2026 жылғы 22 маусымдағы конкурстық өтінімдері бар конверттерді ашу хаттамасына сәйкес, конкурстық ұсыныста көрсетілген бизнес-жоспар, соның ішінде инвестициялардың болжамды көлемі бойынша балл беру арқылы өтінімдерді олардың сәйкестігі, толықтығы, есептеулерде қателердің болуы, құжаттардағы барлық қолдардың болуы тұрғысынан зерделеу, сондай-ақ тұтастай алғанда ресімделуінің дұрыстығын тексеру, өтінімді бағалау және салыстыру.
  2. Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығымен жер учаскелерін беру бойынша конкурс қорытындысын шығару және конкурс жеңімпаздарын анықтау.
  3. Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурс бойынша жер комиссиясының отырысын жер комиссиясының төрағасы Е.Т. Сабыров ашты және Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсты ұйымдастыру мен өткізу қағидаларының (бұдан әрі мәтін бойынша – «Қағидалар») 22-тармағына сәйкес жер комиссиясы өтінімдерді олардың сәйкестігі, толықтығы, есептеулерде қателердің болуы, құжаттардағы барлық қолдардың болуы тұрғысынан зерделеуі, сондай-ақ тұтастай алғанда ресімделуінің дұрыстығын тексеруі, конкурстық ұсыныста көрсетілген бизнес-жоспар, соның ішінде инвестициялардың болжамды көлемі бойынша балл беру арқылы өтінімдерді бағалауы және салыстыруы қажет екенін хабарлады.

Комиссия хатшысы А.Ә. Балташева Біржан сал ауданының әкімдігіне келіп түскен келесі конкурстық өтінімдер жер комиссиясының қарауына шығарылатынын хабарлады:

№ 8 лотқа – Уәлиханов ауылдық округінің әкімшілік шекарасында орналасқан, 10 жыл мерзімге жалға берілетін, а.ш. алқаптарының жалпы ауданы 495,6 га, оның ішінде жайылымдар – 495,6 га (оның ішінде жақсатылғаны – 491,0 га) жер учаскесі.

№

№ 8 лот

1

«Нұрмағанбетов» ЖК, Нұрмағанбетов Асқар Ғабиденұлы

2

«Нұр» ШҚ, Мусин Нұрбек Сәкенұлы

3

«Құлагер» ШҚ, Булатов Самат Өмірбекұлы

Қатысушылардың барлық конкурстық өтінімдері бойынша жер комиссиясы конкурсқа қатысушылардың қоса берілген құжаттары бар өтінімдерінің Қағидаларға және ҚР Жер кодексінің 43-1-бабына сәйкестігі туралы қорытынды шығарады.

  1. Жер комиссиясы бизнес-жоспарды ары қарай қарау үшін Қағидаларда және ҚР Жер кодексінің 43-1-бабында белгіленген жер учаскесін пайдаланудың мәлімделген критерийлері бойынша қатысушыларды баллдық бағалау тәртібіне сәйкес конкурсқа қатысушылардың келесі өтінімдері шығарылады:

Қағидалардың 23-тармағының 1-тармақшасына сәйкес 1 гектарға салынатын инвестициялардың болжамды көлемі бойынша, мың теңге:

жайылымдық және шабындық алқаптарға:

  • 5-ке дейін – 1 балл;
  • 5-тен 10-ға дейін – 2 балл;
  • 10-нан 20-ға дейін – 3 балл;
  • 20-дан 30-ға дейін – 4 балл;
  • 30-дан астам – 5 балл;

2) жайылымдық алқаптарға – ауыл шаруашылығы жануарлары басының болуы:

  • 50 бастан кем ірі қара мал, жылқы, түйе – 5 балл;
  • 50 және одан да көп ірі қара мал, жылқы, түйе – 10 балл;
  • 300 бастан кем ұсақ мал – 5 балл;
  • 300 және одан да көп ұсақ мал – 10 балл;

3) меншігінде ауыл шаруашылығы техникасының болуы:

  • 5 бірліктен кем – 5 балл;
  • 5 және одан да көп бірлік – 10 балл;

4) технологиялық жабдықтардың болуы:

  • 1 бірлік – 1 балл;
  • 2 және одан да көп бірлік – 3 балл;

5) ауыл шаруашылығы саласында білікті мамандардың болуы:

  • 5-тен кем білікті маман – 5 балл;
  • 5 және одан да көп білікті маман – 10 балл.

23-1. Осы Қағидалардың 12-1-тармағында көрсетілген конкурстық ұсыныстар бойынша балдар міндеттемелердің келесі критерийлері бойынша беріледі:

1) 1 гектарға салынатын инвестициялардың болжамды көлемі, мың теңге:

  • 20 000-ға дейін – 5 балл;
  • 20 000-нан 50 000-ға дейін – 10 балл;
  • 50 000-нан 100 000-ға дейін – 15 балл;
  • 100 000-нан астам – 20 балл;

4) құрылатын жұмыс орындарының болуы:

  • әрбір құрылған жұмыс орны үшін – 1 балл, бірақ 10 балдан артық емес.

Осы ауданда, қалада, ауылда, кентте кемінде 5 жыл тұратын тұлғаларға олардың конкурстық ұсыныстарына қосымша 10 балл беру түрінде артықшылық беріледі.

Конкурс қатысушыларына берілген балдар:

№

№ 8 лот

Берілген балдар

1

«Нұрмағанбетов» ЖК, Нұрмағанбетов Асқар Ғабиденұлы

43 б.

2

«Нұр» ШҚ, Мусин Нұрбек Сәкенұлы

50 б.

3

«Құлагер» ШҚ, Булатов Самат Өмірбекұлы

36 б.

Жер комиссиясы қатысушының инвестицияға жұмсаған шығындарын ескеру қажет деп шешті, осылайша № 8 лот бойынша конкурсқа қатысушылардың конкурстық ұсыныстарын қарау, салыстыру қорытындысы бойынша жер комиссиясы міндеттемелер критерийлерін ескере отырып, балдар беру арқылы түскен конкурстық ұсыныстар бойынша дауыс берді.

Конкурстық ұсыныстарды қарау, бағалау және салыстыру қорытындылары бойынша жер учаскесін пайдаланудың мәлімделген критерийлері бойынша қатысушылардың бизнес-жоспарын баллдық бағалау тәртібіне сәйкес «Нұр» ШҚ Мусин Нұрбек Сәкенұлы ең жоғары балл жинады.

№ 8 лотқа – Уәлиханов ауылдық округінің әкімшілік шекарасында орналасқан, 10 жыл мерзімге жалға берілетін, а.ш. алқаптарының жалпы ауданы 495,6 га, оның ішінде жайылымдар – 495,6 га (оның ішінде жақсатылғаны – 491,0 га) жер учаскесі бойынша ең жоғары балл (50 балл) жинаған «Нұр» ШҚ Мусин Нұрбек Сәкенұлы жеңімпаз деп танылды.

Дата публикации
22 июня 2026