Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру бойынша № 7 лот нәтижелері туралы жер комиссиясының № 7 ХАТТАМАСЫ

Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру бойынша № 7 лот нәтижелері туралы жер комиссиясының
№ 7 ХАТТАМАСЫ

Степняк қ.                                                                       2026 жылғы 22 маусым


Конкурсты өткізу орны: Степняк қ., Біржан сал көшесі, 23, 2-қабат, Біржан сал ауданы әкімдігі аудан әкімі орынбасарының кабинеті.

Жер комиссиясының құрамы:

Сабыров Ерсайын Тендікұлы – Біржан сал ауданы әкімінің орынбасары, комиссия төрағасы.

Балташева Анар Әлібекқызы – Біржан сал ауданының «Жер қатынастары бөлімі» ММ бас маманы, комиссия хатшысы.

Комиссия мүшелері:

Мамиков Бектас Өренханұлы – Біржан сал ауданының «Жер қатынастары бөлімі» ММ басшысы.

Шаймерденов Кәрібай Даулетханұлы – Біржан сал ауданының «Ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ басшысы.

Сәрсембаев Дәулет Әлібекұлы – Біржан сал ауданының «Курылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ басшысы.

Еркебаев Оразалы Махамадиұлы – Ақмола облысы Кәсіпкерлер палатасы Буланды аудандық филиалының директоры (келісім бойынша).

Магерко Игорь Ефимович – Біржан сал аудандық мәслихатының депутаты (келісім бойынша).

Әльжанов Арман Жасырбайұлы – Степняк қаласы жергілікті қоғамдастығының мүшесі (келісім бойынша).

Кенжебаева Ақмарал Нұрқанқызы – Біржан сал ауданы қоғамдық кеңесінің төрағасы (келісім бойынша).

Болатов Самат Шинабекұлы – «SAMBO» шаруа қожалығының басшысы (келісім бойынша).

Нұрашева Асель Сайлауқызы - Уәлиханов ауылдық округінің әкімі.

Алдунгаров Асылхан Казбекұлы - Уәлиханов ауылдық округі жергілікті қоғамдастығының жиналысымен уәкілеттік берілген жергілікті қоғамдастық мүшесі.

Комиссия мүшелерінен қатыспағандар:

Сәрсембаев Дәулет Әлібекұлы - Біржан сал ауданының «Құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ басшысы, комиссия мүшесі.

Кворум сақталды. Комиссия отырысы заңды деп танылады.

Күн тәртібінде:

  1. Өтінімдерді оларға қоса берілген құжаттармен бірге сәйкестігі, толықтығы, есептеулерде қателердің болуы/болмауы, құжаттардағы барлық қолдардың болуы, сондай-ақ тұтастай алғанда ресімделуінің дұрыстығы тұрғысынан зерделеу, 2026 жылғы 22 маусымдағы конкурстық өтінімдері бар конверттерді ашу хаттамасына сәйкес конкурстық ұсыныста көрсетілген бизнес-жоспар бойынша, оның ішінде инвестициялардың болжамды көлемі бойынша балл беру арқылы өтінімді бағалау және салыстыру.
    II. Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығымен жер учаскелерін беру жөніндегі конкурстың қорытындысын шығару және конкурс жеңімпаздарын анықтау.
  2. Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурс бойынша жер комиссиясының отырысын жер комиссиясының төрағасы Е.Т. Сабыров ашты және Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсты ұйымдастыру және өткізу қағидаларының (бұдан әрі мәтін бойынша – «Қағидалар») 22-тармағына сәйкес жер комиссиясы өтінімдерді сәйкестігі, толықтығы, есептеулерде қателердің болуы, құжаттардағы барлық қолдардың болуы, сондай-ақ жалпы ресімделуінің дұрыстығы тұрғысынан зерделеуі, конкурстық ұсыныста көрсетілген бизнес-жоспар, соның ішінде инвестициялардың болжамды көлемі бойынша балл беру арқылы өтінімді бағалауы және салыстыруы қажет екенін хабарлады.
    Комиссия хатшысы А.Ә. Балташева Біржан сал ауданының әкімдігіне келіп түскен келесі конкурстық өтінімдер жер комиссиясының қарауына шығарылатынын хабарлады:

№ 7 лот бойынша – Уәлиханов ауылдық округінің әкімшілік шекарасында орналасқан, 10 жыл мерзімге жалға берілетін, жалпы ауданы 502,7 га ауыл шаруашылығы жерлері, оның ішінде егістік – 32,3 га, жайылым – 470,4 га (оның ішінде жақсартылған жайылым – 374,4 га) жер учаскесі.

№

Лот № 7

1

«ОспанбековТ.М.» ШҚ, Оспанбеков Тимурлан Муратович

2

«Мадияр» ШҚ, Баяш Саяхат Қанатұлы

3

Досов Канат

 

Катысушылардың барлық конкурстық өтінімдері бойынша жер комиссиясы конкурсқа қатысушылардың қоса берілген құжаттары бар өтінімдерінің Қағидаларға және ҚР Жер кодексінің 43-1-бабына сәйкестігі туралы қорытынды шығарады.

  1. Жер комиссиясы бизнес-жоспарды Қағидаларда және ҚР Жер кодексінің 43-1-бабында белгіленген жер учаскесін пайдаланудың мәлімделген критерийлері бойынша қатысушыларды баллдық бағалау тәртібіне сәйкес одан әрі қарау үшін конкурсқа қатысушылардың келесі өтінімдері шығарылады:

№

Лот № 7

1

«ОспанбековТ.М.» ШҚ, Оспанбеков Тимурлан Муратович

2

«Мадияр» ШҚ, Баяш Саяхат Қанатұлы

3

Досов Канат

Досов Канаттың өтінімі қабылданбады. Себебі: конкурстық ұсыныс нөмірленбеген, қатысушының қолымен куәландырылмаған, шаруашылықаралық жер орналастыру жобасын жасау және игеру, ауыл шаруашылығы инфрақұрылымын дамыту жөніндегі іс-шараларды орындау, Қазақстан Республикасының жер заңнамасы талаптарын орындау бойынша міндеттемелер жоқ, өтінім Досов Канаттан түскен, ал конкурстық ұсыныс «Livestock» ЖК-ге жасалған, Қағидалардың 13-тармағына сәйкес конкурстық ұсыныс конкурсқа қатысушымен жабық конвертте, "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы берілген жағдайларды қоспағанда, беттері нөмірленген тігілген түрде өшпейтін сиямен басылған немесе жазылған түрде ұсынылады, мұнда соңғы беті: жеке тұлғалар үшін – қатысушының (немесе сенімді тұлғаның) қолымен және заңды тұлғалар үшін – бірінші басшының (немесе сенімді тұлғаның) қолымен және мөрмен (ол болған кезде) куәландырылады.

Қағидалардың 23-тармағының 1-кіші тармағына сәйкес 1 гектарға салынатын инвестициялардың болжамды көлемі, мың теңге:
суармалы емес егістікке:
50-ге дейін – 1 балл;
50-ден 70-ке дейін – 2 балл;
70-тен 90-ға дейін – 3 балл;
90-нан 110-ға дейін – 4 балл;
110-нан жоғары – 5 балл;
жайылымдық және шабындық жерлерге:
5-ке дейін – 1 балл;
5-тен 10-ға дейін – 2 балл;
10-нан 20-ға дейін – 3 балл;
20-дан 30-ға дейін – 4 балл;
30-дан жоғары – 5 балл;
2) жайылымдық жерлерге – ауыл шаруашылығы жануарлары басының болуы:
ірі қара мал, жылқы, түйе 50 бастан кем – 5 балл;
ірі қара мал, жылқы, түйе 50 және одан да көп бас – 10 балл;
ұсақ мал 300 бастан кем – 5 балл;
ұсақ мал 300 және одан да көп бас – 10 балл;
3) меншігінде ауыл шаруашылығы техникасының болуы:
5 бірліктен кем – 5 балл;
5 және одан да көп бірлік – 10 балл;
4) технологиялық жабдықтардың болуы:
1 бірлік – 1 балл;
2 және одан да көп бірлік – 3 балл;
5) ауыл шаруашылығы саласында білікті мамандардың болуы:
5 білікті маманнан кем – 5 балл;
5 және одан да көп білікті маман – 10 балл.
23-1. Осы Қағидалардың 12-1-тармағында көрсетілген конкурстық ұсыныстар бойынша балдар міндеттемелердің келесі критерийлері бойынша беріледі:
1) 1 гектарға салынатын инвестициялардың болжамды көлемі, мың теңге:
20 000-ға дейін – 5 балл;
20 000-нан 50 000-ға дейін – 10 балл;
50 000-нан 100 000-ға дейін – 15 балл;
100 000-нан жоғары – 20 балл;
4) құрылатын жұмыс орындарының болуы:
құрылған әрбір жұмыс орны үшін – 1 балл, бірақ 10 баллдан артық емес.
Осы ауданда, қалада, ауылда, кентте кемінде 5 жыл тұратын тұлғаларға олардың конкурстық ұсыныстарына қосымша 10 балл беру түрінде басымдық беріледі.

Лот № 7

Берілген балдар

1. «ОспанбековТ.М.» ШҚ, Оспанбеков Тимурлан Муратович

43 б.

2. «Мадияр» ШҚ, Баяш Саяхат Қанатұлы

35 б.

3. Досов Канат

-

Жер комиссиясы қатысушының шығындарын инвестицияларға есептеу қажет деп шешті, осылайша № 7 лот бойынша конкурсқа қатысушылардың конкурстық ұсыныстарын қарау, салыстыру қорытындысы бойынша жер комиссиясы міндеттемелер критерийлерін ескере отырып, балдар беру арқылы келіп түскен конкурстық ұсыныстар бойынша келесідей дауыс берді:
Конкурстық ұсыныстарды қарау, бағалау және салыстыру қорытындысы бойынша, жер учаскесін пайдаланудың мәлімделген критерийлері бойынша қатысушылардың бизнес-жоспарын баллдық бағалау тәртібіне сәйкес «ОспанбековТ.М.» ШҚ Оспанбеков Тимурлан Муратович ең жоғары балл жинады.

№ 7 лот бойынша – Уәлиханов ауылдық округінің әкімшілік шекарасында орналасқан, 10 жыл мерзімге жалға берілетін, жалпы ауданы 502,7 га ауыл шаруашылығы жерлері, оның ішінде егістік – 32,3 га, жайылым – 470,4 га (оның ішінде жақсартылған жайылым – 374,4 га) жер учаскесі: ең жоғары балл (43 балл) жинаған «ОспанбековТ.М.» ШҚ, Оспанбеков Тимурлан Муратович жеңімпаз деп танылады.

Дата публикации
22 июня 2026