Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру бойынша № 6 лот бойынша конкурстың қорытындысы туралы жер комиссиясының
№ 6 ХАТТАМАСЫ
Степняк қ. 2026 жылғы 22 маусым
Конкурсты өткізу орны: Степняк қ., Біржан сал көшесі, 23, 2-қабат, Біржан сал ауданы әкімдігі аудан әкімі орынбасарының кабинеті.
Жер комиссиясының құрамы:
Сабыров Ерсайын Тендікұлы – Біржан сал ауданы әкімінің орынбасары, комиссия төрағасы.
Балташева Анар Әлібекқызы – Біржан сал ауданының «Жер қатынастары бөлімі» ММ бас маманы, комиссия хатшысы.
Комиссия мүшелері:
Мамиков Бектас Өренханұлы – Біржан сал ауданының «Жер қатынастары бөлімі» ММ басшысы.
Шаймерденов Кәрібай Даулетханұлы – Біржан сал ауданының «Ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ басшысы.
Сәрсембаев Дәулет Әлібекұлы – Біржан сал ауданының «Курылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ басшысы.
Еркебаев Оразалы Махамадиұлы – Ақмола облысы Кәсіпкерлер палатасы Буланды аудандық филиалының директоры (келісім бойынша).
Магерко Игорь Ефимович – Біржан сал аудандық мәслихатының депутаты (келісім бойынша).
Әльжанов Арман Жасырбайұлы – Степняк қаласы жергілікті қоғамдастығының мүшесі (келісім бойынша).
Кенжебаева Ақмарал Нұрқанқызы – Біржан сал ауданы қоғамдық кеңесінің төрағасы (келісім бойынша).
Болатов Самат Шинабекұлы – «SAMBO» шаруа қожалығының басшысы (келісім бойынша).
Нұрашева Асель Сайлауқызы - Уәлиханов ауылдық округінің әкімі.
Алдунгаров Асылхан Казбекұлы - Уәлиханов ауылдық округі жергілікті қоғамдастығының жиналысымен уәкілеттік берілген жергілікті қоғамдастық мүшесі.
Комиссия мүшелерінен қатыспағандар:
Сәрсембаев Дәулет Әлібекұлы - Біржан сал ауданының «Құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ басшысы, комиссия мүшесі.
Кворум сақталды. Комиссия отырысы заңды деп танылады.
Күн тәртібінде:
Комиссия хатшысы А.Ә. Балташева Біржан сал ауданының әкімдігіне түскен келесі конкурстық өтінімдер жер комиссиясының қарауына шығарылатынын хабарлады:
№ 6 лот бойынша – Уәлиханов ауылдық округінің әкімшілік шекарасында орналасқан, 10 жыл мерзімге жалға берілетін, жалпы ауданы 499,6 га ауыл шаруашылығы жерлері, оның ішінде егістік – 337,6 га, жайылым – 162,0 га (оның ішінде жақсартылған – 50,0 га) жер учаскесі.
|
№ |
Қатысушылар / Лот № 6 |
|
1 |
«Құлагер» ШҚ, Булатов Самат Омирбекович |
|
2 |
«Оспанбеков Т.М.» ШҚ, Оспанбеков Тимурлан Муратович |
|
3 |
«Мадияр» ШҚ, Баяш Саяхат Қанатұлы |
Қатысушылардың барлық конкурстық өтінімдері бойынша жер комиссиясы өтінімдердің қоса берілген құжаттармен бірге Конкурс қағидаларына және ҚР Жер кодексінің 43-1-бабына сәйкестігі туралы қорытынды шығарады.
Қағидалардың 23-тармағының 1) тармақшасына сәйкес 1 гектарға салынатын инвестициялардың болжамды көлемі бойынша, мың теңге:
суарылмайтын егістікке:
жайылымдық және шабындық жерлерге:
2) жайылымдық жерлерге – ауыл шаруашылығы жануарлары мал басының болуы:
3) меншігінде ауыл шаруашылығы техникасының болуы:
4) технологиялық жабдықтардың болуы:
5) ауыл шаруашылығы саласында білікті мамандардың болуы:
23-1. Осы Қағидалардың 12-1-тармағында көрсетілген конкурстық ұсыныстар бойынша балдар міндеттемелердің мынадай критерийлері бойынша беріледі:
1) 1 гектарға салынатын инвестициялардың болжамды көлемі, мың теңге:
2) аквакультура объектілерін өсірудің болжамды көлемі, тонна:
4) құрылатын жұмыс орындарының болуы:
Осы ауданда, қалада, ауылда, кентте кемінде 5 жыл тұратын тұлғаларға олардың конкурстық ұсыныстарына қосымша 10 балл беру түрінде басымдық беріледі.
|
№ р/с |
Лот № 6 қатысушылары |
Берілген балдар |
|
1 |
«Құлагер» ШҚ, Булатов Самат Омирбекович |
36 б. |
|
2 |
«Оспанбеков Т.М.» ШҚ, Оспанбеков Тимурлан Муратович |
38 б. |
|
3 |
«Мадияр» ШҚ, Баяш Саяхат Қанатұлы |
30 б. |
Жер комиссиясы қатысушының шығындарын инвестицияда ескеру қажет деп шешті, осылайша № 6 лот бойынша конкурсқа қатысушылардың конкурстық ұсыныстарын қарау, салыстыру қорытындысы бойынша жер комиссиясы келіп түскен конкурстық ұсыныстар бойынша міндеттемелер критерийлерін ескере отырып, балдар беру арқылы төмендегідей дауыс берді:
Конкурстық ұсыныстарды қарау, бағалау және салыстыру қорытындысы бойынша, жер учаскесін пайдаланудың мәлімделген критерийлері бойынша қатысушылардың бизнес-жоспарын баллдық бағалау тәртібіне сәйкес «Оспанбеков Т.М.» ШҚ, Оспанбеков Тимурлан Муратович ең жоғары балл жинады.
№ 6 лот бойынша – Уәлиханов ауылдық округінің әкімшілік шекарасында орналасқан, 10 жыл мерзімге жалға берілетін, жалпы ауданы 499,6 га ауыл шаруашылығы жерлері, оның ішінде егістік – 337,6 га, жайылым – 162,0 га (оның ішінде жақсартылған – 50,0 га) жер учаскесі бойынша: ең жоғары балл (38 балл) жинаған «Оспанбеков Т.М.» ШҚ, Оспанбеков Тимурлан Муратович жеңімпаз болып танылсын.