Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі №1 лот бойынша конкурстың қорытындылары туралы жер комиссиясының № 4 ХАТТАМАСЫ

Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі №1 лот бойынша конкурстың қорытындылары туралы жер комиссиясының

№ 4 ХАТТАМАСЫ

 

Степняк қ.

2026 жылғы 22 маусым

 

Конкурсты өткізу орны: Степняк қ., Біржан сал көшесі, 23, 2 қабат, Біржан сал ауданы әкімдігі аудан әкімі орынбасарының кабинеті.

Жер комиссиясының құрамы:

Сабыров Ерсайын Тендікұлы – Біржан сал ауданы әкімінің орынбасары, комиссия төрағасы.

Балташева Анар Әлібекқызы – Біржан сал ауданының «Жер қатынастары бөлімі» ММ бас маманы, комиссия хатшысы.

Комиссия мүшелері:

Мамиков Бектас Өренханұлы – Біржан сал ауданының «Жер қатынастары бөлімі» ММ басшысы.

Шаймерденов Кәрібай Даулетханұлы – Біржан сал ауданының «Ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ басшысы.

Сәрсембаев Дәулет Әлібекұлы – Біржан сал ауданының «Курылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ басшысы.

Еркебаев Оразалы Махамадиұлы – Ақмола облысы Кәсіпкерлер палатасы Буланды аудандық филиалының директоры (келісім бойынша).

Магерко Игорь Ефимович – Біржан сал аудандық мәслихатының депутаты (келісім бойынша).

Әльжанов Арман Жасырбайұлы – Степняк қаласы жергілікті қоғамдастығының мүшесі (келісім бойынша).

Кенжебаева Ақмарал Нұрқанқызы – Біржан сал ауданы қоғамдық кеңесінің төрағасы (келісім бойынша).

Болатов Самат Шинабекұлы – «SAMBO» шаруа қожалығының басшысы (келісім бойынша).

Нұрашева Асель Сайлауқызы - Уәлиханов ауылдық округінің әкімі.

Алдунгаров Асылхан Казбекұлы - Уәлиханов ауылдық округі жергілікті қоғамдастығының жиналысымен уәкілеттік берілген жергілікті қоғамдастық мүшесі.

Комиссия мүшелерінен қатыспағандар:

Сәрсембаев Дәулет Әлібекұлы - Біржан сал ауданының «Құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ басшысы, комиссия мүшесі.

Кворум сақталды. Комиссия отырысы заңды деп танылады.


Күн тәртібінде:

  1. 2026 жылғы 22 маусымдағы конкурстық өтінімдер салынған конверттерді ашу хаттамасына сәйкес, тіркелген құжаттары бар өтінімдердің талаптарға сәйкестігін, толықтығын, есептеулерде қателердің жоқтығын, құжаттардағы барлық қолдардың болуын, сондай-ақ жалпы ресімделуінің дұрыстығын зерделеу, конкурстық ұсыныста көрсетілген инвестициялардың болжамды көлемі бойынша, соның ішінде бизнес-жоспар бойынша балл беру арқылы өтінімдерді бағалау және салыстыру.
  2. Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығымен жер учаскелерін беру жөніндегі конкурстың қорытындысын шығару және конкурс жеңімпаздарын анықтау.
  3. Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру бойынша конкурс жөніндегі жер комиссиясының отырысын жер комиссиясының төрағасы Е.Т. Сабыров ашып, Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру бойынша конкурсты ұйымдастыру мен өткізу қағидаларының (бұдан әрі мәтін бойынша – «Қағидалар») 22-тармағына сәйкес жер комиссиясы өтінімдерді олардың сәйкестігі, толықтығы, есептеулерде қателердің жоқтығы, құжаттардағы барлық қолдардың болуы тұрғысынан зерделеуі, сондай-ақ жалпы ресімделуінің дұрыстығын тексеруі, конкурстық ұсыныста көрсетілген инвестициялардың болжамды көлемін қоса алғанда, бизнес-жоспар бойынша балл беру арқылы өтінімдерді бағалауы және салыстыруы қажет екенін хабарлады.

Комиссия хатшысы А.Ә. Балташева Біржан сал ауданының әкімдігіне түскен келесі конкурстық өтінімдер жер комиссиясының қарауына шығарылатынын хабарлады:

№ 4 лотқа – Уәлиханов ауылдық округінің әкімшілік шекарасында орналасқан, жалпы ауданы 515,7 га ауыл шаруашылығы алқаптары, оның ішінде егістік – 422,7 га, жайылым – 93,0 га (оның ішінде жақсатылғаны – 88,2 га) құрайтын, 10 жыл мерзімге жалға берілетін жер учаскесі.

№ 4 Лот

1

«Құлагер» ШҚ, Булатов Самат Омирбекович

2

Хойчбай Ермурат

Қатысушылардың барлық конкурстық өтінімдері бойынша жер комиссиясы қатысушылардың қоса берілген құжаттары бар өтінімдерінің Қағидаларға және ҚР Жер кодексінің 43-1-бабына сәйкестігі туралы қорытынды шығарады.

  1. Жер комиссиясының бизнес-жоспарды жер учаскесін пайдаланудың мәлімделген критерийлері бойынша қатысушыларды балдық бағалау тәртібіне сәйкес одан әрі қарауы үшін Қағидалармен және ҚР Жер кодексінің 43-1-бабымен белгіленген конкурс қатысушыларының келесі өтінімдері шығарылады:

№ 4 Лот

1

«Құлагер» ШҚ, Булатов Самат Омирбекович

2

Хойчбай Ермурат


Қағидалардың 23-тармағының 1) тармақшасына сәйкес 1 гектарға салынатын инвестициялардың болжамды көлемі, мың теңге:
суармалы емес егістікке:
50-ге дейін – 1 балл;
50-ден 70-ке дейін – 2 балл;
70-тен 90-ға дейін – 3 балл;
90-нан 110-ға дейін – 4 балл;
110-нан жоғары – 5 балл;
жайылымдық және шабындық алқаптарға:
5-ке дейін – 1 балл;
5-тен 10-ға дейін – 2 балл;
10-нан 20-ға дейін – 3 балл;
20-дан 30-ға дейін – 4 балл;
30-дан жоғары – 5 балл;
2) жайылымдық алқаптарға – ауыл шаруашылығы жануарлары басының болуы:
ірі қара мал, жылқы, түйе 50 бастан кем – 5 балл;
ірі қара мал, жылқы, түйе 50 бас және одан көп – 10 балл;
ұсақ мал 300 бастан кем – 5 балл;
ұсақ мал 300 бас және одан көп – 10 балл;
3) меншігінде ауыл шаруашылығы техникасының болуы:
5 бірліктен кем – 5 балл;
5 бірлік және одан көп – 10 балл;
4) технологилық жабдықтың болуы:
1 бірлік – 1 балл;
2 және одан көп бірлік – 3 балл;
5) ауыл шаруашылығы саласында білікті мамандардың болуы:
5 білікті маманнан кем – 5 балл;
5 және одан көп білікті маман – 10 балл.

23-1. Осы Қағидалардың 12-1-тармағында көрсетілген конкурстық ұсыныстар бойынша балдар міндеттемелердің келесі критерийлері бойынша беріледі:
1) 1 гектарға салынатын инвестициялардың болжамды көлемі, мың теңге:
20 000-ға дейін – 5 балл;
20 000-нан 50 000-ға дейін – 10 балл;
50 000-нан 100 000-ға дейін – 15 балл;
100 000-нан жоғары – 20 балл;
2) акваөсіру объектілерін өсірудің болжамды көлемі, тонна:
50-ге дейін – 3 балл;
50-ден 100-ге дейін – 5 балл;
100-ден 200-ге дейін – 7 балл;
200-ден 500-ге дейін – 10 балл;
500-ден жоғары – 12 балл;
4) құрылатын жұмыс орындарының болуы:
әрбір құрылған жұмыс орны үшін – 1 балл, бірақ 10 балдан артық емес.

Осы ауданда, қалада, ауылда, кентте кемінде 5 жыл тұратын тұлғаларға олардың конкурстық ұсыныстарына қосымша 10 балл беру түрінде басымдық беріледі.

р/с №

№ 4 Лот

Берілген балдар

1

«Құлагер» ШҚ, Булатов Самат Омирбекович

36 б.

2

Хойчбай Ермурат

27 б.

Жер комиссиясы қатысушының инвестициядағы шығындарын ескеру қажет деп шешті, осылайша № 4 лот бойынша конкурс қатысушыларының конкурстық ұсыныстарын қарау, салыстыру қорытындылары бойынша жер комиссиясы келіп түскен конкурстық ұсыныстар бойынша міндеттемелер критерийлерін ескере отырып, балдар беру арқылы төмендегідей дауыс берді:

Конкурстық ұсыныстарды қарау, бағалау және салыстыру қорытындысы бойынша, жер учаскесін пайдаланудың мәлімделген критерийлері бойынша қатысушылардың бизнес-жоспарын балдық бағалау тәртібіне сәйкес «Құлагер» ШҚ, Булатов Самат Омирбекович ең жоғары балл жинады.

№ 4 лотқа – Уәлиханов ауылдық округінің әкімшілік шекарасында орналасқан, 10 жыл мерзімге жалға берілетін, жалпы ауданы 515,7 га ауыл шаруашылығы алқаптары, оның ішінде егістік – 422,7 га, жайылым – 93,0 га (оның ішінде жақсартылғаны – 88,2 га) жер учаскесі бойынша ең жоғары балл (36 балл) жинаған «Құлагер» ШҚ, Булатов Самат Омирбекович жеңімпаз деп танылады.

Дата публикации
22 июня 2026