Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру бойынша №3 лот бойынша конкурстың қорытындылары туралы жер комиссиясының
№ 3 ХАТТАМАСЫ
Степняк қ. 2026 жылғы 22 маусым
Конкурсты өткізу орны: Степняк қ., Біржан сал көшесі, 23
2-қабат, Біржан сал ауданы әкімдігі аудан әкімі орынбасарының кабинеті.
Жер комиссиясының құрамы:
Сабыров Ерсайын Тендікұлы – Біржан сал ауданы әкімінің орынбасары, комиссия төрағасы.
Балташева Анар Әлібекқызы – Біржан сал ауданының «Жер қатынастары бөлімі» ММ бас маманы, комиссия хатшысы.
Комиссия мүшелері:
Мамиков Бектас Өренханұлы – Біржан сал ауданының «Жер қатынастары бөлімі» ММ басшысы.
Шаймерденов Кәрібай Даулетханұлы – Біржан сал ауданының «Ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ басшысы.
Сәрсембаев Дәулет Әлібекұлы – Біржан сал ауданының «Курылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ басшысы.
Еркебаев Оразалы Махамадиұлы – Ақмола облысы Кәсіпкерлер палатасы Буланды аудандық филиалының директоры (келісім бойынша).
Магерко Игорь Ефимович – Біржан сал аудандық мәслихатының депутаты (келісім бойынша).
Әльжанов Арман Жасырбайұлы – Степняк қаласы жергілікті қоғамдастығының мүшесі (келісім бойынша).
Кенжебаева Ақмарал Нұрқанқызы – Біржан сал ауданы қоғамдық кеңесінің төрағасы (келісім бойынша).
Болатов Самат Шинабекұлы – «SAMBO» шаруа қожалығының басшысы (келісім бойынша).
Нұрашева Асель Сайлауқызы - Уәлиханов ауылдық округінің әкімі.
Алдунгаров Асылхан Казбекұлы - Уәлиханов ауылдық округі жергілікті қоғамдастығының жиналысымен уәкілеттік берілген жергілікті қоғамдастық мүшесі.
Комиссия мүшелерінен қатыспағандар:
Сәрсембаев Дәулет Әлібекұлы - Біржан сал ауданының «Құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ басшысы, комиссия мүшесі.
Кворум сақталды. Комиссия отырысы заңды деп танылады.
I.
Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру конкурсы бойынша жер комиссиясының отырысын жер комиссиясының төрағасы Е.Т. Сабыров ашып, Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру бойынша конкурсты ұйымдастыру және өткізу қағидаларының (бұдан әрі мәтін бойынша «Қағидалар») 22-тармағына сәйкес жер комиссиясы өтінімдерді олардың сәйкестігіне, толықтығына, есептеулерде қателердің болуына, құжаттардағы барлық қолдарға, сондай-ақ жалпы ресімделуінің дұрыстығын тексеруге зерделеуі, бизнес-жоспар бойынша, оның ішінде конкурстық ұсыныста көрсетілген инвестициялардың болжамды көлемі бойынша балл беру арқылы өтінімді бағалауы, салыстыруы қажет екенін хабарлады.
Комиссия хатшысы А.Ә. Балташева Біржан сал ауданы әкімдігіне түскен келесі конкурстық өтінімдер жер комиссиясының қарауына шығарылатынын хабарлады:
№ 3 лотқа – Уәлиханов ауылдық округінің әкімшілік шекарасында орналасқан, 10 жыл мерзімге жалға берілетін, жалпы ауданы 528,7 га ауыл шаруашылығы жерлері, оның ішінде егістік - 261,8 га, жайылым - 266,9 га (оның ішінде жақсартылған - 88,0 га) жер учаскесі.
|
Лот № 3 |
|
|
1 |
«Құлагер» ШҚ Булатов Самат Омирбекович |
|
2 |
Хойчбай Ермурат |
Қатысушылардың барлық конкурстық өтінімдері бойынша жер комиссиясы қатысушылардың қоса берілген құжаттары бар өтінімдерінің Қағидаларға және ҚР Жер кодексінің 43-1-бабына сәйкестігі туралы қорытынды шығарады.
Жер комиссиясының бизнес-жоспарды Қағидаларда және ҚР Жер кодексінің 43-1-бабында белгіленген жер учаскесін пайдаланудың мәлімделген критерийлері бойынша қатысушыларды балдық бағалау тәртібіне сәйкес әрі қарай қарауы үшін конкурс қатысушыларының келесі өтінімдері шығарылады:
|
Лот № 3 |
|
|
1 |
«Құлагер» ШҚ Булатов Самат Омирбекович |
|
2 |
Хойчбай Ермурат |
Қағидалардың 23-тармағының 1) тармақшасына сәйкес 1 гектарға салынатын инвестициялардың болжамды көлемі туралы, мың теңге:
суарылмайтын егістікке:
50-ге дейін – 1 балл;
50-ден 70-ке дейін – 2 балл;
70-тен 90-ға дейін – 3 балл;
90-нан 110-ға дейін – 4 балл;
110-нан жоғары – 5 балл;
жайылымдық және шабындық жерлерге:
5-ке дейін – 1 балл;
5-тен 10-ға дейін – 2 балл;
10-нан 20-ға дейін – 3 балл;
20-дан 30-ға дейін – 4 балл;
30-дан жоғары – 5 балл;
2) жайылымдық жерлерге – ауыл шаруашылығы жануарлары басының болуы:
50 бастан кем ірі қара мал, жылқы, түйе – 5 балл;
50 және одан да көп бас ірі қара мал, жылқы, түйе – 10 балл;
300 бастан кем ұсақ мал – 5 балл;
300 және одан да көп бас ұсақ мал – 10 балл;
3) меншікте ауыл шаруашылығы техникасының болуы:
5 бірліктен кем – 5 балл;
5 және одан да көп бірлік – 10 балл;
4) технологиялық жабдықтардың болуы:
1 бірлік – 1 балл;
2 және одан да көп бірлік – 3 балл;
5) ауыл шаруашылығы саласында білікті мамандардың болуы:
5 білікті маманнан кем – 5 балл;
5 және одан да көп білікті маман – 10 балл.
23-1. Осы Қағидалардың 12-1-тармағында көрсетілген конкурстық ұсыныстар бойынша балдар мынадай міндеттемелер критерийлері бойынша беріледі:
1) 1 гектарға салынатын инвестициялардың болжамды көлемі, мың теңге:
20 000-ға дейін – 5 балл;
20 000-нан 50 000-ға дейін – 10 балл;
50 000-нан 100 000-ға дейін – 15 балл;
100 000-нан жоғары – 20 балл;
2) аквакультура объектілерін өсірудің болжамды көлемі, тонна:
50-ге дейін – 3 балл;
50-ден 100-ге дейін – 5 балл;
me100-ден 200-ге дейін – 7 балл;
200-ден 500-ге дейін – 10 балл;
500-ден жоғары – 12 балл;
4) құрылатын жұмыс орындарының болуы:
әрбір құрылған жұмыс орны үшін – 1 балл, бірақ 10 балдан артық емес.
Осы ауданда, қалада, ауылда, кентте кемінде 5 жыл тұратын тұлғаларға олардың конкурстық ұсыныстарына қосымша 10 балл беру түрінде артықшылық беріледі.
|
р/с № |
Лот № 3 |
Берілген балдар |
|
1 |
«Құлагер» ШҚ Булатов Самат Омирбекович |
36 б. |
|
2 |
Хойчбай Ермурат |
49 б. |
Жер комиссиясы қатысушының инвестицияға жұмсайтын шығындарын ескеру қажет деп шешті, осылайша № 3 лот бойынша конкурс қатысушыларының конкурстық ұсыныстарын қарау, салыстыру қорытындысы бойынша жер комиссиясы міндеттемелер критерийлерін ескере отырып, балдар беру арқылы түскен конкурстық ұсыныстар бойынша төмендегіше дауыс берді:
Конкурстық ұсыныстарды қарау, бағалау және салыстыру қорытындысы бойынша, жер учаскесін пайдаланудың мәлімделген критерийлері бойынша қатысушылардың бизнес-жоспарын балдық бағалау тәртібіне сәйкес Хойчбай Ермурат ең жоғары балл жинады.
№ 3 лотқа – Уәлиханов ауылдық округінің әкімшілік шекарасында орналасқан, 10 жыл мерзімге жалға берілетін, жалпы ауданы 528,7 га ауыл шаруашылығы жерлері, оның ішінде егістік - 261,8 га, жайылым - 266,9 га (оның ішінде жақсартылған - 88,0 га) жер учаскесі бойынша: ең жоғары балл (49 балл) жинаған Хойчбай Ермурат жеңімпаз деп танылады.