Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру бойынша №2 лот бойынша конкурстың қорытындылары туралы жер комиссиясының
№ 2 ХАТТАМАСЫ
Степняк қ. 2026 жылғы 22 маусым
Конкурсты өткізу орны: Степняк қ., Біржан сал к-сі, 23, 2-қабат, Біржан сал ауданы әкімі орынбасарының кабинеті.
Жер комиссиясының құрамы:
Сабыров Ерсайын Тендікұлы – Біржан сал ауданы әкімінің орынбасары, комиссия төрағасы.
Балташева Анар Әлібекқызы – Біржан сал ауданының «Жер қатынастары бөлімі» ММ бас маманы, комиссия хатшысы.
Комиссия мүшелері:
Мамиков Бектас Өренханұлы – Біржан сал ауданының «Жер қатынастары бөлімі» ММ басшысы.
Шаймерденов Кәрібай Даулетханұлы – Біржан сал ауданының «Ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ басшысы.
Сәрсембаев Дәулет Әлібекұлы – Біржан сал ауданының «Курылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ басшысы.
Еркебаев Оразалы Махамадиұлы – Ақмола облысы Кәсіпкерлер палатасы Буланды аудандық филиалының директоры (келісім бойынша).
Магерко Игорь Ефимович – Біржан сал аудандық мәслихатының депутаты (келісім бойынша).
Әльжанов Арман Жасырбайұлы – Степняк қаласы жергілікті қоғамдастығының мүшесі (келісім бойынша).
Кенжебаева Ақмарал Нұрқанқызы – Біржан сал ауданы қоғамдық кеңесінің төрағасы (келісім бойынша).
Болатов Самат Шинабекұлы – «SAMBO» шаруа қожалығының басшысы (келісім бойынша).
Нұрашева Асель Сайлауқызы - Уәлиханов ауылдық округінің әкімі.
Алдунгаров Асылхан Казбекұлы - Уәлиханов ауылдық округі жергілікті қоғамдастығының жиналысымен уәкілеттік берілген жергілікті қоғамдастық мүшесі.
Комиссия мүшелерінен қатыспағандар:
Сәрсембаев Дәулет Әлібекұлы - Біржан сал ауданының «Құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ басшысы, комиссия мүшесі.
Кворум сақталды. Комиссия отырысы заңды деп танылады.
Күн тәртібінде:
Комиссия хатшысы А.Ә. Балташева Біржан сал ауданы әкімдігіне келіп түскен келесі конкурстық өтінімдер жер комиссиясының қарауына шығарылатынын хабарлады:
№ 2 лотқа – Уәлиханов ауылдық округінің әкімшілік шекарасында орналасқан, 10 жыл мерзімге жалға берілетін, жалпы ауданы 504,0 га ауыл шаруашылығы алқаптары, оның ішінде жайылымдар – 504,0 га, оның ішінде жақсаратыны – 257,7 га жер учаскесі.
|
№ 2 лот |
|
|
1 |
«Нұрмағанбетов» ЖК, Нұрмағанбетов Асқар Габиденович |
|
2 |
«Нұр» ШҚ, Мусин Нұрбек Сәкенович |
Қатысушылардың барлық конкурстық өтінімдері бойынша жер комиссиясы қатысушылардың қоса берілген құжаттары бар өтінімдерінің Қағидаларға және ҚР Жер кодексінің 43-1-бабына сәйкестігі туралы қорытынды шығарады.
|
№ 2 лот |
|
|
1 |
«Нұрмағанбетов» ЖК, Нұрмағанбетов Асқар Габиденович |
|
2 |
«Нұр» ШҚ, Мусин Нұрбек Сәкенович |
Қағидалардың 23-тармағының 1) кіші тармағына сәйкес 1 гектарға салынатын инвестициялардың болжамды көлемі, мың теңге:
жайылымдық және шабындық алқаптарға:
5-ке дейін – 1 балл;
5-тен 10-ға дейін – 2 балл;
10-нан 20-ға дейін – 3 балл;
20-дан 30-ға дейін – 4 балл;
30-дан жоғары – 5 балл;
2) жайылымдық алқаптарға – ауыл шаруашылығы жануарлары басының болуы:
50 бастан кем ірі қара мал, жылқы, түйе – 5 балл;
50 және одан да көп ірі қара мал, жылқы, түйе – 10 балл;
300 бастан кем ұсақ мал – 5 балл;
300 және одан да көп ұсақ мал – 10 балл;
3) меншігінде ауыл шаруашылығы техникасының болуы:
5 бірліктен кем – 5 балл;
5 және одан да көп бірлік – 10 балл;
4) технологиялық жабдықтардың болуы:
1 бірлік – 1 балл;
2 және одан да көп бірлік – 3 балл;
5) ауыл шаруашылығы саласында білікті мамандардың болуы:
5 білікті маманнан кем – 5 балл;
5 және одан да көп білікті маман – 10 балл.
23-1. Осы Қағидалардың 12-1-тармағында көрсетілген конкурстық ұсыныстар бойынша балдар міндеттемелердің мынадай критерийлері бойынша беріледі:
1) 1 гектарға салынатын инвестициялардың болжамды көлемі, мың теңге:
20 000-ға дейін – 5 балл;
20 000-нан 50 000-ға дейін – 10 балл;
50 000-нан 100 000-ға дейін – 15 балл;
100 000-нан жоғары – 20 балл;
2) аквакультура объектілерін өсірудің болжамды көлемі, тонна:
50-ге дейін – 3 балл;
50-ден 100-ге дейін – 5 балл;
100-ден 200-ге дейін – 7 балл;
200-ден 500-ге дейін – 10 балл;
500-ден жоғары – 12 балл;
4) құрылатын жұмыс орындарының болуы:
әрібір құрылған жұмыс орны үшін – 1 балл, бірақ 10 балдан артық емес.
Осы ауданда, қалада, ауылда, кентте кемінде 5 жыл тұратын тұлғаларға олардың конкурстық ұсыныстарына қосымша 10 балл беру түрінде басымдық беріледі.
|
р/с № |
№ 2 лот |
Берілген балдар |
|
1 |
«Нұрмағанбетов» ЖК, Нұрмағанбетов Асқар Габиденович |
43 б. |
|
2 |
«Нұр» ШҚ, Мусин Нұрбек Сәкенович |
50 б. |
Жер комиссиясы қатысушының инвестицияға жұмсаған шығындарын ескеру қажет деп шешті, осылайша №2 лот бойынша конкурс қатысушыларының конкурстық ұсыныстарын қарау, салыстыру қорытындылары бойынша жер комиссиясы міндеттемелер критерийлерін ескере отырып, балдар беру арқылы келіп түскен конкурстық ұсыныстар бойынша дауыс берді:
Конкурстық ұсыныстарды қарау, бағалау және салыстыру қорытындысы бойынша, жер учаскесін пайдаланудың мәлімделген критерийлері бойынша қатысушылардың бизнес-жоспарын баллдық бағалау тәртібіне сәйкес «Нұр» ШҚ Мусин Нұрбек Сәкенович ең жоғары балл жинады.
№ 2 лотқа – Уәлиханов ауылдық округінің әкімшілік шекарасында орналасқан, 10 жыл мерзімге жалға берілетін, жалпы ауданы 504,0 га ауыл шаруашылығы алқаптары, оның ішінде жайылымдар – 504,0 га, оның ішінде жақсаратыны – 257,7 га жер учаскесі бойынша: ең жоғары балл (50 балл) жинаған «Нұр» ШҚ Мусин Нұрбек Сәкенович жеңімпаз деп танылады.