Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі №1 лот бойынша конкурстың қорытындылары туралы жер комиссиясының
№ 1 ХАТТАМАСЫ
|
Степняк қ. |
2026 жылғы 22 маусым |
Конкурсты өткізу орны: Степняк қ., Біржан сал көшесі, 23, 2-қабат, Біржан сал ауданы әкімдігінің аудан әкімі орынбасарының кабинеті.
Жер комиссиясының құрамы:
Сабыров Ерсайын Тендікұлы – Біржан сал ауданы әкімінің орынбасары, комиссия төрағасы.
Балташева Анар Әлібекқызы – Біржан сал ауданының «Жер қатынастары бөлімі» ММ бас маманы, комиссия хатшысы.
Комиссия мүшелері:
Мамиков Бектас Өренханұлы – Біржан сал ауданының «Жер қатынастары бөлімі» ММ басшысы.
Шаймерденов Кәрібай Даулетханұлы – Біржан сал ауданының «Ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ басшысы.
Сәрсембаев Дәулет Әлібекұлы – Біржан сал ауданының «Курылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ басшысы.
Еркебаев Оразалы Махамадиұлы – Ақмола облысы Кәсіпкерлер палатасы Буланды аудандық филиалының директоры (келісім бойынша).
Магерко Игорь Ефимович – Біржан сал аудандық мәслихатының депутаты (келісім бойынша).
Әльжанов Арман Жасырбайұлы – Степняк қаласы жергілікті қоғамдастығының мүшесі (келісім бойынша).
Кенжебаева Ақмарал Нұрқанқызы – Біржан сал ауданы қоғамдық кеңесінің төрағасы (келісім бойынша).
Болатов Самат Шинабекұлы – «SAMBO» шаруа қожалығының басшысы (келісім бойынша).
Нұрашева Асель Сайлауқызы - Уәлиханов ауылдық округінің әкімі.
Алдунгаров Асылхан Казбекұлы - Уәлиханов ауылдық округі жергілікті қоғамдастығының жиналысымен уәкілеттік берілген жергілікті қоғамдастық мүшесі.
Комиссия мүшелерінен қатыспағандар:
Сәрсембаев Дәулет Әлібекұлы - Біржан сал ауданының «Құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ басшысы, комиссия мүшесі.
Кворум сақталды. Комиссия отырысы заңды деп танылады.
Күн тәртібінде:
I section
Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурс бойынша жер комиссиясының отырысын жер комиссиясының төрағасы Е.Т. Сабыров ашып, Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсты ұйымдастыру мен өткізу қағидаларының (бұдан әрі мәтін бойынша – «Қағидалар») 22-тармағына сәйкес жер комиссиясы өтінімдерді олардың сәйкестігі, толықтығы, есептеулерде қателердің болуы, құжаттардағы барлық қолдардың болуы тұрғысынан зерделеуі, сондай-ақ жалпы ресімделуінің дұрыстығын тексеруі, конкурстық ұсыныста көрсетілген инвестициялардың болжамды көлемі бойынша, соның ішінде бизнес-жоспар бойынша балл беру арқылы өтінімді бағалауы және салыстыруы қажет екенін хабарлады.
Комиссия хатшысы А.Ә. Балташева Біржан сал ауданының әкімдігіне келіп түскен келесі конкурстық өтінімдер жер комиссиясының қарауына шығарылатынын хабарлады:
№ 1 лотқа – Уәлиханов ауылдық округінің әкімшілік шекараларында орналасқан, 10 жыл мерзімге жалға берілетін ауыл шаруашылығы алқаптарының жалпы ауданы 537,4 га, оның ішінде жайылымдар – 537,4 га, оның ішінде жақсартылғаны 115,0 га жер учаскесі.
|
№ |
№ 1 лот бойынша қатысушылар |
|
1 |
«Нұрмағанбетов А.Ғ.» ЖК, Асқар Ғабиденұлы Нұрмағанбетов |
|
2 |
«Құлагер» ШҚ, Самат Өмірбекұлы Булатов |
|
3 |
Хойчбай Ермұрат |
|
4 |
Ануарбек Мейрамбекұлы Хамитов |
|
5 |
«Колутон» ФҚ, Ержан Төлеуұлы Сүтпаев |
Қатысушылардың барлық конкурстық өтінімдері бойынша жер комиссиясы қатысушылардың қоса берілген құжаттары бар өтінімдерінің Қағидаларға және ҚР Жер кодексінің 43-1-бабына сәйкестігі туралы қорытынды шығарады.
II section
Жер комиссиясы білдірілген жер учаскесін пайдалану критерийлеріне сәйкес баллдық бағалау тәртібіне сәйкес бизнес-жоспарды одан әрі қарауы үшін Қағидаларда және ҚР Жер кодексінің 43-1-бабында белгіленген мынадай конкурсқа қатысушылардың өтінімдері шығарылады:
|
№ |
№ 1 лот бойынша қатысушылар |
|
1 |
«Нұрмағанбетов А.Ғ.» ЖК, Асқар Ғабиденұлы Нұрмағанбетов |
|
2 |
«Құлагер» ШҚ, Самат Өмірбекұлы Булатов |
|
3 |
Хойчбай Ермұрат |
|
4 |
Ануарбек Мейрамбекұлы Хамитов |
|
5 |
«Колутон» ФҚ, Ержан Төлеуұлы Сүтпаев |
Ануарбек Мейрамбекұлы Хамитовтың өтінімі кері қайтарылды. Себебі: конкурстық ұсыныс жай қарындашпен нөмірленген, Қағидалардың 13-тармағына сәйкес конкурстық ұсынысты конкурсқа қатысушы жабық конвертте, басылған немесе өшпейтін сыямен тігілген түрде беттері нөмірленіп ұсынады, мұнда соңғы беті: жеке тұлғалар үшін – қатысушының (немесе сенімді тұлғаның) қолымен және заңды тұлғалар үшін – бірінші басшының (немесе сенімді тұлғаның) қолымен және мөрмен (ол болған кезде) куәландырылады, оны «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы беру жағдайларын қоспағанда.
«Колутон» ФҚ Ержан Төлеуұлы Сүтпаевтың өтінімі кері қайтарылды. Себебі: конкурстық ұсыныста міндеттемелер тігілмеген, Қағидалардың 13-тармағына сәйкес конкурстық ұсынысты конкурсқа қатысушы жабық конвертте, басылған немесе өшпейтін сыямен тігілген түрде беттері нөмірленіп ұсынады, мұнда соңғы беті: жеке тұлғалар үшін – қатысушының (немесе сенімді тұлғаның) қолымен және заңды тұлғалар үшін – бірінші басшының (немесе сенімді тұлғаның) қолымен және мөрмен (ол болған кезде) куәландырылады, оны «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы беру жағдайларын қоспағанда.
Қағидалардың 23-тармағының 1-кіші тармағына сәйкес 1 гектарға салынатын инвестициялардың болжамды көлемі, мың теңге:
жайылымдық және шабындық алқаптарға:
2) жайылымдық алқаптарға – ауыл шаруашылығы жануарлары басының болуы:
3) меншігінде ауыл шаруашылығы техникасының болуы:
4) технологиялық жабдықтардың болуы:
5) ауыл шаруашылығы саласында білікті мамандардың болуы:
23-1. Осы Қағидалардың 12-1-тармағында көрсетілген конкурстық ұсыныстар бойынша балдар міндеттемелердің мынадай критерийлері бойынша беріледі:
1) 1 гектарға салынатын инвестициялардың болжамды көлемі, мың теңге:
4) құрылатын жұмыс орындарының болуы:
Осы ауданда, қалада, ауылда, кентте кемінде 5 жыл тұратын тұлғаларға олардың конкурстық ұсыныстарына қосымша 10 балл беру түрінде басымдық беріледі.
|
№ 1 лот бойынша қатысушылар |
Берілген балдар |
|
«Нұрмағанбетов А.Ғ.» ЖК, Асқар Ғабиденұлы Нұрмағанбетов |
43 б. |
|
«Құлагер» ШҚ, Самат Өмірбекұлы Булатов |
31 б. |
|
Хойчбай Ермұрат |
40 б. |
|
Ануарбек Мейрамбекұлы Хамитов |
- |
|
«Колутон» ФҚ, Ержан Төлеуұлы Сүтпаев |
- |
Жер комиссиясы қатысушының шығындарын инвестицияға есепке алу қажет деп шешті, осылайша № 1 лот бойынша конкурсқа қатысушылардың конкурстық ұсыныстарын қарау, салыстыру қорытындысы бойынша жер комиссиясы келіп түскен конкурстық ұсыныстар бойынша міндеттемелер критерийлерін есепке ала отырып балдар беру арқылы дауыс берді.
Конкурстық ұсыныстарды қарау, бағалау және салыстыру қорытындысы бойынша, жер учаскесін пайдаланудың мәлімделген критерийлері бойынша қатысушылардың бизнес-жоспарын баллдық бағалау тәртібіне сәйкес «Нұрмағанбетов А.Ғ.» ЖК Асқар Ғабиденұлы Нұрмағанбетов ең жоғары балл жинады.
№ 1 лот бойынша – Уәлиханов ауылдық округінің әкімшілік шекараларында орналасқан, 10 жыл мерзімге жалға берілетін ауыл шаруашылығы алқаптарының жалпы ауданы 537,4 га, оның ішінде жайылымдар – 537,4 га, оның ішінде жақсартылғаны 115,0 га жер учаскесі бойынша ең жоғары балл (43 балл) жинаған «Нұрмағанбетов А.Ғ.» ЖК Асқар Ғабиденұлы Нұрмағанбетов жеңімпаз деп танылсын.