Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі №15 лот бойынша конкурстың қорытындылары туралы жер комиссиясының
№ 15 ХАТТАМАСЫ
Степняк қ. 2026 жылғы 22 маусым
Конкурсты өткізу орны: Степняк қ., Биржан сал көшесі, 23
2-қабат, Биржан сал ауданы әкімдігі аудан әкімі орынбасарының кабинеті.
Жер комиссиясының құрамы:
Сабыров Ерсайын Тендікұлы – Біржан сал ауданы әкімінің орынбасары, комиссия төрағасы.
Балташева Анар Әлібекқызы – Біржан сал ауданының «Жер қатынастары бөлімі» ММ бас маманы, комиссия хатшысы.
Комиссия мүшелері:
Мамиков Бектас Өренханұлы – Біржан сал ауданының «Жер қатынастары бөлімі» ММ басшысы.
Шаймерденов Кәрібай Даулетханұлы – Біржан сал ауданының «Ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ басшысы.
Сәрсембаев Дәулет Әлібекұлы – Біржан сал ауданының «Курылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ басшысы.
Еркебаев Оразалы Махамадиұлы – Ақмола облысы Кәсіпкерлер палатасы Буланды аудандық филиалының директоры (келісім бойынша).
Магерко Игорь Ефимович – Біржан сал аудандық мәслихатының депутаты (келісім бойынша).
Әльжанов Арман Жасырбайұлы – Степняк қаласы жергілікті қоғамдастығының мүшесі (келісім бойынша).
Кенжебаева Ақмарал Нұрқанқызы – Біржан сал ауданы қоғамдық кеңесінің төрағасы (келісім бойынша).
Болатов Самат Шинабекұлы – «SAMBO» шаруа қожалығының басшысы (келісім бойынша).
Мұрсалимов Сайран Тапешұлы – Бирсуат ауылдық округінің әкімі.
Төлеуов Амантай Бопанұлы – жергілікті қоғамдастық жиналысымен делегатталған Бирсуат ауылдық округі жергілікті қоғамдастығының мүшесі.
Қатыспаған комиссия мүшелері:
Сәрсембаев Дәулет Әлібекұлы – Біржан сал ауданының «Кұрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ басшысы, комиссия мүшесі.
Болатов Самат Шинабекұлы – «SAMBO» шаруа қожалығының басшысы, осы лотқа конкурстық өтінім беруіне байланысты өздігінен бас тарту (самоотвод).
Кворум сақталды. Комиссия отырысы заңды деп танылады.
Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурс бойынша жер комиссиясының отырысын жер комиссиясының төрағасы Е.Т. Сабыров ашты және Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсты ұйымдастыру және өткізу қағидаларының (бұдан әрі мәтін бойынша – «Қағидалар») 22-тармағына сәйкес жер комиссиясы өтінімдерді олардың сәйкестігі, толықтығы, есептеулердегі қателердің болуы/болмауы, құжаттардағы барлық қолдардың болуы, сондай-ақ тұтастай алғанда ресімделуінің дұрыстығы тұрғысынан зерделеуі, конкурстық ұсыныста көрсетілген бизнес-жоспар бойынша, оның ішінде инвестициялардың болжамды көлемі бойынша балл беру арқылы өтінімді бағалауы және салыстыруы қажет екенін хабарлады.
Комиссия хатшысы А.Ә. Балташева Биржан сал ауданының әкімдігіне түскен келесі конкурстық өтінімдер жер комиссиясының қарауына шығарылатынын хабарлады:
№ 15 лотқа – Бирсуат ауылдық округінің әкімшілік шекарасында орналасқан, 10 жыл мерзімге жалға берілетін жалпы алаңы 29,0 га а.ш. алқаптары, оның ішінде егістік – 29,0 га жер учаскесі.
|
№ |
№ 15 лот |
|
1 |
«SAMBO» ШҚ, Болатов Самат Шинабекович |
|
2 |
«Сейтказин» ЖК, Сейтказин Дархан Нурлыбекович |
|
3 |
Хойчбай Ермурат |
|
4 |
«Zoo Vet» ЖК, Сыздыков Валихан Тимурович |
«SAMBO» ШҚ Болатов Самат Шинабековичтің өтінімі Қағидалар талаптарына және ҚР Жер кодексінің 43-1-бабына сәйкес келмейді, конкурстық ұсыныс нөмірленбеген. Конкурсқа қатысушылардың қалған конкурстық өтінімдері бойынша жер комиссиясы қатысушылардың қоса берілген құжаттары бар өтінімдерінің Қағидаларға және ҚР Жер кодексінің 43-1-бабына сәйкестігі туралы қорытынды шығарады.
Қағидаларда және ҚР Жер кодексінің 43-1-бабында белгіленген жер учаскесін пайдаланудың мәлімделген критерийлері бойынша қатысушыларды баллдық бағалау тәртібіне сәйкес жер комиссиясының бизнес-жоспарды әрі қарай қарауы үшін конкурсқа қатысушылардың келесі өтінімдері шығарылады:
|
№ |
№ 15 лот |
|
1 |
«Сейтказин» ЖК, Сейтказин Дархан Нурлыбекович |
|
2 |
Хойчбай Ермурат |
|
3 |
«Zoo Vet» ЖК, Сыздыков Валихан Тимурович |
Қағидалардың 23-тармағына сәйкес осы Қағидалардың 12-тармағында көрсетілген конкурстық ұсыныстар бойынша балдар міндеттемелердің келесі критерийлері бойынша беріледі:
1) жер учаскесін жалға алудың алғашқы бес жылында 1 гектарға салынатын инвестициялардың болжамды көлемі, мың теңге:
суарылмайтын егістікке:
50-ге дейін – 1 балл;
50-ден 70-ке дейін – 2 балл;
70-тен 90-ға дейін – 3 балл;
90-нан 110-ға дейін – 4 балл;
110-нан жоғары – 5 балл;
суармалы егістікке (суармалы жерлер):
200-ге дейін – 1 балл;
200-ден 300-ге дейін – 2 балл;
300-ден 400-ге дейін – 3 балл;
400-ден 500-ге дейін – 4 балл;
500-ден жоғары – 5 балл;
жайылымдық және шабындық алқаптарға:
5-ке дейін – 1 балл;
5-тен 10-ға дейін – 2 балл;
10-нан 20-ға дейін – 3 балл;
20-дан 30-ға дейін – 4 балл;
30-дан жоғары – 5 балл;
2) жайылымдық алқаптарға – ауыл шаруашылығы жануарлары басының болуы:
ірі қара мал, жылқы, түйе 50 бастан кем – 5 балл;
ірі қара мал, жылқы, түйе 50 және одан да көп бас – 10 балл;
ұсақ мал 300 бастан кем – 5 балл;
ұсақ мал 300 және одан да көп бас – 10 балл;
3) меншікте ауыл шаруашылығы техникасының болуы:
5 бірліктен кем – 5 балл;
5 және одан да көп бірлік – 10 балл;
4) технологиялық жабдықтардың болуы:
1 бірлік – 1 балл;
2 және одан да көп бірлік – 3 балл;
5) ауыл шаруашылығы саласында білікті мамандардың болуы:
5 білікті маманнан кем – 5 балл;
5 және одан да көп білікті маман – 10 балл.
|
Т/н |
№ 15 лот |
Берілген балдар |
|
1 |
«Сейтказин» ЖК, Сейтказин Дархан Нурлыбекович |
10 б.+ 5 б.+5 б.+3 б.+5 б.=28 б. |
|
2 |
Хойчбай Ермурат |
10 б.+ 5 б.+5 б.+5 б.=25 б. |
|
3 |
«Zoo Vet» ЖК, Сыздыков Валихан Тимурович |
10 б.+3 б.=13 б. |
Жер комиссиясы қатысушылардың инвестицияларға жұмсаған шығындарын ескеру қажет деп шешті, осылайша № 15 лот бойынша конкурсқа қатысушылардың конкурстық ұсыныстарын қарау, салыстыру қорытындысы бойынша жер комиссиясы келіп түскен конкурстық ұсыныстар бойынша міндеттемелер критерийлерін ескере отырып, балдар беру жолымен дауыс берді:
Конкурстық ұсыныстарды қарау, бағалау және салыстыру қорытындысы бойынша жер учаскесін пайдаланудың мәлімделген критерийлері бойынша қатысушылардың бизнес-жоспарын баллдық бағалау тәртібіне сәйкес «Сейтказин» ЖК Сейтказин Дархан Нурлыбекович ең жоғары балл жинады.
№ 15 лотқа – Бирсуат ауылдық округінің әкімшілік шекарасында орналасқан, 10 жыл мерзімге жалға берілетін жалпы алаңы 29,0 га а.ш. алқаптары, оның ішінде егістік – 29,0 га жер учаскесі: ең жоғары балл (28 балл) жинаған «Сейтказин» ЖК Сейтказин Дархан Нурлыбекович жеңімпаз деп танылады.