Біржан сал ауданының Краснофлот ауылының әкімін
кезекті сайлауы бойынша сайлау округінің шекарасы,
Біржан сал ауданының аумақтық сайлау комиссиясының
орналасқан жері мен құрамы туралы
Хабарлама
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 13-бабының 4-тармағына, 22-бабының 2-тармағына, Біржан сал ауданының аумақтық сайлау комиссиясының 2026 жылғы 10 маусымдағы «Біржан сал ауданының Краснофлот ауылының әкімін кезекті сайлауды тағайындау туралы» № 80 қаулысына сәйкес, сайлау округінің шекарасы, Біржан сал ауданының аумақтық сайлау комиссиясының орналасқан жері мен құрамы туралы хабарлаймыз:
Біржан сал ауданының Краснофлот ауылының әкімін сайлау бойынша сайлау округі – Краснофлот ауылы шекарасындағы Краснофлот сайлау округі.
Біржан сал ауданының аумақтық сайлау комиссиясы
Орналасқан жері: Ақмола облысы, Біржан сал ауданы, Степняк қаласы, Біржан сал ауданының «Ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің ғимараты, Жақан Сыздықов көшесі, 2а құрылыс, 13, 17 каб., тел.: 8 (71639) 2-22-27.
Комиссия төрағасы – Шәуенов Серік Жанатұлы; төрағаның орынбасары - Ақышев Қуат Қажыбайұлы; хатшысы – Бермағанбетова Зылқия Қантайқызы; комиссия мүшелері: Баяубаев Саят Аманжолұлы, Мамиков Бектас Өренханұлы, Нәтиева Динара Көпжасарқызы, Нұрғалиев Руслан Наилұлы.
Біржан сал ауданының аумақтық сайлау комиссиясы