Ереже
Біржан сал ауданының
«Баймырза ауылдық округі әкімінің аппараты»
мемлекеттік мекемесінің
ЕРЕЖЕСІ
Біржан сал ауданы әкімдігінің 2019 жылғы «25» қараша № а-12/308 қаулысымен бекітілген Біржан сал ауданының «Баймырза ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің ЕРЕЖЕСІ 1. Жалпы ережелер 1. Біржан сал ауданының «Баймырза ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Баймырза ауылдық округі әкімінің қызметін қамтамасыз ететін және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыратын мемлекеттік мекеме болып табылады. 2. Біржан сал ауданының «Баймырза ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады. 3. Біржан сал ауданының «Баймырза ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, қазынашылық органдарында шоттары болады. 4. Біржан сал ауданының «Баймырза ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі өз атынан азаматтық-құқықтық қатынастарға түседі. 5. Біржан сал ауданының «Баймырза ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамаға сәйкес мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапына түсуге құқылы. 6. Біржан сал ауданының «Баймырза ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің Ережесі, оның құрылымы Біржан сал ауданы әкімдігінің қаулысымен бекітіледі. 7. Мемлекеттік органның толық атауы және заңды мекенжайы: мемлекеттік тілде – Біржан сал ауданы «Баймырза ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі. 020701, Қазақстан Республикасы, Ақмола облысы, Біржан сал ауданы, Баймырза ауылы, Сейфуллин көшесі, 15 құрылыс, мекенжайдың тіркеу коды: 0201300134561309. орыс тілінде – государственное учреждение «Аппарат акима Баймырзинского сельского округа» района Биржан сал. 020701, Республика Казахстан, Акмолинская область, район Биржан сал, село Баймырза, улица Сейфуллина, строение 15, регистрационный код адреса: 0201300134561309. 8. Біржан сал ауданының «Баймырза ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесін Біржан сал ауданы әкімдігі құрады, таратады және қайта ұйымдастырады. 9. Біржан сал ауданының «Баймырза ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі жергілікті бюджет есебінен ұсталатын мемлекеттік мекеме болып табылады. 10. Біржан сал ауданының «Баймырза ауылдық округ әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілермен Біржан сал ауданы «Баймырза ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысынан шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады. 2. Мемлекеттік мекемесінің негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері 11. Біржан сал ауданының «Баймырза ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің міндеттері: Баймырза ауылдық округі әкімінің қызметін ақпараттық-талдамалық, ұйымдастырушылық-құқықтық, материалдық-техникалық қамтамасыз ету, сондай-ақ жергілікті маңызы бар мәселелерді шешу. 12. Біржан сал ауданының «Баймырза ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі келесі функцияларды орындайды: 1) Біржан сал ауданының «Баймырза ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі өз құзыреті шегінде: жергілікті қоғамдастық жиынын, ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындарының бөлек жергілікті қоғамдастық жиынын, жергілікті қоғамдастық жиналысын өткізуді ұйымдастыруды қамтамасыз етеді; бөлек жергілікті қоғамдастық жиынының, жергілікті қоғамдастық жиынының және жиналысының шақырылу уақытын, орнын және талқыланатын мәселелер туралы бұқаралық ақпарат құралдары арқылы немесе өзге де тәсілдермен олар өткізілетін күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей хабардар етеді; жергілікті қоғамдастық жиынында немесе жергілікті қоғамдастық жиналысында қабылданған және Біржан сал ауданының «Баймырза ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің мақұалдаған шешімдердің орындалуын қамтамасыз етеді; Біржан сал ауданының «Баймырза ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің бюджетін жоспарлауды және атқаруды қамтамасыз етеді; жергілікті қоғамдастықтың жиналысына және Біржан сал ауданы мәслихатына Біржан сал ауданы «Баймырза ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің бюджетінің атқарылуы туралы есепті ұсынады; Біржан сал ауданының «Баймырза ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің бюджетін іске асыру туралы шешім қабылдайды; жергілікті қоғамдастықты дамыту бағдарламасын әзірлейді және оны жергілікті қоғамдастық жиналысының бекітуіне ұсынады; Біржан сал ауданының «Баймырза ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі коммуналдық мүлкіне жататын объектілерді салу, реконструкциялау және жөндеу бойынша тапсырыс беруші болады; жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкінің нысаналы және тиімді пайдаланылуын бақылауды жүзеге асырады; жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық заңды тұлғаларына қатысты коммуналдық меншік құқығы субъектісінің құқықтарын жүзеге асырады; Біржан сал ауданының «Баймырза ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі коммуналдық меншігіндегі (жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық меншігіндегі) коммуналдық мемлекеттік кәсіпорынға алып қойылған мүлікті кейіннен баланстан шығара отырып, өзге тұлғаға бергенге дейін күтіп ұстау және оның сақталуын қамтамасыз ету мерзімін белгілейді; жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкінің мәселелері бойынша мемлекеттің мүдделерін білдіреді, Біржан сал ауданының «Баймырза ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі меншік (жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық меншігі) құқығын қорғауды жүзеге асырады; жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкін сенімгерлік басқару шарты бойынша міндеттемелерді сенімгерлік басқарушының орындауын бақылауды жүзеге асырады; Біржан сал ауданының «Баймырза ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі коммуналдық меншігіндегі (жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық меншігіндегі) коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың даму жоспарларының орындалуын бақылауды және талдауды жүзеге асырады; жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкін есепке алуды ұйымдастырады, оның тиімді пайдаланылуын қамтамасыз етеді. 2) Біржан сал ауданының «Баймырза ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі жергілікті қоғамдастық жиналысымен келісу бойынша: өз құзыреті шегінде жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкін басқару саласындағы құқықтық актілердің жобаларын әзірлейді; егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзге көзделмесе, жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкін басқарады, оны қорғау жөніндегі шараларды жүзеге асырады; жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкін жекешелендіруді жүзеге асырады және шешім қабылдайды, оның ішінде объектіні жекешелендіруге дайындау процесінде оның сақталуын қамтамасыз етеді, жекешелендіру процесін ұйымдастыру үшін делдалды тартады, жекешелендіру объектісін бағалауды қамтамасыз етеді, жекешелендіру объектісін сатып алу- сату шарттарын дайындау мен жасасуды және сатып алу-сату шарттары талаптарының сақталуын бақылауды жүзеге асырады; Біржан сал ауданының «Баймырза ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі коммуналдық меншігіндегі (жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық меншігіндегі) коммуналдық мемлекеттік кәсіпорын қызметінің нысанасы мен мақсаттарын, сондай-ақ осындай қызметті жүзеге асыратын коммуналдық мемлекеттік кәсіпорынның түрін (шаруашылық жүргізу құқығындағы немесе қазыналық кәсіпорын) айқындайды; жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық заңды тұлғасына берілген немесе өзінің шаруашылық қызметінің нәтижесінде өзі сатып алған мүлікті алып қоюды немесе қайта бөлуді жүзеге асырады; жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық заңды тұлғаларының артық, пайдаланылмайтын не мақсатқа сай пайдаланылмайтын мүлкін алып қоюды жүзеге асырады; жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкін жеке тұлғаларға және мемлекеттік емес заңды тұлғаларға кейіннен сатып алу құқығынсыз немесе кейіннен сатып алу құқығымен мүліктік жалдауға (жалға алуға), сенімгерлік басқаруға береді; Біржан сал ауданы әкімімен келісу бойынша жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық заңды тұлғаларын құру, қайта ұйымдастыру, атауын өзгерту және тарату туралы шешім қабылдайды; коммуналдық мемлекеттік кәсіпорынға өзіне бекітіп берілген мүлікті (ол өндірген өнімді сатуды қоспағанда) иеліктен шығаруға немесе оған өзгеше тәсілмен билік етуге, филиалдар мен өкілдіктер құруға, сондай-ақ дебиторлық берешекті беруге және есептен шығаруға келісім береді; жергілікті өзін-өзі басқарудың мемлекеттік заңды тұлғаларының жарғысын (ережесін), оған енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларды бекітеді; Біржан сал ауданының «Баймырза ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде коммуналдық меншігіндегі (жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық меншігіндегі) мүлкі коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындар қызметінің басым бағыттарын және бюджеттен қаржыландырылатын жұмыстарының (көрсетілетін қызметтерінің) міндетті көлемін айқындайды; Біржан сал ауданының Баймырза ауылдық округінің коммуналдық меншігіндегі (жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық меншігіндегі) мемлекеттік кәсіпорындардың даму жоспарларын және олардың орындалуы жөніндегі есептерді «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген жағдайларда қарайды, келіседі және бекітеді; жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкін пайдалану, оның ішінде оны кепілге, жалға алуға, өтеусіз пайдалануға және сенімгерлік басқаруға беру туралы шешімдер қабылдайды; жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкін жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық заңды тұлғаларына бекітіп береді; жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкін иеліктен шығару туралы шешім қабылдайды; Қазақстан Республикасының заңнамасында берілген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады. 13. Біржан сал ауданының «Баймырза ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі өз құзыреті шегінде: 1) мемлекеттiк органдар мен басқа ұйымдардың лауазымды тұлғаларынан қажеттi ақпаратты, құжаттарды және өзге де материалдарды сұрауға және алуға; 2) мүлiктiк және мүлiктiк емес құқықтарды алуға және жүзеге асыруға; 3) мемлекеттік басқару органдарының, мұрағаттардың, ғылыми мекемелердің ақпараттық деректер базаларын пайдалануға; 4) шарттар, келісімдер жасасуға; 5) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес көзделген өзге де құқықтарға ие болуға құқылы. 14. Біржан сал ауданының «Баймырза ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің өз құзыреті шегіндегі міндеттері: 1) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес халыққа сапалы мемлекеттік қызметтер көрсету; 2) Қазақстан Республикасы Президентiнің, Yкіметінің және өзге де орталық атқарушы органдардың, Ақмола облысы әкімінің және әкімдігінің, Біржан сал ауданы әкімінің және әкмдігінің, Баймырза ауылдық округі әкімінің актілерi мен тапсырмаларын сапалы және уақтылы орындау; 3) Қазақстан Республикасындағы қолданыстағы заңнамада көзделген өзге де міндеттерді жүзеге асыру. 3. Мемлекеттік мекемесінің қызметін ұйымдастыру 15. Біржан сал ауданының «Баймырза ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесін Баймырза ауылдық округінің әкімі басқарады. 16. Біржан сал ауданының Баймырза ауылдық округ әкімнің өкілеттіктері: 1) Біржан сал ауданының «Баймырза ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің жұмысын ұйымдастырады, оның қызметіне басшылық етуді жүзеге асырады; 2) жергілікті қоғамдастықтың жиынында немесе жергілікті қоғамдастықтың жиналысында қабылданған шешімдерді қарайды, олардың орындалуын қамтамасыз етеді; 3) бюджет қаражатын үнемдеудің және (немесе) Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы заңнамасында көзделген түсімдердің есебінен еңбек шарты бойынша жұмыскерлерді қабылдайды; 4) мемлекеттік мекемелердің өз иелігінде қалатын тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуінен түсетін ақша түсімдері мен шығыстарының жиынтық жоспарын Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес жасайды және бекітеді; 5) Біржан сал ауданының Баймырза ауылдық округтiң тұрғын үй қорын түгендеуді жүргізеді; 6) Біржан сал ауданының әкімімен және жергілікті қоғамдастық жиналысымен келісу бойынша Баймырза ауылдық округінде авариялық тұрғын үйлерін бұзуды ұйымдастырады; 7) мемлекеттік жоспарлау жүйесінің бағдарламалық құжаттары аясында ауыл халқына микрокредит беруге жәрдем көрсетеді; 8) Қазақстан Республикасының заңдарымен және өзге де нормативтік құқықтық актілермен жүктелген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады. 17. Біржан сал ауданының Баймырза ауылдық округінің әкімі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әкімнің орынбасары болуы мүмкін. 18. Біржан сал ауданының Баймырза ауылдық округінің әкімі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес әкім орынбасарының міндеттері мен өкілеттіктерін айқындайды. 19. Баймырза ауылдық округінің әкімі, Біржан сал ауданының «Баймырза ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерінің мемлекеттік қызметшілер этикасының нормаларын сақтауын, жемқорлыққа қарсы шараларды өз жауапкершілігіне ала отырып қамтамасыз етеді. 4. Мемлекеттік мекеменің мүлкі 20. Біржан сал ауданының «Баймырза ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі заңнамада көзделген жағдайларда әкім аппаратының жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін. Біржан сал ауданының «Баймырза ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүліктен, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүліктен (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады. 21. Біржан сал ауданының «Баймырза ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің бекітіліп берілген мүлік (жергілікті өзін-өзі басқарудың) коммуналдық меншігіне жатады. 22. Біржан сал ауданының «Баймырза ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі егер заңнамада басқаша белгіленбесе, әкімнің аппараты жергілікті қоғамдастық жиналысымен келісу бойынша бекітіліп берілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне берілген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті иеліктен шығаруы немесе оған өзгеше тәсілмен билік етуі мүмкін. 5. Мемлекеттік мекемені қайта ұйымдастыру және тарату 23. Біржан сал ауданының «Баймырза ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тәртіппен жүзеге асырылады.
Дата публикации
15 марта 2024