Атбасарда Ардагерлерді еске алу аллеясы ашылды
2026 жылғы 21 қазанда Атбасар қаласының орталық саябағында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында Ардагерлерді еске алу аллеясының салтанатты ашылу рәсімі өтті.
Іс-шараға Ауғанстан соғысының ардагерлері, Тәжікстан-Ауғанстан мемлекеттік шекара шебіндегі ұрыс қимылдарының ардагерлері, Таулы Қарабақ оқиғасына қатысушылар, мемлекеттік орган мен қоғамдық ұйым өкілдері, кадеттер және қала тұрғындары қатысты.
Жиналған қауым алдында Атбасар ауданының әкімі Кенеш Ғалибекұлы Әлімжанов, аудандық Ардагерлер кеңесінің төрағасы Сабыржан Нұркенұлы Мұсабеков және ардагерлер ұйымдарының өкілдері құттықтау сөз сөйледі. Олар өз сөзінде тарихи жадыны сақтаудың, ардагерлер ерлігіне құрмет көрсетудің және өскелең ұрпақты отансүйгіштікке тәрбиелеудің маңыздылығын атап өтті.
Шараның ерекше сәті — «Жас Айбын» әскери-патриоттық қозғалысы мен «Бүркіт» клубы туының жас ұрпаққа салтанатты түрде табысталуы болды. Бұл рәсім ұрпақтар сабақтастығының, патриоттық дәстүрлерге адалдықтың және жастардың ел болашағы үшін жауапкершілігінің символына айналды.
Іс-шараның маңызды бөлігі ретінде ардагерлердің құрметіне шырша көшеттерін отырғызу рәсімі ұйымдастырылды. Қатысушылар Отан қорғаушылардың ерлігі мен төзімділігін және оларға деген мәңгілік тағзымды білдіретін ағаштарды егіп, артынша суарды. Осылайша олар туған қаланы көгалдандыру мен абаттандыруға өз үлестерін қосты. Әрбір отырғызылған ағаш- ардагерлерге деген алғыстың, олардың ерлігіне деген құрметтің және ұрпақтар байланысының белгісі іспетті.
Уақыт өте келе бұл жас шыршалар зәулім аллеяға айналып, қала тұрғындары мен өскелең ұрпаққа батырлықты, бейбітшіліктің қадірін және тарихи мұраны қастерлеу қажеттілігін еске салып тұратын болады.
Еске алу аллеясының ашылуы қоршаған ортаға деген қамқорлық пен ерлігі мен сертке адалдығы кейінгі ұрпаққа үлгі болған жандарға деген құрметті біріктірген маңызды оқиғаға айналды. Ардагерлерге деген ризашылықтың, тарихқа деген құрмет және туған жерге деген сүйіспеншіліктің өшпес символына айналып, Еске алу аллеясы жайқалып өсе берсін.
Аудан әкімі зейнеткерлерді Қарттар күнімен құттықтады
Қарттар күніне арналған айлық аясында аудан әкімі К. Әлімжанов зейнеткерлермен кездесіп, оларды мерекемен құттықтады. Аудан әкімі аға ұрпаққа көпжылдық адал еңбегі, бай өмірлік тәжірибесі және аймақтың дамуына қосқан өлшеусіз үлесі үшін шын жүректен алғыс білдірді.
Кездесу барысында аудан басшысы қарияларға гүл шоқтарын тарту етіп, олардың хал-жағдайымен және тұрмыс сапасымен танысты, сондай-ақ ақсақалдардың ақ баталарын алып, ризашылық сөздерін тыңдады.
К. Әлімжанов: «Аға ұрпаққа қамқорлық жасау, қарттарымызды ардақтап, құрмет көрсету — қоғамымыздың басты міндеттерінің бірі», — деп атап өтіп, зейнеткерлерге зор денсаулық, ұзақ өмір және отбасылық амандық тіледі.
Игі шараға аудан әкімінің орынбасары Қ. Қуатбеков пен Соғыс және еңбек ардагерлері кеңесінің төрағасы С. Мұсабеков те қатысты. Бұл жүздесулер — өткен мен бүгінді жалғап, өнегелі өмір жолы жас буынға үлгі болған үлкендерге көрсетілген шынайы ілтипаттың көрінісі.
Жерлесіміз Давид Дегтярёвті жарқын жеңісімен құттықтаймыз!
Жерлесіміз Давид Дегтярёв Жапонияның Нагоя қаласында өтіп жатқан V Азия Пара ойындарында алтын медаль жеңіп алып, парапауэрлифтингтен жарыстың жаңа рекордын орнатты. Ол 54 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде 192 келі зілтемірді көтеріп, жоғары нәтижеге қол жеткізді. Бұл айтулы жеңіс – тынымсыз еңбектің, қайсар рухтың, табандылық пен жеңіске деген жігердің жемісі. Давидтің бұл жетістігі – Атбасар ауданының ғана емес, бүкіл еліміздің зор мақтанышы!
Давидті осындай жоғары жетістігімен шын жүректен құттықтаймын! Жеңімпазымызға зор денсаулық, амандық, толағай табыс, спорттық мансабына жаңа жеңістер мен биік белестер тілеймін. Алда әлі талай жарқын жеңістерге жетіп, жерлесіміздің есімі әлемге мақтанышпен таныла берсін!
Сені мақтан тұтамыз, Давид! Сен – біздің мақтанышымыз, әрі өскелең ұрпаққа үлгі болар тұлғасың!
Құрметті азаматтық қорғау органдарының қызметкерлері мен ардагерлері, құтқарушылар, өрт сөндірушілер және Атбасар ауданы тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз етіп жүрген барша азаматтар!
Сіздерді Қазақстан Республикасының кәсіби мерекесі – Құтқарушылар күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Құтқарушы мамандығы – үлкен батылдықты, табандылықты, жауапкершілікті және кез келген сәтте көмекке келуге дайын болуды талап ететін абыройлы қызмет. Сіздер күн сайын адам өмірі мен мүлкін қорғап, түрлі төтенше жағдайлардың алдын алу және олардың салдарын жою жолында аянбай еңбек етіп келесіздер. Табиғи апаттар мен өзге де қауіп-қатерлер кезінде жедел әрекет етіп, халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі еңбектеріңіз ерекше құрметке лайық.
Әсіресе, су тасқынының зардаптарын жоюға қатысқан барша азаматтарға айрықша алғысымды білдіргім келеді. Осындай күрделі кезеңде Сіздер тәулік бойы еңбек етіп, тұрғындарды қауіпсіз жерге көшіруге, қорғаныс құрылыстарын нығайтуға және су тасқынына қарсы іс-шараларды жүргізуге белсенді атсалыстыңыздар. Бұл – кәсіби шеберліктің, төзімділіктің және ел алдындағы жауапкершіліктің айқын көрінісі.
Төтенше жағдайлар кезінде жедел әрі үйлесімді жұмыс атқаратын диспетчерлердің, жүргізушілердің, медицина қызметкерлерінің және басқа да мамандардың еңбегі де зор. Олардың әрқайсысы адам өмірін сақтап қалуға және қауіпсіздікті қамтамасыз етуге өз үлесін қосып келеді.
Сонымен қатар, көп жылғы тәжірибесімен, мамандығына деген адалдығымен және жауапкершілігімен кейінгі буынға үлгі болып жүрген сала ардагерлеріне ерекше алғысымды білдіремін.
Құрметті қызметкерлер мен сала ардагерлері!
Қиын да жауапты қызметтеріңіз, азаматтық борыштарыңызға деген адалдықтарыңыз және ел игілігі жолындағы еңбектеріңіз үшін шынайы ризашылығымды қабыл алыңыздар. Қызметтеріңіз әрдайым сәтті өтіп, әріптестеріңіздің қолдауы мен өз күштеріңізге деген сенім серік болсын. Әрбір кезекшіліктен аман-есен оралып, отбасыларыңыздың ортасында тыныштық пен берекеге бөленулеріңізге тілектеспін.
Сіздерге қызметте толағай табыс, тыныш кезекшілік, сенімді техника және төтенше жағдайлардың барынша аз болуын тілеймін!
Қазақстан Республикасының Құтқарушылар күні құтты болсын!
Баршаңызға зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, бақ-береке және халық игілігі жолындағы абыройлы қызметтеріңізге толағай табыс тілеймін!
Атбасар қаласының № 3 мектеп-гимназиясында "Кітап оқитын ұлт" жобасы аясында басты марапат-велосипед ұтып алуға болады! Жобаға кіші, орта және жоғары сынып оқушылары, сондай-ақ мұғалімдер қатысады. Әр санат үшін жеке сыйлықтар қарастырылған.
Мектеп кітапханасында әдеби іс-шаралар өтеді: балалар оқығандарын қайталап, талдайды, оқудан алған әсерлерімен бөлісе отыра, жаңа шығармалармен танысады. "Лед-буков" байқауы сонымен қатар балаларды оқуға, қиял мен кітапқа деген сүйіспеншілікті дамытуға көмектеседі. Кітапты қызыға оқып, білім көкжиегіңізді кеңейтіңіз! Кітапқа деген сүйіспеншілік биік белестерге жетелесін!
Ақмола облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы «Ақмола облысының 2026–2030 жылдарға арналған қоршаған орта сапасының нысаналы көрсеткіштерін әзірлеу»жобасы бойынша қоғамдық тыңдаулардың жария талқылау нысанында өткізілетіні туралы хабарлайды.
Тапсырыс беруші: «Ақмола облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» ММ, БСН 050140002890, Қазақстан Республикасы, Көкшетау қаласы, Абай көшесі, 89-үй, тел.: +7 (716-2) 25-19-86, электрондық пошта: natur@aqmola.gov.kz.
Әзірлеуші: «Аspan TauLTD» ЖШС, БСН 051040009034, Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Қалқаман-2 шағынауданы, Сланов көшесі, 6-үй, тел.: +7 (727-3) 72-20-78, электрондық пошта: tau_aspan@mail.ru.
Жобалық құжаттамамен ҚОҚ және ТР ҚБД сайтында https://hearings.ndbecology.gov.kz// танысуға болады.
Ескертулер мен ұсыныстар 2026 жылғы 2 қарашадан бастап 10 жұмыс күні ішінде ҚОҚ және ТР ҚБД сайтында https://hearings.ndbecology.gov.kz// қабылданады.
Атбасар қаласында есіктен кірген сәттен бастап жаңа піскен нан мен тәтті тоқаштардың хош иісі қарсы алатын ерекше орын бар. Бұл — өзінің өнім түрлерімен, күн сайынғы балғын нанымен, тәтті пісірмелерімен және жартылай фабрикаттарымен қала тұрғындарының көңілінен шығып үлгерген «DON BATON» шағын наубайханасы. Бұл табыстың артында Мейрамовтар отбасы мен «Ауыл аманаты» мемлекеттік бағдарламасының арқасында өз арманын шындыққа айналдырған кәсіпкер Аида Мейрамова тұр. Бағдарлама ауыл тұрғындарына өз ісін ашуға, кәсіпкерлікті дамытуға және жаңа жұмыс орындарын құруға мүмкіндік береді. Атбасар ауданында да бағдарламаға деген қызығушылық артып келеді: 2023 жыл — жалпы сомасы 71,2 млн теңгені құрайтын 19 өтінім берілді. 2026 жыл — жалпы сомасы 345,2 млн теңгені құрайтын 25 өтінім қаралу үстінде және қаржыландырылған өтінімдер қатарында. «DON BATON» наубайханасының тарихы үлкен арманның табысты кәсіпке айнала алатынын дәлелдейді. Ол үшін еңбек етуге деген ынта мен қолдау алу мүмкіндігі қажет! Кәсіп ашу туралы идеяңыз бар ма? Ендеше, іске кірісетін уақыт келді! «Ауыл аманаты» бағдарламасының мүмкіндіктері туралы аудан әкімдігінен біліп, өз ісіңізге алғашқы қадам жасаңыз. Бәлкім, Атбасар ауданындағы келесі табыс тарихы дәл сіздікі болар!
Таза Қазақстан" республикалық экологиялық акциясы аясында Атбасар қаласында қылқан жапырақты ағаштар отырғызылды. Бұл бастама қалалық аумақты көгалдандыруға, экологиялық жағдайды жақсартуға және тұрғындар үшін қолайлы орта құруға бағытталған.
Қаланы абаттандыру жұмыстары жалғасады. Алдағы уақытта қоғамдық аумақтарда көгалдандыру және тәртіп орнату бойынша қосымша іс-шаралар өткізу жоспарлануда. Туған жердің тазалығы мен сұлулығы әрқайсымыздың үлесімізге байланысты. Біз бірге Атбасарды таза, жасыл және жайлы етеміз!