Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабының 7) тармақшасына сәйкес, Атбасар ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2022 жылғы 16 мамырдағы № 01-28-208 ұсынысы негізінде, Полтавка ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Атбасар ауданы Полтавка ауылдық округінің Титовка ауылының аумағында ірі қара малдың бруцеллез ауруының пайда болуына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын. 3. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі. Полтавка ауылдық округінің әкімі Л. Қожахметова