Атбасар ауданының әкімі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Атбасар ауданы әкімдігінің "Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу, кандидаттарға сайлаушылармен кездесуі үшін Үй-жайлар беру туралы" 2019 жылғы 25 сәуірдегі № а-4/173 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7157 болып тіркелген) қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін: көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын: қаулы.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Қ. О. Қуатбековке жүктелсін.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.