2021 жылы «Атбасар ауданының Шұңкыркөл ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша есеп
Шұңкыркөл ауылдық округi екі елдi мекенден тұрады: Сочинское ауылы, Новомариновка ауылы.
Атбасар ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 4 қарашадағы № а-11/456 қаулысымен бекітілген «Шұңқыркөл ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-нің ережесіне сәйкес мемлекеттік органның міндеттерінің бірі мемлекеттік қызмет көрсету болып табылады.
Шұңкыркөл ауылдық округі әкімінің аппараты 5 түрі бойынша мемлекеттік қызмет көрсетеді:
-«Жер учаскесiнiң нысаналы мақсатын өзгертуге шешiм беру»
-«Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткiзудi талапетпейтiн мемлекет меншiгiндегi жер учаскелерiне құқықтарды алу»
- "Жер учаскесін жеке меншікке бір рет не бөліп-бөліп сату»,
- "Жер учаскесін алуға кезекке қою"»;
2021 жыл ішінде "Атбасар ауданының Шұңқыркөл ауылдық округі әкімінің аппараты "ММ 16 мемлекеттік қызмет көрсетілді: 15 қызмет " Жер учаскесін жеке меншікке бір рет не бөліп-бөліп сату ", 1 қызмет "Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу".
Бас тарту жоқ.
Шұңкыркөл ауылдық округі әкімінің аппаратында "e.gov"өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы жабдықталған және жұмыс істейді. 2021 жылы өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышының қызметтерін 183 қызмет алушы пайдаланған.
2021 жылы Шұңкыркөл ауылдық округі әкімі аппаратының ресми аккаунттарында Мемлекеттік қызмет көрсету тақырыбы бойынша 72 мақала жарияланды.
Мемлекеттiк қызмет көрсетудерiсiнiң ашықтығын қамтамасыз ету үшiн сабақтар ауылдық округтiң ұйымдары мен мекемелерiнiң басшыларына, сондай-ақ тiлек бiлдiрушiлерге қатыс алатын заң мектебiнде өткiзiледi.
Мемлекеттiк қызмет көрсету бойынша Шұңкыркөл әкiм аппаратына қызмет алушылар тарапынан 2021 жылы шағымдарды түскен жоқ.