Меню

Страницы

Статья

2021 жылы Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша "Атбасар ауданының Сергеевка ауылдық округі әкімінің аппараты" КММ қызметі туралы есеп

2021 жылы Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша "Атбасар ауданының Сергеевка ауылдық округі әкімінің аппараты" КММ қызметі туралы есеп

      Сергеевка ауылдық округі үш елді мекеннен тұрады: Сергеевка ауылы, Самарка ауылы, Ащыкөл ауылы.

      Атбасар ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 8 қаңтардағы № а-1/44 қаулысымен бекітілген "Атбасар ауданының Сергеевка ауылдық округінің аппараты" КММ туралы Ережеге сәйкес мемлекеттік органның міндеттерінің бірі халыққа мемлекеттік қызмет көрсету болып табылады.

      Сергеевка ауылдық округі әкімінің аппараты мемлекеттік қызмет көрсетуді "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына, бекітілген Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттары мен регламенттеріне сәйкес жүзеге асырады.

       Мемлекеттік мекеме 2021 жылы мемлекеттік қызметтің 5 түрін көрсетті:

 -  "Елді мекен шегінде объект салу үшін жер учаскесін беру";

 -  "Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге рұқсат беру";

 - "Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу";

 -  "Жер учаскесін жекеменшікке бөліп төлеуге сату"

 -  "Жер учаскесін алу үшін кезекке қою".

2021 жылы Сергеевка ауылдық округі әкімінің аппаратымен 8 мемлекеттік қызмет көрсетілді. Оның ішінде:

 -  "Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру" -1

 - "Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу" - 6

 - "Жер учаскесін жеке меншікке бір рет немесе бөліп-бөліп сату" – 1

      Мемлекеттік қызмет көрсету балтарту болған жоқ.

     "Мемлекеттік қызмет көрсету стенді және "Мемлекеттік қызмет алу кезіндегі менің құқығым" брошюралары ресімделді, Мемлекеттік қызметтерді көрсетуге мемлекеттік бақылаудың сенім телефоны орналастырылды.

     Сергеевка ауылдық округі әкімінің аппаратында өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы жабдықталған және жұмыс істейді "E.gov", "e-Qoldau" терминалы орнатылды. 2021 жылы өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы арқылы 68 қызмет көрсетілді.

     Мемлекеттік қызметтерді алуға қолжетімді болу үшін "Сергеевка ауылдық округі әкімінің аппараты" КММ пандустар мен маманды шақыру түймесі орнатылды.

      Әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларда Мемлекеттік қызмет көрсету ережелері туралы 52 мақала орналастырылған.   

      Сергеевка ауылдық округі әкімі аппаратымен мемлекеттік қызмет көрсету бойынша 2021 жылы қызмет алушылар тарапынан шағымдар түскен жоқ.

 

 

 

Дата публикации
28 февраля 2022
Дата обновления
28 февраля 2022
Тип

Сейчас читают

22 октября 2026
Аудиоролики.
14 июля 2026
23 тамызда Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарының сайлауы өтеді
14 июля 2026
Тұрғылықты жерін ауыстырған кезде сайлаушы мыналарды ала алады

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы