Меню

Страницы

Статья

2021 жылға мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша "Атбасар ауданының Сепе ауылдық округі әкімінің аппараты"ММ қызметі туралы есеп

2021 жылға мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша "Атбасар ауданының Сепе ауылдық округі әкімінің аппараты"ММ қызметі туралы есеп

 

  Сепе ауылдық округі екі елді мекеннен тұрады: Сепе ауылы,Есенгелді ауылы."Атбасар ауданының Сепе ауылдық округі әкімінің аппараты" ММ туралы Ережеге сәйкес мемлекеттік органның міндеттерінің бірі мемлекеттік қызмет көрсету болып табылады.  

        Сепе ауылдық округі әкімінің аппараты мемлекеттік қызметтер көрсетуді мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларымен бекітілген "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы негізінде жүзеге асырылады.

        Сепе ауылдық округі әкімінің аппараты мемлекеттік қызметтің 5 түрін көрсетеді:

-«Елді мекен шегінде объект салу үшін жер учаскесін беру»;

-«Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу»;

-«Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге  шешім беру»;

-«Жер учаскесін жеке меншікке бір рет не бөліп-бөліп сату»;

-«Жер учаскесін алу үшін кезекке қою».

2021 жылы 27 Мемлекеттік қызмет көрсетілді:

- "Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу" -26 қызметтер.

- "Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру" - 1қызмет.

Бас тарту жоқ.

      Сепе ауылдық округі әкімі аппаратының ғимаратында «Мемлекеттік қызметтерді» көрсету ережелері, мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын мемлекеттік бақылаудың сенім телефондары орналастырылған стенд ресімделді.      

       Сепе ауылдық округі әкімінің аппаратында өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы жұмыс істейді,(сканер, принтер,картридер,веб-камера бар). 2021 жылы ауылдық округ тұрғындары өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышының қызметімен 379 қызмет алды.       

        Сепе ауылдық округі әкімі аппаратының ресми аккаунттарында Мемлекеттік қызмет көрсету ережелері туралы 78 жарияланым жарияланды.

        Сепе  ауылдық округі әкімі аппаратымен мемлекеттік қызмет көрсету бойынша қызмет алушылар тарапынан шағымдар түскен жоқ.

 

 

 

Дата публикации
28 февраля 2022
Дата обновления
28 февраля 2022
Тип

Сейчас читают

22 октября 2026
Аудиоролики.
14 июля 2026
23 тамызда Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарының сайлауы өтеді
14 июля 2026
Тұрғылықты жерін ауыстырған кезде сайлаушы мыналарды ала алады

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы