«Атбасар ауданының Покровка ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ 2021 жылы бойынша
мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері туралы есеп
Покровка ауылдық округінда екі елді мекені бар: Покровка ауылы және Садовое ауылы.
2020 жылғы 17 қаңтарда Атбасар ауданының Әділет басқармасында қайта тіркеуден өткен Атбасар ауданының әкімдігінің 2020 жылғы 08 қаңтардағы № а-1/4 қаулысымен бекітілген «Атбасар ауданының Покровка ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі КММ) Ережесіне сәйкес мемлекеттік органның міндеттерінің бірі мемлекеттік қызмет көрсету болып табылады.
Покровка ауылдық округі әкімінің аппараты мемлекеттік қызмет көрсетуді Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі «Мемлекеттік қызмет көрсету туралы» Заңына сәйкес жүзеге асырылады.
Ауылдық округі әкімінің аппараты жер қатынастары саласында мемлекеттік қызметтің 5 түрін көрсетеді:
2021 жылы мемлекеттік қызметтер бойынша барлығы - 21 өтініш түсті, оның ішінде 10 - өтініш көрсетілді, 11 - өтініш негізделген (дәлелді) бас тартуды шығарудан бас тартылды, оның ішінде:
- «Сауда - саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі - 8 қызмет көрсетілді, 10 - негізделген (дәлелді) бас тарту шығарылды;
- «Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі - 1 қызмет көрсетілді;
- «Елді мекен шегінде объект салу үшін жер учаскесін беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі – 1 қызмет көрсетілді, 1 - негізделген (дәлелді) бас тарту шығарылды.
2021 жылы қызмет алушылар тарапынан шағымдар түскен жоқ.
Egov өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы жабдықталған және жұмыс істейді, компьютер интернетке қосылған, принтер, сканер, картридер, вебкамера бар. Кез келген тұрғын EGOV порталы арқылы қажетті электрондық қызметке өз бетінше тапсырыс бере алады және ала алады, сондай-ақ мобильді деректер базасында тіркеліп, ЭЦҚ қашықтықтан ала алады.
Egov бұрышы арқылы ұсынылған Мемлекеттік қызметтерді тіркеу журналы жүргізіледі. 2021 жылы ауылдық округ тұрғындарымен - 212 қызмет көрсетілді:
- тууды тіркеу және туу туралы куәлік алу;
- Қазақстан Республикасының халқын тұрғылықты жері бойынша тіркеу;
- зейнетақы аударымдары туралы анықтама;
- жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар) және оның техникалық сипаттамалары туралы анықтама алу;
- ЭЦҚ қашықтықтан алу және т. б.
Ауылдық округі әкімі аппаратының ғимаратында сенім телефоны көрсетілген, ұсынылатын мемлекеттік қызметтер көрсетілген стенд ресімделген.
Ауылдық округ әкімдігінің ғимаратына кіре берісте мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін сырғанауға қарсы жабыны бар пандус және шақыру түймесі орнатылған, кіру қабырғасында көзі әлсіз адамдарға арналған жұмыс тәртіптемесінің маңдайшасы орналасқан. Ғимарат ішінде кабинеттердің мнемосхемасы, жалған пандус, тактильді жол және шыны кедергілердің болуы туралы ескерту белгілері бар. Әкімдік ғимаратының жанында мүгедектердің автокөліктеріне арналған тұрақ бар, «Мүгедектерге арналған тұрақ» белгісі қойылған.
Әкімдік мамандарымен әлеуметтік желілерде, ватсап және т.б. ақпаратты орналастыру, сондай-ақ мақалаларды жариялау және оқыту арқылы мемлекеттік қызмет көрсету сапасын жақсарту бойынша жұмыс жүргізіледі.
2021 жылы бойынша фейсбук пен инстаграмда 82 мақала жарияланды, жазылушылар саны - 108.