Меню

Страницы

Статья

2021 жылға мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша «Атбасар ауданының Новосельское ауылы әкімінің аппараты» ММ қызметі туралы ЕСЕП

2021 жылға мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша

«Атбасар ауданының Новосельское ауылы әкімінің аппараты»

ММ қызметі туралы ЕСЕП

 

2020 жылғы 17 қаңтарда Атбасар ауданының Әділет басқармасында қайта тіркеуден өткен «Атбасар ауданының Новосельское ауылы әкімінің аппараты» ММ туралы Ережесіне сәйкес мемлекеттік органның міндеттерінің бірі халыққа мемлекеттік қызмет көрсету болып табылады.

Новосельское ауылы әкімінің аппараты мемлекеттік қызметтерді Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларымен бекітілген «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңына сәйкес жүзеге асырады. 

Новосельское ауылы әкімінің аппараты 5 мемлекеттік қызмет көрсетеді:

  • «Елді мекен шегінде объект салу үшін жер учаскесін беру»;
  • «Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру»;
  • «Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу»;
  • «Жер учаскесін жеке меншікке ақысын бірден төлеп не бөліп төлеу арқылы сату»;
  • «Жер учаскесін алу үшін кезекке тұру»

2021 жылы 3 мемлекеттік қызмет көрсетілді:

  • 2 қызметтер - «Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру»;
  • 1 қызмет - «Жер учаскесін жеке меншікке ақысын бірден төлеп не бөліп төлеу арқылы сату».

Бас тарту жоқ. 

Атбасар ауданы Новосельское ауылы әкімі аппаратының ғимаратында "өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы" стенд ресімделді, онда мемлекеттік қызмет көрсету ережелері, мемлекеттік қызмет көрсету сапасын мемлекеттік бақылаудың телефон нөмірлері белгіленген.

Новосельское ауылы әкімінің аппаратында өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы «E.gov» жабдықталған және жұмыс істейді. 2021 жылы өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышының қызметтерін 189 қызмет алушы пайдаланған.  

2021 жылы Новосельское ауылы әкімі аппаратының ресми аккаунттарында мемлекеттік қызмет көрсету ережелері бойынша 54 мақала жарияланды.

Новосельское ауылы әкімінің аппаратымен мемлекеттік қызметтерді көрсету бойынша 2021 жылы қызмет алушылар тарапынан шағымдар түскен жоқ.

 

Дата публикации
28 февраля 2022
Дата обновления
28 февраля 2022
Тип

Сейчас читают

22 октября 2026
Аудиоролики.
14 июля 2026
23 тамызда Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарының сайлауы өтеді
14 июля 2026
Тұрғылықты жерін ауыстырған кезде сайлаушы мыналарды ала алады

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы