«Атбасар ауданының Макеевка ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ 2021 жылы бойынша мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері туралы есеп
Макеевка ауылдық округі екі елді мекеннен тұрады: Макеевка ауылы және Шуйское ауылы.
«Атбасар ауданының Макеевка ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ-сі туралы ережесіне сәйкес, 2020 жылғы 08 қаңтардағы № а-1/4 Атбасар ауданының әкімінің қаулысымен бекітілген, 2020 жылғы 17 қаңтарда Атбасар ауданының Әділет Басқармасында қайта тіркеуден өткен, мемлекеттік орган болып табылады міндеттерінің бірі мемлекеттік қызметтерді көрсету.
Ауылдық округ әкімінің аппараты мемлекеттік қызмет көрсетуді ұсыну бекітілген стандарттар мен регламенттер мемлекеттік қызмет көрсету «Мемлекеттік қызмет көрсету туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, жер қатынастары саласында мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларымен бекітілген жүзеге асырылады.
Ауылдық округ әкімінің аппараты мемлекеттік қызметтің 5 түрін көрсетеді, оның ішінде жер қатынастары саласында 5 түрі тасымалдауды ұсыну.
2021 жылы 6 қызмет көрсетілді: 1) «Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру» мемлекеттік қызметі – заңды тұлғаға 1 қызмет; 2) «Жер учаскесін жеке меншікке бір рет немесе бөліп төлеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі – қағаз түрінде 5 қызмет, оның 2-і заңды тұлғаға.
2021 жылы бойынша негізделген немесе негізсіз бас тарту болған жоқ.
Макеевка ауылдық округі аппаратының ғимаратында мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары көрсетілген стенд, мемлекеттік қызмет көрсетудің сенім телефоны және мемлекеттік қызмет көрсету сапасын мемлекеттік бақылау телефоны орнатылған.
Мұнда Egov өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы, интернетке қосылған компьютер, принтер, карта оқу құрылғысы, фотоаппарат бар. Кез келген тұрғын Egov порталы арқылы электронды қызметті өз бетінше ұсына алады.
Egov бұрышы арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді тіркеу журналы жүргізіледі. 2021 жылы бойынша ауылдық округінің тұрғындарымен 227 - қызмет алынды:( Қазақстан Республикасының халқын тұрғылықты жері бойынша тіркеу; зейнетақы аударымдары туралы анықтама;ЭЦҚ қашықтан алу 2 және т.б.).
Ғимараттың кіре берісінде мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін пандус, тұтқалар және шақыру түймесі орнатылған.
2021 жылы бойынша көрсетілетін қызмет алушылар тарапынан шағымдар түскен жоқ.