2021 жылғы мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі қызметі туралы «Атбасар қаласы әкімінің аппараты» ММ-нің есебі
Атбасар қаласы әкімінің аппараты мемлекеттік мекемесі «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15.04.заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсететін мемлекеттік орган болып табылады.
«Атбасар ауданы әкімінің аппаратымен» 2021 жылы мемлекеттік қызметтің 5 түрі көрсетілді :
1) «Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру» мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 01 қазандағы № 301 бұйрығымен бекітілген.
2) «Елді мекен шегінде объекті салу үшін жер учаскелерін беру» мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 01 қазандағы № 301 бұйрығымен бекітілген
3) «Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу» Мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 01 қазандағы № 301 бұйрығымен бекітілген.
4) «Жер учаскесін жеке меншікке ақысын бірден не бөліп төлеу арқылы сату» - Мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 01 қазандағы № 301 бұйрығымен бекітілген.
5) «Жер учаскесін алу үшін кезекке қою» - мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 01 қазандағы № 301 бұйрығымен бекітілген
Мемлекеттік қызметтер тегін көрсетіледі.
Есепті жылы мемлекеттік қызмет көрсетуге 130 өтінім берілді. Оның ішінде:
«Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру» қызметіне 54 өтінім келіп түсті, оның 36 - қызмет көрсетілді, 18- өтініш беруден бас тартылды, 0-бас тартылды.
«Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу» қызметіне 106 өтінім келіп түсті, оның 62-қызмет көрсетілді, 4-бас тартылды, 40- өтініштен бас тартылды, қалғандары әзірлеу сатысында.
Осы қызметтер электрондық үкімет порталы арқылы көрсетілген.
«Елді мекен шегінде объекті салу үшін жер учаскелерін беру» қызметіне 21 өтінім берілді, оның ішінде 5-қызмет көрсетілді, 0-бас тартылды.
«Жер учаскесін жеке меншікке ақысын бірден не бөліп төлеу арқылы сату» қызметіне 9 өтінім келіп түсті, оның ішінде 4- қызмет көрсетілді, 0 - бас тартылды, 4-өтініштен бас тартылды.
«Жер учаскесін алу үшін кезекке қою» қызметіне 224 өтінім келіп түсті, оның 24 – қызмет көрсетілді.
Аталған қызмет «Атбасар қаласы әкімінің аппараты»( ММ арқылы жүзеге асырылады.
Есепті жылы мемлекеттік қызметтерді тұтынушылардан мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша шағымдар түскен жоқ.
Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпарат «Атбасар қаласы әкімі аппаратының» стендінде, сондай-ақ Атбасар ауданы әкімінің сайтында орналастырылған.