Меню

Страницы

Статья

«Атбасар ауданы Борисовка ауылының әкімі аппараты» ММ-нің 2021 жылға мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша қызметі туралы есебі

«Атбасар ауданы Борисовка ауылының әкімі аппараты» ММ-нің 2021 жылға мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша қызметі туралы есебі

 

            «Атбасар ауданы Борисовка ауылының әкімі аппараты» ММ-сінің ережесіне сәйкес,  Атбасар ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 08 қаңтардағы №а-1/4 қаулысымен бекітілген мемлекеттік органның міндеттерінің бірі мемлекеттік қызмет көрсету.

           Борисовка ауылы әкімінің аппараты мемлекеттік қызметтер көрсетуді мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларымен бекітілген «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырады.

           Мемлекеттік мекеме 5 мемлекеттік қызмет түрін көрсетеді:

  1. «Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру»
  2. «Елді мекен шегінде объект салу үшін жер учаскесін беру»
  3. «Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу»
  4. «Жер учаскесін жеке меншікке ақысын бірден төлеп не бөліп төлеу арқылы сату»
  5. «Жер учаскесін алу үшін кезекке қою»

          2021 жылы 2 мемлекеттік қызмет көрсетілді «Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу» Бас тарту жоқ.

         Ауыл әкімі аппаратының ғимаратында мемлекеттік қызмет көрсету ережелері, мемлекеттік қызмет көрсету сапасын мемлекеттік бақылаудың сенім телефоны орналастырылған стенд орнатылған.

          Egov бұрышы рәсімделді, компьютер интернетке қосылған, принтер, сканер, картридер, веб камера бар. Кез келген тұрғын өз бетінше Egov порталы арқылы қызмет көрсете алады. 2021 жылы Egov бұрышы арқылы 158 Мемлекеттік қызмет көрсетілді.

         Мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін ғимаратқа кіре берісте пандус және шақырту тетігі орнатылған.

          2021 жылы Facebook, ресми парақшаларында мемлекеттік қызмет көрсету бойынша 99 мақала жарияланды.                                       

         Борисовка ауылы әкімі аппаратының 2021 жылы мемлекеттік қызметтерді көрсетуі бойынша қызмет алушылардан шағымдар түскен жоқ.

         

Дата публикации
28 февраля 2022
Дата обновления
28 февраля 2022
Тип

Сейчас читают

22 октября 2026
Аудиоролики.
14 июля 2026
23 тамызда Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарының сайлауы өтеді
14 июля 2026
Тұрғылықты жерін ауыстырған кезде сайлаушы мыналарды ала алады

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы