Меню

Страницы

Статья

«Атбасар ауданының Ақан Құрманов ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ 2021 жылы бойынша мемлекеттік қызмет  көрсету мәселелері туралы есеп

«Атбасар ауданының Ақан Құрманов ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ

2021 жылы бойынша мемлекеттік қызмет  көрсету мәселелері туралы есеп

 

«Атбасар ауданының Ақан Құрманов ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады, өз қызметін Атбасар ауданының Ақан Құрманов ауылдық округі аумағында жүзеге асырады. Ақан Құрманов ауылдық округі үш елді мекеннен тұрады: Ақан Құрманов ауылы, Қаракөл ауылы, Қосбармақ ауылы. Орталық ғимарат-Ақан Құрманова ауылы.

2020 жылғы 20 қаңтарда Атбасар ауданының Әділет басқармасында қайта тіркеуден өткен Атбасар ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 08 қаңтардағы № а-1/4 қаулысымен бекітілген «Атбасар ауданының Ақан Құрманов ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі-ММ) Ережесіне сәйкес мемлекеттік органның міндеттерінің бірі мемлекеттік қызмет көрсету болып табылады.

Әкім аппаратының құзыретіне жер қатынастары саласындағы 5 Мемлекеттік қызмет кірді.

  1. «Шешім беру жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге»;
  2. «Елді мекен шегінде объектілер салу үшін жер учаскесін беру»;
  3. «Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды)өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу»;
  4. «Жер учаскесін жеке меншікке бір рет не бөліп-бөліп сату»;
  5. «Жер учаскесін алу үшін кезекке қою».

2021 жылы «Атбасар ауданы Ақан Құрманов ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ 5 Мемлекеттік қызмет көрсетілді:

- «Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды)өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу»;

- «Шешім беру жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге».

Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту жоқ.

Мемлекеттік қызметтерді қолжетімді және сапалы көрсетуді қамтамасыз ету және электрондық түрде көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің санын арттыру мақсатында «Атбасар ауданы Ақан Құрманов ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ ғимаратында «Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы» жұмыс істейді. Бұл жерде тұрғындар ХҚКО - ға жүгінбей, Қазақстан Республикасының электрондық үкімет порталы арқылы (www.е-gov.kz) Мемлекеттік қызметтерді электронды түрде алуға құқылы. Пандемия жағдайында, клиенттерді қабылдау тек бронь арқылы жүзеге асырылатын болса, Egov цифрлық бұрыштары қандай да бір себептермен компьютерге кіру мүмкіндігі жоқ адамдарға мемлекеттік қызметтерді алуға көмектеседі. Бұл өте ыңғайлы.

Ақан Құрманов ауылдық округінде әкім аппаратының ғимаратында және Ақан Құрманов ауылының жалпы білім беретін мектебінде 2 «Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы» жұмыс істейді.

«Бұрыштар» қажетті оргтехникамен жабдықталған: компьютер (интернетке қосылған), көп функциялы құрылғылар (принтер, сканер, ксерокс), картридерлер, камералар, колонкалар, құлаққаптар бар. Кез келген тұрғын өзіне қажетті қызметті Egov порталы арқылы өз бетінше тапсырыс беруге және алуға мүмкіндігі бар. Egov бұрышы арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді тіркеу журналы жүргізіледі.

2021 жылы 150-ге жуық электрондық қызмет алынды:  ЭЦҚ қашықтықтан алу, тұрғылықты жері бойынша тіркелген тұлғалар туралы ақпарат, мобильді азаматтар базасында тіркеу, ХҚКО-ға кезекті брондау.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді қолжетімді және ыңғайлы алуды ұйымдастыру мақсатында ауылдық округ әкімі аппаратының ғимаратында тактильді жол, пандус, консультантты шақыру түймесі, тану тақтайшалары орнатылған. Әлеуметтік желілерде тұрақты түрде мемлекеттік қызметтерді алу рәсімдерін түсіндіру туралы материалдар жарияланады.  2021 жылы 48 мақала жарияланды. Сондай-ақ, әкімдік ғимаратында Мемлекеттік қызмет көрсету ережелері мен мемлекеттік қызмет көрсету сапасын мемлекеттік бақылау туралы ақпарат орналастырылған стенд рәсімделгенМемлекеттік қызмет көрсету саласында қызметкерлердің біліктілігін арттыру 2022 жылға жоспарланған. 2021 жылы Мемлекеттік қызмет көрсетуге жауапты маман мемлекеттік қызмет көрсетуді арттыру мәселелері бойынша семинарларға қатысты.

2021 жылы қызмет алушылар тарапынан шағымдар түскен жоқ.

 

 

Дата публикации
28 февраля 2022
Дата обновления
28 февраля 2022
Тип

Сейчас читают

22 октября 2026
Аудиоролики.
14 июля 2026
23 тамызда Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарының сайлауы өтеді
14 июля 2026
Тұрғылықты жерін ауыстырған кезде сайлаушы мыналарды ала алады

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы