Меню

Страницы

Статья

«Атбасар ауданының халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ 2021 жылы мемлекеттік қызмет көрсету туралы есеп

«Атбасар ауданының халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ

2021 жылы мемлекеттік қызмет көрсету туралы есеп

«Атбасар ауданының халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ мамандарымен мемлекеттік қызмет көрсету, мемлекеттік қызмет көрсету сапасын жақсарту бойынша жұмыс жүргізіледі.

«Атбасар ауданының халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ барлығы мемлекеттік қызметтің 4 түрін көрсетiледі:

  1. Жұмыс іздеушілерді тіркеу.
  2. Жұмыссыздарды тіркеу.
  3. Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысу үшін жолдамалар беру.
  4. Жұмыссыз ретінде тіркеу туралы анықтама беру.

Жеке және заңды тұлғалардың арыз-шағымдарын қарауға ерекше көңіл бөлінеді. Қызметтер бойынша шағымдар журналы құрылды. 2021 жылы 2362 мемлекеттік қызмет көрсетілді, бас тартулар, шағымдар түскен жоқ.

«Атбасар ауданының халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ ғимаратында ақпараттық стендтер орнатылды, онда мемлекеттік қызметтерді көрсету ережелері және байланыс телефондары, электрондық пошта мекенжайлары, мемлекеттік қызмет көрсететін мамандар көрсетілген жұмыс кестелері көрсетілген. Камерамен, карта оқу құрылғысымен және принтермен жабдықталған өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы бар. Жыл ішінде өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы арқылы мемлекеттік қызмет көрсетуге 317 өтініш түскен.

Сауалнама жүргізу арқылы мемлекеттік қызметтерді көрсетудің уақтылығы мен сапасын анықтау мақсатында тұрақты мониторинг жүргізіледі, онда тұтынушылар қызмет көрсету процесінің сапасын, мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат беру сапасын, жауапты қызметкерлердің қаншалықты сыпайы екенін бағалайды.

Жыл ішінде «Атбасар ауданының жұмыспен қамту орталығы» КММ директоры Г.Д.Байтұрова ZOOM арқылы тікелей эфирге қатысып, тұрғындарды мемлекеттік қызмет көрсету туралы ақпараттандырды.

2021 жыл ішінде бос жұмыс орындарына кадрларды іріктеу бойынша 7 бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өткізілді, «Простор» газетінде 2 мақала жарияланды, әлеуметтік желілерде мемлекеттік қызметтерді көрсету ережелері туралы ақпарат тұрақты түрде орналастырылуда.

 

 

 

Дата публикации
28 февраля 2022
Дата обновления
28 февраля 2022
Тип

Сейчас читают

22 октября 2026
Аудиоролики.
14 июля 2026
23 тамызда Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарының сайлауы өтеді
14 июля 2026
Тұрғылықты жерін ауыстырған кезде сайлаушы мыналарды ала алады

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы