«Атбасар ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ 2021 жылдың мемлекеттік қызмет көрсету туралы есеп
«Атбасар ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ мемлекеттік қызмет көрсету, мемлекеттік қызмет көрсету сапасын жақсарту бойынша жұмыс жүргізілуде.
Бөліммен мемлекеттік қызметтің 5 түрі көрсетіледі.
- Тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиорациялық және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды басқару құқығына куәліктер беру (бұдан әрі – куәліктер беру);
- Тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерін, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиорациялық және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ өтімділігі жоғары арнайы машиналарды мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу), тіркеу есебінен алу және олар үшін тіркеу құжатын (телнұсқасын) және мемлекеттік нөмірлік белгі беру (бұдан әрі – техниканы тіркеу);
- Тракторлардың және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдердің, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерінің, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерінің, жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналардың кепілін мемлекеттік тіркеу (тіркеуден алу), өзгерiстер мен толықтыруларды (оның iшiнде, меншiк құқығының басқа адамға ауысуы, талап ету құқығын басқаға беру, кейіннен кепілге (қайталама кепілге) салу) тіркеу және тіркелген кепілдің қолданысын тоқтату, сондай-ақ кепілді мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті немесе телнұсқаны беру (бұдан әрі – кепілді тіркеу);
- Тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерін, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылысы машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды жыл сайынғы мемлекеттік техникалық байқаудан өткізу (бұдан әрі – жыл сайынғы техникалық байқау);
- Басым дақылдар, оның ішінде көпжылдық екпелер өндірісін дамытуды субсидиялау (бұдан әрі – басым дақылдарды субсидиялау);
2021 жылы барлығы 613 мемлекеттік қызмет көрсетілді:
куәліктер беру – 197 қызмет;
техниканы тіркеу – 297 қызмет;
кепілді тіркеу – 49 қызмет;
жыл сайынғы техникалық байқау – 70 қызмет;
басым дақылдарды субсидиялау – 0 қызмет;
Негізделген және негізсіз бас тартулар болған жоқ, шағым түскен жоқ.
Мемлекеттік қызметтер ХҚКО, «электрондық үкімет» веб-порталыарқылы жүзеге асырылады.
2021 жылы бөлім «Атбасар ауданы әкімінің аппараты» ММ-нің Instagram парақшасында мемлекеттік қызметтер жәрмеңкесіне қатысты, сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету ережелерін түсіндіру бойынша 2 тікелей эфир өткізілді. Бөлімнің Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшасында мемлекеттік және орыс тілдерінде 12 жарияланым орналастырылды, мемлекеттік қызмет көрсету ережелері туралы жарияланымдар мерзімді түрде шығып тұрады.
Бөлім бөлмесінде ақпараттық стендтер орналастырылған, онда бөлімнің жұмыс кестесі, мемлекеттік қызмет көрсету стандарттары, қажетті құжаттар тізбесі, ҚР «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» заңы орналастырылған.
Сауалнама жүргізу арқылы мемлекеттік қызмет көрсетудің уақытылығы мен сапасын анықтау бойынша мониторинг жүргізіледі.