Меню

Страницы

Статья

«Атбасар ауданының жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ-нің 2021 жылғы Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі қызметі туралы есеп

«Атбасар ауданының жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ-нің 2021 жылғы Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі қызметі туралы есеп

 

«Атбасар ауданының сәулет және қалақұрылысы бөлімі» ММ өз қызметін мемлекеттік қызметті көрсету Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі «Мемлекеттік қызмет көрсету туралы» Заңына және бекітілген стандарттар мен регламенттерге сәйкес атқарады.

Жер қатынастары саласында бөлім 2 мемлекеттік қызмет көрсетеді:

  • «Жер учаскелерін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру жобаларын бекіту»;
  • «Жер учаскелерінің бөлінетіндігі мен бөлінбейтіндігін айқындау»;

Сәулет және қала құрылысы саласында бөлім 3 мемлекеттік қызмет көрсетеді:

  • «Қазақстан Республикасының аумағында жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын айқындау бойынша анықтама беру»;
  • «Құрылыс және реконструкция (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) жобаларын әзірлеу кезіңде бастапқы материалдарды ұсыну»;
  • «Эскизді (эскиздік жобаны) келісуден өткізу».

 Барлық мемлекеттік қызметтер ақысыз көрсетіледі.

 

2021 жылы «Атбасар ауданының сәулет және қалақұрылысы бөлімі» ММ - 734 мемлекеттік қызмет көрсетілді, 1 бас тарту.

  • «Жер учаскелерін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру жобаларын бекіту» - 293 қызмет;
  • «Жер учаскелерінің бөлінетіндігі мен бөлінбейтіндігін айқындау» - 0 қызмет;
  • «Құрылыс және реконструкция (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) жобаларын әзірлеу кезіңде бастапқы материалдарды ұсыну» - 95 қызмет, бас тарту - 1;
  • «Қазақстан Республикасының аумағында жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын айқындау бойынша анықтама беру» - 282 қызмет;
  • Эскизді (эскиздік жобаны) келісуден өткізу – 64 қызмет.

Мемлекеттік қызметтер ХҚКО, «электрондық үкімет» веб-порталыарқылы жүзеге асырылады.

Бұдан басқа, жер қатынастары саласындағы бөлімнің қатысуымен тағы 8 қызмет көрсетіледі, онда қызмет көрсетушілер аудан әкімдігі, қала әкімі, ауыл және ауылдық округ әкімдері болып табылады.

Бөлімде ҚР Мемлекеттік қызмет көрсетудің бекітілген ережелері орналастырылған стенд рәсімделген.  Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында ХҚКО қызметкерлерімен Мемлекеттік қызмет көрсету ережелерін түсіндіру бойынша семинарлар өткізілді. Бөлімнің Instagram және Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында Мемлекеттік және орыс тілдерінде 8 жарияланым орналастырылды, Мемлекеттік қызмет көрсету ережелері туралы жарияланымдар мезгіл-мезгіл шығып тұрады.

2021 жылы бөлім «Атбасар ауданы әкімінің аппараты» ММ-нің Instagram парақшасында Мемлекеттік қызметтер жәрмеңкесіне қатысты, сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету ережелерін түсіндіру бойынша 2 тікелей эфир өткізілді.

Бөліммен семинарлар, соның ішінде Атбасар қаласы, Ауыл және ауылдық округ әкімдерінің және басқа да аудандық уәкілетті органдардың қатысуымен Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелеріне қатысты өзекті тақырыптарға Мемлекеттік қызмет көрсетуді түсіндіру және құқық қолдану практикасы бойынша конференция видио пайдалана отырып өткізілді.

Сондай-ақ, Атбасар ауданы әкімінің интернет ресурсында Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша материалдар жарияланады және бөлімнің Мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы қызметі туралы есепті жария талқылау жүргізіледі.

Есепті жылы Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша шағымдар түскен жоқ.

 

 

Дата публикации
28 февраля 2022
Дата обновления
28 февраля 2022
Тип

Сейчас читают

22 октября 2026
Аудиоролики.
14 июля 2026
23 тамызда Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарының сайлауы өтеді
14 июля 2026
Тұрғылықты жерін ауыстырған кезде сайлаушы мыналарды ала алады

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы