2021 жылғы мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша «Атбасар ауданының тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» ММ қызметі туралы ЕСЕП
Осы есеп Қазақстан Республикасының «Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер туралы» Заңының 23-бабының 5-тармағына, мемлекеттiк қызмет көрсету мәселелерi бойынша мемлекеттiк органдар қызметiнiң есебiн қалыптастыру және ұсыну ережесiнiң 9 тармағына сәйкес, сондай-ақ Атбасар ауданының тұрғындарын «Атбасар ауданының тұрғынүй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлiгi, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлiмi» ММ жұмысы туралы хабардар ету мақсатында жасалды. Осы есептi орналастырудың негiзгi мiндетi барлық мүдделi тараптарды талқылауға тарту, ақпараттық ашықтықты қамтамасыз ету болып табылады.
Бөлiм келесi мемлекеттiк қызмет түрлерiн көрсетедi:
1)мемлекеттiк тұрғын үй қорынан берiлетiн тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке алу және кезекке қою, сондай-ақ жергiлiктi атқарушы органдардың тұрғын үй беру туралы шешiм қабылдауы;
2) Облыстық және аудандықмаңызы бар жалпыпайдаланымдағы, сондай-ақелдiмекендердегi автомобиль жолдарыныңжолақбөлiгiндесыртқы (көрнекi) жарнамаорналастыруғарұқсат беру»;
3) Мемлекеттіктұрғынүйқорынанберілетінтұрғынүйлердіжекешелендіру;
4) Ауданаралық (қалааралық облысішілік), ауданішілік, қалалық (ауылдық) және қала маңындағы қатынастарда әлеуметтік мәні бар қатынастар бойынша автомобильмен жолаушылар тасымалын жүзеге асырумен байланысты тасымалдаушылардың залалдарын субсидиялау;
5) Ағаштарды кесуге рұқсат беру;
6) Энергия өндіруші және энергия беруші ұйымдарға күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлік паспортын беру
7) Қауіпті техникалық құрылғыларды есепке қою және есептен шығару;
8) Тұрғын үй сертификаттарын беру;
9) Жолаушылар мен багажды автомобильмен қалалық (ауылдық), қала маңындағы және ауданішілік тұрақты тасымалдау маршруттарын және қозғалыс кестелерiн бекiту.
2021 жылы «Атбасар ауданының ТКШ, ЖК, АЖ және ТИ бөлiмi» ММ азаматтарға, оның iшiнде «Азаматтарға арналған үкімет» КАҚ арқылы 201 мемлекеттiк қызмет көрсетiлдi.
Барлық қызметтер тегiн көрсетiледi.
Бөлiмде қажеттi құжаттар топтамасы және қызмет көрсететiн тұлғаның Т. А. Ә. көрсетiлген қызмет көрсету уақыты, орны туралы барлық қажеттi ақпарат орналастырылған стенд ресiмделдi. Осы ақпарат аудан әкiмiнiң сайтында орналастырылған.
Мемлекеттiк қызмет көрсету мәселелерi бойынша шағымдар түскен жоқ.