2021 жылға мемлекеттік қызмет көрсету сұрақтары бойынша «Атбасар ауданының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі қызметі туралы есеп
«Атбасар ауданының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Бөлім) мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету сұрақтары бойынша өз қызметін:
1) «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңына;
Бөлім «Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну» мемлекеттік қызмет көрсетеді.
Мемлекеттік қызмет электронды/қағаз түрінде және ақысыз көрсетіледі.
2021 жылы «Экономика және қаржы» ММ 6 мемлекеттік қызмет көрсетілді, оның ішінде көтерме жәрдемақы ен талап етілетін мемлекеттік қызмет болып табылады.
Көтерме жәрдемақы 3 білім саласындағы мамандарына және 2 денсаулық сақтау саласындағы мамандарына берілді.
Тұрғын үй алуға бюджеттік кредит 1 білім саласындағы маманына берілді.
Қызметалушылардан шағым түскен жоқ.
Мемлекеттік қызметтер көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар жүргізілуде:
1) Атбасар ауданының ресми интернет-ресурсында www.gov.kz:
-мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша түсіндіру сипатындағы мақала жарияланды;
-2021 жылға арналған көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алуға немесе салуға бюджеттік кредит шараларын көрсету үшін Атбасар ауданының ауылдық елді мекендері бойынша денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілерге саласындағы сұранысқа ие мамандықтар тізбесі орналастырылған және «Азаматтарға арналған үкімет «мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамына мәлімет үшін ұсынылған;
2) INSTAGRAM әлеуметтік желісінде:
-мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша түсіндіру сипатындағы мақала жарияланды;
-Атбасар ауданы әкімдігімен өткізілген мемлекеттік қызмет көрсету жәрмеңкесіне қатысты;
3) «Простор Атбасар» аудандық қоғамдық-саяси газетінде мемлекеттік және орыс тілдерінде түсіндіру сипатындағы 2 мақала жарияланды.
Жоғарыда көрсетілген қағидалармен және мемлекеттік қызметті алу бойынша басқа да қажетті ақпаратпен стенд бар.