2021 жылы мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша Атбасар ауданы әкімдігінің қызметі туралы есеп
Ауданның жергілікті атқарушы органдары қызметінің негізгі бағыты халықтың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін ұсынатын жекелеген мемлекеттік функцияларды іске асыру, сондай-ақ оларға материалдық және материалдық емес игіліктер беру, оның ішінде мемлекеттік қызметтер көрсету болып табылады.
Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде мемлекеттік органдар Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделген Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет көрсету туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі № №88-V Заңын және бекітілген Мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларын басшылыққа алады.
2021 жылы Атбасар ауданының жергілікті атқарушы органдарымен мемлекеттік қызметтердің 62 түрі көрсетіледі, оның ішінде ақылы негізде 7 мемлекеттік қызмет, 55 ақысыз негізде.
Мемлекеттік қызметтерді аудан, Атбасар қаласы, ауылдар мен ауылдық округтер әкімдерінің аппараттары, дербес бөлімдер, сондай-ақ халықты жұмыспен қамту орталығы көрсетеді.
|
№ |
Атауы |
Мемлекеттік қызметтердің саны |
Көрсетілген қызметтер |
|
1. |
Халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту саласында |
28 |
6911 |
|
2. |
Білім саласында |
24 |
407 |
|
3. |
Жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы саласында |
13 |
1066 |
|
4. |
Кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы саласында |
5 |
613 |
|
5. |
Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласында |
9 |
201 |
|
6. |
Ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт саласында |
2 |
25 |
|
7. |
Құрылыс саласында |
2 |
0 |
|
8. |
Әскери қызмет саласында |
2 |
183 |
|
9. |
Экономика саласында |
1 |
6 |
2021 жылы мемлекеттік органдармен 9412 мемлекеттік қызмет көрсетілді. Оның ішінде ХҚКО арқылы 1904 қызмет, «электрондық үкімет»порталы арқылы 4006 қызмет, тікелей мемлекеттік органда 3502 қызмет, оның ішінде қызмет берушінің ақпараттық жүйелері арқылы 2527 қызмет көрсетілді.
2021 жылмен салыстырғанда мемлекеттік қызметтердің азаюы байқалады, себебі білім беру саласындағы мемлекеттік қызметтер (23 мемлекеттік қызмет) Ақмола облысының білім басқармасына өтті. Егер білім беру саласындағы қызметтер ескерілмесе, онда жалпы мемлекеттік қызметтердің, әсіресе "электрондық үкімет" порталы арқылы көрсетілген қызметтердің өсуі байқалады.
2021 жылы ең көп талап етілетін мемлекеттік қызметтер:
– «Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысуға жолдама беру» - 1398;
– «Азаматтық хал актілерін тіркеу туралы қайталама куәліктер немесе анықтамалар беру» - 1297.
Атбасар ауданында халыққа мемлекеттік қызмет көрсету үшін тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жер қатынастары, сәулет және ауыл шаруашылығы бөлімдерінің жұмысы ұйымдастырылған сервистік әкімдік жұмыс істейді.
Тұрғындардың өз бетінше электрондық мемлекеттік қызметтерді алуға ыңғайлы болуы үшін «Сервистік әкімдік» үй-жайында орналасқан «өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы» барлық қажетті құрал-жабдықтармен жабдықталған.
Сондай-ақ, мемлекеттік қызмет көрсететін ауыл және ауылдық округ әкімдері аппараттарында, аудан мектептерінде, дербес бөлімдерде тұрғындарға өз бетінше электрондық мемлекеттік қызметтерді алуларына ыңғайлы компьютермен, сканермен, принтермен, веб-камерамен, картридермен жабдықталған 13 өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштары бар.
Қызмет алушыларды мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы хабардар етуді қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік қызмет көрсететін барлық мемлекеттік органдарда мемлекеттік қызмет көрсету ережелері орналастырылған стенділер жабдықталған.
Сондай-ақ, Атбасар ауданының ресми интернет-ресурсында Мемлекеттік қызмет көрсету ережелері орналастырылған «Мемлекеттік қызметтер» бөлімі жұмыс істейді.
2021 жылы мемлекеттік органдармен мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру мәселелері бойынша 15 іс - шаралар (семинарлар, кеңестер, отырыстар, тікелей эфирлер, мемлекеттік қызмет көрстету жәрмеңкелер) өткізілді.
Facebook, Instagram әлеуметтік желілерінің беттерінде мемлекеттік қызметтерді «электрондық үкімет» порталы арқылы өз бетінше алу, Мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібін, мерзімдерін және орнын түсіндіру бойынша 1866 мақала жарияланды.
Мемлекеттік қызмет көрсету саласында қызметкерлердің біліктілігін арттыруға бағытталған іс-шаралар жүргізіледі. Есептік кезеңде мемлекеттік қызмет көрсететін қызметкерлерді техникалық оқыту жүргізілді, 58 қызметкер (100%) оқытудан өтті.
Есепті кезеңде мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік қызмет көрсету бойынша әрекеттеріне шағым түскен жоқ.
Атбасар ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік қызметтер көрсету және құжаттамалық, ақпараттық қамтамасыз ету бөлімімен мемлекеттік қызмет көрсету сапасына ішкі бақылау бойынша 6 бақылау іс-шарасы өткізілді: «Атбасар ауданының экономика және қаржы бөлімі» ММ, «Атбасар ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ, «Атбасар ауданының Новосельское ауылы әкімінің аппараты» ММ, «Атбасар ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ, «Атбасар ауданының Тельман ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ, «Атбасар ауданының Сергеевка ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ.
. Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзушылықтар анықталған жоқ.
Мемлекеттік қызмет көрсетудің тиімділігін одан әрі арттыру және қызмет алушылардың қанағаттануын арттыру мақсатында келесі бағыттар бойынша жұмыстар жүргізілуде:
- мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерін бұзуға жол бермеу;
- мемлекеттік қызметтерге шағымдануды бақылау (негізделген шағымдар бойынша шаралар қабылдау);
-мемлекеттік қызмет көрсету ережелерінің қолжетімділігін қамтамасыз ету: уәкілетті органда ақпараттық стендтерді жаңарту, мемлекеттік қызмет көрсету ережелерін ауданның ресми интернет-ресурсында уақтылы орналастыру, мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы мақалаларды аудандық газетте, әлеуметтік желілер беттерінде жариялау;
- «электрондық үкімет» порталы арқылы мемлекеттік қызметтерді алу мүмкіндіктері туралы көрсетілетін қызметтерді дәріптеу және ақпараттандыру бойынша іс-шаралар өткізу;
- мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы қызметкерлердің біліктілігін арттыру.
Атбасар ауданы әкімдігінің қызметі туралы 2021 жылғы есепті талқылау бойынша ұсыныстар, ескертулер, ұсынымдар atbasar_usl@aqmola.gov.kz электрондық мекенжайы бойынша қабылданады.