Меню

Страницы

Статья

2020 жылы мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша Атбасар ауданы әкімдігінің қызметі туралы есеп

2020 жылы мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша Атбасар ауданы әкімдігінің қызметі туралы есеп

Ауданның жергілікті атқарушы органдары қызметінің негізгі бағыты халықтың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін ұсынатын жекелеген мемлекеттік функцияларды іске асыру, сондай-ақ оларға материалдық және материалдық емес игіліктер беру, оның ішінде мемлекеттік қызметтер көрсету болып табылады.

Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде мемлекеттік органдар Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделген Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет көрсету туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі № №88-V Заңын және бекітілген  Мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларын  басшылыққа алады.

2020 жылы Атбасар ауданының жергілікті атқарушы органдарымен мемлекеттік қызметтердің 85 түрі көрсетіледі, оның ішінде ақылы негізде 12 мемлекеттік қызмет, 73 ақысыз негізде.

Мемлекеттік қызметтерді аудан, Атбасар қаласы, ауылдар мен ауылдық округтер әкімдерінің аппараттары, дербес бөлімдер, сондай-ақ халықты жұмыспен қамту орталығы көрсетеді

№

Атауы

Мемлекеттік қызметтердің саны

Көрсетілген қызметтер

1.

Халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту саласында

26

5937

2.

Білім саласында

23

3292

3.

Жер қатынастары саласында

10

430

4.

Ауыл шаруашылығы саласында

6

741

5.

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласында

8

163

6.

Сәулет және қала құрылысы саласында

4

548

7.

Дене шынықтыру және спорт саласында

2

17

8.

Құрылыс саласында

2

0

9.

Ветеринария саласында

3

128

10.

Әскери қызмет саласында

2

224

11.

Басқа мемлекеттік қызметтер

1

16

 

 

2020 жылы мемлекеттік органдармен 11496 Мемлекеттік қызмет көрсетілді. Оның ішінде ХҚКО арқылы 2787 қызмет, «электрондық үкімет»порталы арқылы 4899 қызмет, тікелей мемлекеттік органда 3810 қызмет, оның ішінде қызмет берушінің ақпараттық жүйелері арқылы 2163 қызмет көрсетілді.

2020 жылы ең көп талап етілетін мемлекеттік қызметтер:

– «Жұмыс іздеп жүрген адамдарға және жұмыссыздарға жәрдем көрсету» - 1931;

– «Азаматтық хал актілерін тіркеу туралы қайталама куәліктер немесе анықтамалар беру» - 1185.

Атбасар ауданында 2020 жылы халыққа мемлекеттік қызмет көрсету үшін тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жер қатынастары, сәулет және ауыл шаруашылығы бөлімдерінің жұмысы ұйымдастырылған сервистік әкімдік ашылды.

Тұрғындардың өз бетінше электрондық мемлекеттік қызметтерді алуға ыңғайлы болуы үшін «Сервистік әкімдік» үй-жайында орналасқан «өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы»  барлық қажетті құрал-жабдықтармен жабдықталған.

Сондай-ақ, мемлекеттік қызмет көрсететін ауыл және ауылдық округ әкімдері аппараттарында, аудан мектептерінде, дербес бөлімдерде тұрғындарға  өз бетінше электрондық мемлекеттік қызметтерді алуларына ыңғайлы компьютермен, сканермен, принтермен, веб-камерамен, картридермен жабдықталған 48 өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштары бар.

Қызмет алушыларды мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы хабардар етуді қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік қызмет көрсететін барлық мемлекеттік органдарда мемлекеттік қызмет көрсету ережелері орналастырылған стенділер жабдықталған.

Сондай-ақ, Атбасар ауданының ресми интернет-ресурсында Мемлекеттік қызмет көрсету ережелері орналастырылған «Мемлекеттік қызметтер» бөлімі жұмыс істейді.

2020 жылы мемлекеттік органдармен мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру мәселелері бойынша 16 семинар-кеңес, «дөңгелек үстел», брифингтер, конференциялар өткізілді.

Facebook, Instagram әлеуметтік желілерінің беттерінде Мемлекеттік қызметтерді «электрондық үкімет» порталы арқылы өз бетінше алу, Мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібін, мерзімдерін және орнын түсіндіру бойынша 535 мақала жарияланды.

Мемлекеттік қызмет көрсету саласында қызметкерлердің біліктілігін арттыруға бағытталған іс-шаралар жүргізіледі. Есептік кезеңде мемлекеттік қызмет көрсететін қызметкерлерді техникалық оқыту жүргізілді, 130 қызметкер (100%) оқытудан өтті.

Есепті кезеңде мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік қызмет көрсету бойынша әрекеттеріне шағым түскен жоқ.

Есепті кезеңде «Атбасар ауданының білім бөлімі» ММ және «Атбасар ауданы Мариновка ауылдық округінің әкімі аппараты» ММ қатысты Ақмола облысы әкімі аппаратының мемлекеттік қызмет көрсетуді талдау бөлімімен мемлекеттік қызмет көрсету сапасына ішкі бақылау бойынша 2 бақылау іс-шарасы өткізілді. Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзушылықтар анықталған жоқ.

Атбасар ауданы әкімі аппаратының ақпараттық қамтамасыз ету және мемлекеттік қызметтер көрсету бөлімімен мемлекеттік қызмет көрсету сапасына ішкі бақылау бойынша 6 бақылау іс-шарасы өткізілді: «Атбасар ауданы білім бөлімінің Атбасар қаласының №4 орта мектебі» КММ, «Атбасар ауданының жұмыспен қамту орталығы» КММ, «Атбасар ауданының Атбасар қаласының әкімі аппараты» ММ, «Атбасар ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ, «Атбасар ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясының бөлімі» ММ, «Атбасар ауданының сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ. Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзушылықтар анықталған жоқ.

Мемлекеттік қызмет көрсетудің тиімділігін одан әрі арттыру және қызмет алушылардың қанағаттануын арттыру мақсатында келесі бағыттар бойынша жұмыстар жүргізілуде:

- мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерін бұзуға жол бермеу;

- мемлекеттік қызметтерге шағымдануды бақылау (негізделген шағымдар бойынша шаралар қабылдау);

-мемлекеттік қызмет көрсету ережелерінің қолжетімділігін қамтамасыз ету: уәкілетті органда ақпараттық стендтерді жаңарту, мемлекеттік қызмет көрсету ережелерін ауданның ресми интернет-ресурсында уақтылы орналастыру, мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы мақалаларды аудандық газетте, әлеуметтік желілер беттерінде жариялау;

- «электрондық үкімет» порталы арқылы мемлекеттік қызметтерді алу мүмкіндіктері туралы көрсетілетін қызметтерді дәріптеу және ақпараттандыру бойынша іс-шаралар өткізу;

- мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы қызметкерлердің біліктілігін арттыру.

Атбасар ауданы әкімдігінің қызметі туралы 2020 жылғы есепті талқылау бойынша ұсыныстар, ескертулер, ұсынымдар atbasar.akmo.gov.kz электрондық мекенжайы бойынша қабылданады.

 

 

 

 

Дата публикации
26 февраля 2021
Дата обновления
26 февраля 2021
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

22 октября 2026
Аудиоролики.
14 июля 2026
23 тамызда Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарының сайлауы өтеді
14 июля 2026
Тұрғылықты жерін ауыстырған кезде сайлаушы мыналарды ала алады

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы