2020 жылғымемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша
«Атбасар ауданының экономика және қаржы бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің қызметі туралы
есеп
«Атбасар ауданының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі өз қызметін құқықтық актілерге сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша жүзеге асырады:
1) «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы»Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңына;
2) Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 6 қарашадағы № 72 бұйрығымен бекітілген «Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен мамандарға, ауылдар,кенттер, ауылдық округтер аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну» ережесіне сәйкес;
Бөлім «Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен мамандарға, ауылдар,кенттер, ауылдық округтер аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну»мемлекеттік қызметін көрсетеді.
Мемлекеттік қызмет қағаз нысанда және электрондық үкімет порталында, тегін көрсетіледі.
2020 жылы «Экономика және қаржы» ММ 18 мемлекеттік қызмет көрсетілді,оның ішінде ең сұранысқа ие мемлекеттік қызмет-көтерме жәрдемақы ұсыну болып табылады.
Барлығы он бес маманға, оның ішінде білім беру саласындағы он төрт маманға және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы бір маманға көтерме жәрдемақы берілді.
Білім беру саласындағы бір маманға бюджеттік несие берілді.
Әлеуметтік қолдау шараларын алу үшін білім беру саласындағы бір маман кезекке қойылды.
Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту ауылдық елді мекенде тіркелудің болмауы себебінен көтерме жәрдемақы алуға білім беру саласындағы бір маманға жүргізілді, осы маманға дәлелді бас тарту жіберілді.
Қызмет алушылардан шағымдар түскен жоқ.
Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар өткізілді. Бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік қызметті алу үшін қажетті ақпарат орналастырылған:
1) Мемлекеттік органдардың бірыңғай интернет-ресурсында (WWW.GOV.KZ 2020 жылға арналған көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алуға немесе салуға бюджеттік кредит түрінде әлеуметтік қолдау шараларын көрсету үшін Атбасар ауданының ауылдық елді мекендері бойынша денсаулық сақтау, білім беру және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы сұранысқа ие мамандықтар тізбесі орналастырылған;
2) аудандық «Простор-Атбасар» газетінде «Бағдарламада не өзгерді?»мақаласы жарияланды.
3) «Instagram»әлеуметтік желісінде түсіндіру сипатындағы екі рет сөз сөйлеу өткізілді.
Жоғарыда көрсетілген Қағидалар мен мемлекеттік қызметті алу бойынша басқа да қажетті ақпарат ілінген стенд бар.
«Атбасар ауданының экономика
және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы Ш.Николайцева