2020 жылғы «Атбасар ауданының халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ мемлекеттік қызмет көрсету туралы есебіне түсіндірме жазба
«Атбасар ауданының халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ мамандарымен мемлекеттік қызмет көрсету, мемлекеттік қызмет көрсету сапасын жақсарту бойынша жұмыс жүргізіледі.
Барлығы «Атбасар ауданының халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ мемлекеттік қызметтің 2 түрін көрсетеді. Жеке және заңды тұлғалардың шағымдарын есепке алуға ерекше назар аударылады. Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша шағымдарды есепке алу журналы жүргізілуде. 2020 жылы 1926 мемлекеттік қызмет көрсетілді, шағымдар түскен жоқ.
«Атбасар ауданының халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ сайтында көрсетілетін мемлекеттік қызметтер туралы жаңарту жүргізіледі.
«Атбасар ауданының халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ ғимаратында ақпараттық стендтер орналастырылған, онда жұмыс кестелері, мемлекеттік қызмет көрсету стандарттары, қажетті құжаттар тізбесі, өтініштердің үлгілері орналасқан. Байланыс телефондары, электрондық пошта мекенжайлары, қызмет көрсететін маманның деректері көрсетілген жұмыс кестелері ілінген.
Қызмет тұтынушылар қызмет көрсету үдерісінің сапасына, қызмет көрсету туралы ақпаратты ұсыну сапасына, қызмет көрсететін қызметкерлердің қаншалықты сыпайы екендігіне баға беретін сауалнама жүргізу арқылы мемлекеттік қызмет көрсетудің уақтылығы мен сапасын анықтау бойынша мониторинг үнемі жүргізіледі.
Жыл бойы «Атбасар ауданының жұмыспен қамту орталығы» КММ директоры Г.Д.Байтұрова және маман Ә. Каленова ZOOM арқылы тікелей эфирге қатысып, мемлекеттік қызмет көрсету туралы хабардар етті. Жыл басынан бері бос жұмыс орындарына қызметкерлерді іріктеу бойынша 4 бос жұмыс орындар жәрмеңкесі өткізілді, сондай-ақ 2020 жылы «Простор» газетінде12 мақала жарияланды, әлеуметтік желілерде мемлекеттік қызмет көрсету бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы ақпарат тұрақты түрде орналастырылады.
«Атбасар ауданының халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ директоры Г.Байтұрова