2020 жылғы «Атбасар ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ мемлекеттік қызмет көрсету туралы есебіне түсіндірме жазбасы
«Атбасар ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ мемлекеттік қызмет көрсету, мемлекеттік қызмет көрсету сапасын жақсарту бойынша жұмыстар жүргізілуде.
Бөліммен мемлекеттік қызметтің 2 түрі көрсетіледі: «2-разрядты спортшы, 3-разрядты спортшы, 1-жасөспірімдік разрядты спортшы, 2-жасөспірімдік разрядты спортшы, 3-жасөспірімдік разрядты спортшы спорттық разрядтарын және біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты жаттықтырушы, біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты жаттықтырушы-оқытушы, біліктілігі орта деңгейдегі екінші санатты жаттықтырушы, біліктілігі орта деңгейдегі екінші санатты жаттықтырушы-оқытушы, біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты әдіскер, біліктілігі орта деңгейдегі екінші санатты әдіскер, біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты нұсқаушы-спортшы, спорт төрешісі біліктілік санаттарын беру»,
«Олимпиада, Паралимпиада, Сурдлимпиада ойындарының чемпиондары мен жүлдегерлеріне тұрғын үй беру және оларды пайдалану».
2020 жылы 17 мемлекеттік қызмет көрсетілді («2-разрядты спортшы, 3-разрядты спортшы, 1-жасөспірімдік разрядты спортшы, 2-жасөспірімдік разрядты спортшы, 3-жасөспірімдік разрядты спортшы спорттық разрядтарын және біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты жаттықтырушы, біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты жаттықтырушы-оқытушы, біліктілігі орта деңгейдегі екінші санатты жаттықтырушы, біліктілігі орта деңгейдегі екінші санатты жаттықтырушы-оқытушы, біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты әдіскер, біліктілігі орта деңгейдегі екінші санатты әдіскер, біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты нұсқаушы-спортшы, спорт төрешісі біліктілік санаттарын беру») және 1 мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту болды. Шағымдар түскен жоқ.
Мемлекеттік қызмет көрсетуді жақсарту мақсатында дене шынықтыру және спорт бөлімімен мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша «LIVE»форматында ақпараттық-түсіндіру дәрістері өткізілді. Дене шынықтыру және спорт бөлімінің , «Атбасар ауданы әкімінің аппараты» ММ ақпараттық қамтамасыз ету және мемлекеттік қызметтер көрсету бөлімінің Instagram ресми парақшасында 2 тікелей эфир өткізілді, мемлекеттік қызмет көрсету ережелері туралы 6 мақала жарияланды.
Бөлім кабинетінде ақпараттық стенд орнатылған, онда «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» ҚР Заңы, мемлекеттік қызмет көрсету ережелері, бөлімнің жұмыс кестесі ілінген.
«Атбасар ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ басшысы Ә.Қапсатар