Меню

Страницы

Статья

2020 жылғы  мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша «Атбасар ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ қызметі туралы есебі

2020 жылғы  мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша «Атбасар ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ қызметі туралы есебі

 

«Атбасар ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қыркүйектегі № 983 қаулысына сәйкес 23 мемлекеттік қызмет түрін көрсетеді, 2020 жылы барлығы 4538 қызмет көрсетілді.

23 мемлекеттік қызметтің 8-і азаматтық хал актілерін тіркеу қызметі, 15-і халыққа әлеуметтік қолдау көрсету қызметі. Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша шағымдарды есепке алу журналы басталды.

Азаматтық хал актілерін тіркеу саласында 2020 жылы 2567 қызмет көрсетілді. 8 мемлекеттік қызметтің  4-уі тегін, 4-уі ақылы негізде көрсетіледі.

Бөлім ғимаратында ақпараттық стендтер орналастырылған, онда бөлімнің жұмыс кестесі, мемлекеттік қызмет көрсету стандарттары, қажетті құжаттар тізбесі, өтініштердің үлгілері орналасқан. Байланыс телефондары, электрондық пошта мекенжайлары, қызмет көрсететін мамандардың деректері көрсетілген жұмыс кестелері ілінген. Халықтың хабардарлығын арттыру мақсатында ай сайын ауданның баспа басылымдарында мемлекеттік қызмет көрсету түрлері мен тәртібі бойынша мақалалар жарияланады.

2020 жылы аудандық «Простор» газетінде, Атбасар ауданы әкімінің және жұмыспен қамту бөлімінің сайтында көрсетілетін мемлекеттік қызметтер бойынша ақпарат жарияланды.

2020 жылдың қыркүйек-желтоқсан айлары аралығында бөлім мамандарымен мемлекеттік қызмет көрсету мәселелерін түсіндіру бойынша тікелей эфирлер өткізілді.

Мемлекеттік қызмет көрсетудің уақтылығы мен сапасын анықтау бойынша сауалнама жүргізу арқылы мониторинг үнемі жүргізіледі, онда қызмет тұтынушылар қызмет көрсету процесінің, қызмет көрсету туралы ақпаратты ұсыну сапасына, қызмет көрсететін қызметкерлердің қаншалықты сыпайы екендігіне баға береді.

 

 

Бөлім басшысы                                                                              Н.Райле

Дата публикации
26 февраля 2021
Дата обновления
26 февраля 2021
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

22 октября 2026
Аудиоролики.
14 июля 2026
23 тамызда Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарының сайлауы өтеді
14 июля 2026
Тұрғылықты жерін ауыстырған кезде сайлаушы мыналарды ала алады

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы