Меню

Страницы

Статья

2020 жылғы мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша «Атбасар ауданының сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ қызметі туралы есеп

2020 жылғы мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша «Атбасар ауданының сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ қызметі туралы есеп

 

«Атбасар ауданының сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ өз қызметін мемлекеттік қызметтерді көрсету ережелерімен бекітілген Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңына сәйкес жүзеге асырады.

Бөлім 3 мемлекеттік қызметті көрсетеді:

  1. «Қазақстан Республикасының аумағында жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын айқындау бойынша анықтама беру»;
  2. «Құрылыс және реконструкция (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) жобаларын әзірлеу кезіңде бастапқы материалдарды ұсыну»;
  3. «Эскизді (эскиздік жобаны) келісуден өткізу».

Барлық мемлекеттік қызметтер ақысыз көрсетіледі.

2020 жылы «Атбасар ауданының сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ- 549 мемлекеттік қызмет көрсетілді, 3 бас тарту.

  • Қазақстан Республикасының аумағында жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын айқындау бойынша анықтама беру: 366 қызмет;
  • Құрылыс және реконструкция (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) жобаларын әзірлеу кезіңде бастапқы материалдарды ұсыну- 104 қызмет
  • Эскизді (эскиздік жобаны) келісуден өткізу-79 қызмет

Мемлекеттік қызметтер ХҚКО, «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы жүзеге асырылады .

Бөлімде ҚР Мемлекеттік қызмет көрсетудің бекітілген ережелері орналастырылған стенд рәсімделген. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында ХҚКО қызметкерлерімен мемлекеттік қызметтер көрсету ережелерін түсіндіру бойынша семинарлар өткізілді, сондай-ақ бөлімнің (@sauletatbasar) Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшасында мемлекеттік және орыс тілінде 8 жарияланым бар, мерзімді түрде мемлекеттік қызметтерді көрсету ережелері туралы жарияланымдар шығып тұрады.

«Adal komek» және «Antikor.LIVE» бағдарламалары аясында «Атбасар ауданы әкімінің аппараты» «Ақпараттық қамтамасыз ету және мемлекеттік қызметтер көрсету бөлімінің» (@gosuslugi_atb) Instagram парақшасында Мемлекеттік қызмет көрсету ережелерін түсіндіру бойынша 4 тікелей эфир өткізілді.

Есепті жылы Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша шағымдар түскен жоқ..

 

 

«Атбасар ауданының сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ басшысы                                                М. Жанабаев

Дата публикации
26 февраля 2021
Дата обновления
26 февраля 2021
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

14 июля 2026
23 тамызда Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарының сайлауы өтеді
14 июля 2026
Тұрғылықты жерін ауыстырған кезде сайлаушы мыналарды ала алады
14 июля 2026
Сайлаушылар тізімі

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы