Меню

Страницы

Статья

2020 жылғы мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша «Атбасар ауданының Ярославка ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ қызметі туралы есеп

2020 жылғы мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша «Атбасар ауданының Ярославка ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ қызметі туралы есеп

 

       Ярославка ауылдық округi бес елдi мекеннен тұрады: Тимашевка ауылы, Калиновка ауылы, Магдалиновка ауылы, Родионовка ауылы, Хрящевка ауылы.

       «Атбасар ауданының Ярославка ауылдық округi әкiмiнiң аппараты» коммуналдық мемлекеттiк мекемесiнiң (бұдан әрi- КММ)  Ережесіне сәйкес 2013 ж. 14.11 Атбасар ауданының Әдiлет басқармасында қайта тiркеуден өткен, мемлекеттiк органның  мiндеттерiнiң  бiрi  мемлекеттік қызметтердi көрсету болып табылады.

      Ярославка ауылдық округi әкiмiнiң аппараты мемлекеттiк қызметтердi «Мемлекеттiк көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуiрдегі  Қазақстан Республикасының Заң негiзiнде,  бекітілген мемлекеттiк қызметтердi көрсету қағидалары негізінде жүзеге асырады.

      Ярославка ауылдық округі әкімінің аппараты 6 түрлі мемлекеттік қызмет көрсетеді:

-«Елдi мекен шегiнде объект салу үшiн жер учаскесiн беру»

-«Жер учаскесiнiң нысаналы мақсатын өзгертуге шешiм беру»

-«Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткiзудi талап етпейтiн мемлекет меншiгiндегi жер учаскелерiне құқықтарды алу»

- «Жер учаскесін жеке меншікке ақысын бірден төлеп не бөліп төлеу арқылы сату»,

- «Жер учаскесін алу үшін  кезекке қою»;

-«Шалғайдағы ауылдық елдi мекендерде тұратын балаларды жалпы

бiлiм беру ұйымдарына және кеін үйлерiне тегiн тасымалдауды ұсыну».

2020 жылы «Шалғайдағы ауылдық елдi мекендерде тұратын балаларды жалпы бiлiм беру ұйымдарына және кейін үйлерiне тегiн тасымалдауды ұсыну» 27 мемлекеттік қызмет және «Жер учаскесін жеке меншікке ақысын бірден төлеп не бөліп төлеу арқылы сату» 1 мемлекеттік қызмет көрсетілді. Бас тарту жоқ.

«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» стенд, «Мемлекеттік қызметті алу кезіндегі менің құқықтарым» брошюралары рәсімделді.

Ярославка ауылдық округі әкімінің аппаратында «Е.gov» өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы жабдықталып, жұмыс істейді. 2020 жылы өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышының қызметтерін 51 қызмет алушы пайдаланған.

2020 жылы Ярославка ауылдық округі әкімінің аппаратының ресми аккаунттарында мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары бойынша 14 мақала жарияланды, 2 тікелей эфир өткізілді.

Мемлекеттiк қызмет көрсету үдерiсiнiң ашықтығын қамтамасыз ету үшiн құқықтық мектепте сабақтар өткізіледі, оған ауылдық округ ұйымдары мен мекемелерінің басшылары, барлық тілек білдірушілер де қатыса алады.

Ярославка ауылдық округі әкімінің аппаратымен мемлекеттік қызметтер көрсету бойынша 2020 жылы қызмет алушылар тарапынан шағымдар түскен жоқ.

 

 

Ярославка ауылдық округінің әкімі                                                 Е. Старченко                                         

                                                              

Дата публикации
25 февраля 2021
Дата обновления
25 февраля 2021
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

22 октября 2026
Аудиоролики.
14 июля 2026
23 тамызда Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарының сайлауы өтеді
14 июля 2026
Тұрғылықты жерін ауыстырған кезде сайлаушы мыналарды ала алады

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы