Меню

Страницы

Статья

2020 жылғы мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша «Атбасар ауданының Шұңқыркөл ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ  қызметі туралы  есеп

2020 жылғы мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша «Атбасар ауданының Шұңқыркөл ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ  қызметі туралы  есеп

 

         Шұңқыркөл ауылдық округi екі елдi мекеннен тұрады: Сочинское ауылы, Новомариновка ауылы.

         Атбасар ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 4 қарашадағы № а-11/456 қаулысымен бекітілген «Атбасар ауданының Шұңқыркөл ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-нің ережесіне сәйкес мемлекеттік органның міндеттерінің бірі мемлекеттік қызмет көрсету болып табылады.

         Шұңқыркөл ауылдық округі әкімінің аппараты 6 түрлі мемлекеттік қызмет көрсетеді:

-«Елдi мекен шегiнде объект салу үшiн жер учаскесiн беру»

-«Жер учаскесiнiң нысаналы мақсатын өзгертуге шешiм беру»

-«Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткiзудi талап етпейтiн мемлекет меншiгiндегi жер учаскелерiне құқықтарды алу»

- «Жер учаскесін жеке меншікке ақысын бірден төлеп не бөліп төлеу арқылы сату»,

- «Жер учаскесін алу үшін  кезекке қою»;

-«Шалғайдағы ауылдық елдi мекендерде тұратын балаларды жалпы

бiлiм беру ұйымдарына және кейін үйлерiне тегiн тасымалдауды ұсыну»

2020 жыл ішінде «Атбасар ауданының Шұңқыркөл ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ 5 мемлекеттік қызмет көрсетілді: 1 қызмет- «Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру», 3 қызмет –«Елді мекен шегінде объект салу үшін жер учаскесін беру», 1 қызмет- «Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу».

Бас тарту жоқ.

         Шұңкыркөл ауылдық округі әкімінің аппаратында «Е.gov» өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы жабдықталып,  жұмыс істейді. 2020 жылы өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышының қызметтерін 65 қызмет алушы пайдаланған.

         2020 жылы Шұңкыркөл ауылдық округі әкімі аппаратының ресми аккаунттарында мемлекеттік қызмет көрсету тақырыбы бойынша 6 мақала жарияланды, 2 тікелей эфир өткізілді.

         Мемлекеттiк қызмет көрсетудерiсiнiң ашықтығын қамтамасыз ету үшiн ауылдық округтiң ұйымдары мен мекемелерiнiң басшылары, сондай-ақ тiлек бiлдiрушiлерге қатыса алатын құқықтық  мектепте сабақтар өткiзiледi.

       Мемлекеттiк қызмет көрсету бойынша Шұңқыркөл ауылдық округi әкiмінің аппаратына қызмет алушылар тарапынан 2020 жылы шағымдарды түскен жоқ.

 

 

Шұңкыркөл ауылдық округінің әкімі                                                                                 С.Валитова 


                      

Дата публикации
25 февраля 2021
Дата обновления
25 февраля 2021
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

22 октября 2026
Аудиоролики.
14 июля 2026
23 тамызда Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарының сайлауы өтеді
14 июля 2026
Тұрғылықты жерін ауыстырған кезде сайлаушы мыналарды ала алады

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы