2020 жылғы мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша «Атбасар ауданының Тельман ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ қызметі туралы есеп
Тельман ауылдық округi екі елдi мекеннен тұрады: Тельман ауылы, Поповка ауылы.
«Атбасар ауданының Тельман ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ ережесіне сәйкес, 2013 жылғы 13 қарашадағы Атбасар ауданының Әділет Басқармасында қайта тіркеуден өткен, мемлекеттік органның міндеттерінің бірі мемлекеттік қызметтерді көрсету болып табылады.
Тельман ауылдық округі әкімінің аппараты мемлекеттік қызметтер көрсетуді Мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларымен бекітілген «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы негізінде жүзеге асырады.
Тельман ауылдық округі әкімінің аппараты мемлекеттік қызметтің 6 түрін көрсетеді:
-«Елдi мекен шегiнде объект салу үшiн жер учаскесiн беру»
-«Жер учаскесiнiң нысаналы мақсатын өзгертуге шешiм беру»
-«Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткiзудi талап етпейтiн мемлекет меншiгiндегi жер учаскелерiне құқықтарды алу»
- «Жер учаскесін жеке меншікке ақысын бірден төлеп не бөліп төлеу арқылы сату»,
- «Жер учаскесін алу үшін кезекке қою»;
-«Шалғайдағы ауылдық елдi мекендерде тұратын балаларды жалпы
бiлiм беру ұйымдарына және кейін үйлерiне тегiн тасымалдауды ұсыну»
2020 жылы ауылдық округ әкімінің аппаратымен 40 мемлекеттік қызмет көрсетілді:
- «Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткiзудi талапетпейтiн мемлекет меншiгiндегi жер учаскелерiне құқықтарды алу» - 4 мемлекеттік қызмет көрсетілді;
- «Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру» - 1 мемлекеттік қызмет көрсетілді;
- «Шалғайдағы ауылдық елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беру ұйымдарына және кейін үйлеріне тегін тасымалдауды ұсыну» - 35 мемлекеттік қызмет көрсетілді.
Тельман ауылдық округі әкімінің аппаратында «Е.gov» өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы жабдықталған және жұмыс істейді. 2020 жылы өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышының қызметтерін 239 қызмет алушы пайдаланған.
2020 жылы Тельман ауылдық округі әкімі аппаратының ресми аккаунттарында мемлекеттік қызмет көрсету ережелері бойынша 12 мақала жарияланды, 2 тікелей эфир өткізілді.
Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз ету үшін құқықтық мектепте сабақтар өткізіледі, оған ауылдық округ ұйымдары мен мекемелерінің басшылары да, барлық тілек білдірушілер де қатыса алады.
Тельман ауылдық округі әкімі аппаратының мемлекеттік қызметтерді көрсетуі бойынша 2020 жылы қызмет алушылар тарапынан шағымдар түскен жоқ.
Тельман ауылдық округінің әкімі Қ. Әдепбаева