2020 жылы мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша «Атбасар ауданының Сергеевка ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ қызметі туралы есеп
Сергеевка ауылдық округi үш елдi мекеннен тұрады: Сергеевка ауылы,Самарка ауылы,Ащыкөл ауылы.
Атбасар ауданы әкiмдiгiнiң 2017 жылғы 9 қарашадағы № а-11/444 қаулысымен бекiтiлген «Атбасар ауданының Сергеевка ауылдық округi әкiмiнiң аппараты» КММ туралы Ережеге сәйкес, мемлекеттiк органдардың негiзгi міндеттерінің бiрi — мемлекеттiк қызмет көрсету болып табылады.
Атбасар ауданының Сергеевка ауылдық округi әкiмiнiң аппараты мемлекеттiк қызмет көрсету iсiн Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуiрдегi «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңына, мемлекеттiк қызмет регламенттерi мен стандарттарына сәйкес жүзеге асырады.
Мемлекеттік мекеме 2020 жылы 6 мемлекеттік қызмет түрін көрсетті:
етпейтiн мемлекет меншiгiндегi жер учаскелерiне құқықтарды алу»;
2020 жылы Сергеевка ауылдық округі әкімінің аппараты «Жер учаскесiнiң нысаналы мақсатын өзгертуге шешiм беру» 3 мемлекеттік қызмет көрсетті;
«Мемлекеттік қызметтер туралы» стенд, «Мемлекеттік қызметтер алу кезіндегі менің құқықтарым» брошюралары ресімделген.
Сергеевка ауылдық округі әкімінің аппаратында «Е.gov» өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы жабдықталған және жұмыс істейді. 2020 жылы өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышының қызметтерін 17 қызмет алушы пайдаланған. Мемлекеттiк қызмет көрсету бойынша Сергеевка ауылдық округі әкімінің аппаратына қызмет алушылар тарапынан 2020 жылы шағымдарды түскен жоқ.
Сергеевка ауылдық округінің әкімі Қ.Қожахметов