Меню

Страницы

Статья

2020 жылға арналған мемлекеттік қызметтер көрсету бойынша «Атбасар ауданының Сепе ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің қызметі туралы есеп беру

2020 жылға арналған мемлекеттік қызметтер көрсету бойынша «Атбасар ауданының Сепе ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің қызметі туралы есеп беру

 

Сепе ауылдық округі   екі елді мекеннен тұрады: Сепе ауылы, Есенгелді ауылы.

«Атбасар ауданының Сепе ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ туралы Ережеге сәйкес мемлекеттік органның міндеттерінің бірі мемлекеттік қызмет көрсету болып табылады.

 Сепе  ауылдық округі әкімінің аппараты мемлекеттік қызметтер көрсетуді Мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларымен бекітілген «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы негізінде жүзеге асырады.

Сепе  ауылдық округі әкімінің аппараты мемлекеттік қызметтің 6 түрін көрсетеді:

«Шалғайдағы ауылдық елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беру ұйымдарына және кейін үйлеріне тегін тасымалдауды ұсыну»;

 «Елді мекен шегінде объект салу үшін жер учаскесін беру»; 

«Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу»;

«Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру»;

«Жер учаскесін  жеке меншікке  ақысын бірден төлеп не бөліп төлеу арқылы сату»;

«Жер учаскесін алу үшін  кезекке қою»

2020 жылы мемлекеттік қызметтер көрсетілмеді. Бас тарту болған жоқ.

          «Мемлекеттік қызметтер туралы»ақпарат, «Мемлекеттік қызметтерді алу кезіндегі менің құқықтарым» брошюралары ілінген стенд рәсімделген.

       Сепе ауылдық округі әкімі аппаратында «E.gov» өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы жабдықталып, әрекет етеді. 2020 жылы 146 қызмет алушы өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышының қызметін пайдаланды.

       2020 жылы мемлекеттік қызметтер көрсету ережелеріне сәйкес Сепе ауылдық округі әкімі аппаратының ресми  аккаунттарында 12 мақала жарияланды.

       Мемлекеттік қызметтерді көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз ету үшін құқықтық  мектепте сабақтар өткізіледі, оған ауылдық округтің ұйымдары мен мекемелерінің басшылары және барлық тілек білдірушілер қатыса алады.

        Сепе ауылдық округі әкімі аппаратымен мемлекеттік қызмет көрсету бойынша 2020 жылы қызмет алушылар тарапынан шағымдар түскен жоқ.

 

 

 

 

  Сепе  ауылдық округінің әкімі                                                М.Тасымов

 

 

 

Дата публикации
25 февраля 2021
Дата обновления
25 февраля 2021
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

22 октября 2026
Аудиоролики.
14 июля 2026
23 тамызда Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарының сайлауы өтеді
14 июля 2026
Тұрғылықты жерін ауыстырған кезде сайлаушы мыналарды ала алады

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы