2020 жылғы мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша «Атбасар ауданының Полтавка ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ қызметі туралы есеп
Полтавка ауылдық округi екі елдi мекеннен тұрады: Полтавка ауылы, Титовка ауылы.
«Атбасар ауданының Полтавка ауылдық округi әкiмiнiң аппараты» коммуналдық мемлекеттiк мекемесiнiң (бұдан әрi- КММ) Ережесіне сәйкес, мемлекеттiк органның мiндеттерiнiң бiрi мемлекеттік қызметтердi көрсету болып табылады.
Полтавка ауылдық округі әкімінің аппараты мемлекеттік қызметтер көрсетуді Мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларымен бекітілген «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы негізінде жүзеге асырады.
Полтавка ауылдық округі әкімінің аппараты мемлекеттік қызметтің 6 түрін көрсетеді:
-«Елдi мекен шегiнде объект салу үшiн жер учаскесiн беру»
-«Жер учаскесiнiң нысаналы мақсатын өзгертуге шешiм беру»
-«Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткiзудi талап етпейтiн мемлекет меншiгiндегi жер учаскелерiне құқықтарды алу»
- «Жер учаскесін жеке меншікке ақысын бірден төлеп не бөліп төлеу арқылы сату»;
- «Жер учаскесін алу үшін кезекке қою»;
-«Шалғайдағы ауылдық елдi мекендерде тұратын балаларды жалпы
бiлiм беру ұйымдарына және кейін үйлерiне тегiн тасымалдауды ұсыну».
2020 жылы ауылдық округ әкімінің аппаратымен барлығы 13 мемлекеттік қызмет көрсетілді:
- «Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткiзудi талап етпейтiн мемлекет меншiгiндегi жер учаскелерiне құқықтарды алу» - 1 мемлекеттік қызмет;
-« Шалғайдағы ауылдық елдi мекендерде тұратын балаларды жалпы
бiлiм беру ұйымдарына және кейін үйлерiне тегiн тасымалдауды ұсыну» - 12 қызмет. Бас тартулар жоқ.
Ауылдық округ әкімі аппаратының ғимаратында мемлекеттік қызметті алу үшін барлық қажетті ақпараттар, қызметтерді алу уақыты, қажетті құжаттардың таптамасы ұсынылған қызметтерді көрсету орны және қызмет көрсетуші тұлғаның Т.А.Ә. көрсетілген стенд орналастырылған.
Полтавка ауылдық округі әкімінің аппаратында «Еgov»өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы жабдықталған және жұмыс істейді. 2020 жылы өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышының қызметтерін 74 қызмет алушы пайдаланған.
Мемлекеттік қызмет көрсету ережелері бойынша 2020 жылы Полтавка ауылдық округі әкімі аппаратының ресми аккаунттарында 14 жарияланым орналастырылды, 1 эфир өткізілді.
Мемлекеттiк қызмет көрсетудерiсiнiң ашықтығын қамтамасыз ету үшiн құқықтық мектепте ауылдық округтiң ұйымдары мен мекемелерiнiң басшылары, сондай-ақ кез келген тiлек бiлдiрушiлер қатыса алатын сабақтар өткiзiледi.
Мемлекеттiк қызмет көрсету бойынша Полтавка әкiм аппаратына қызмет алушылар тарапынан 2020 жылы шағымдар түскен жоқ.
Атбасар ауданыны Полтавка ауылдық округінің әкімі Л.Кожахметова