2020 жылғы мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша «Атбасар ауданының Покровка ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ қызметі туралы есеп
Покровка ауылдық округі екі елді мекеннен тұрады: Покровка ауылы және Садовое ауылы.
«Атбасар ауданының Покровка ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ-сі туралы ережесіне сәйкес, 2020 жылғы 08 қаңтардағы № а-1/4 Атбасар ауданының әкімінің қаулысымен бекітілген, 2020 жылғы 17 қаңтарда Атбасар ауданының Әділет Басқармасында қайта тіркеуден өткен, мемлекеттік органның міндеттерінің бірі мемлекеттік қызметтерді көрсету болып табылады.
Покровка ауылдық округі әкімінің аппараты мемлекеттік қызметтер көрсетуді Мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларымен бекітілген «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырады.
Ауылдық округ әкімінің аппараты мемлекеттік қызметтің 6 түрін көрсетеді, оның ішінде жер қатынастары саласында 5 түрі бар және 1 білім саласында:
беру ұйымдарына және кейін үйлеріне тегін тасымалдауды ұсыну»;
2020 жылы «Сауда – саттықты (конкурстардағы, аукционарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу» мемлекеттік қызметі бойынша жеке тұлғадан 5 өтініштер түсті.
2020 жылы негізделген немесе негізсіз бас тарту болған жоқ.
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» стенд, «Мемлекеттік қызметті алу кезіндегі менің құқықтарым» брошюралары рәсімделді.
Ауылдық округ әкімі аппаратының ғимаратында мемлекеттік қызметті алу үшін барлық қажетті ақпараттар, қызметтерді алу уақыты, қажетті құжаттардың таптамасы ұсынылған қызметтерді көрсету орны және қызмет көрсетуші тұлғаның Т.А.Ә. көрсетілген стенд орналастырылған. Аталған ақпарат аудан әкімінің сайтында орналастырылған. Мемлекеттік қызметтер тегін көрсетіледі. Әкім аппаратының мамандарымен көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын жақсарту бойынша жұмыстар жүргізілуде.
«Egov» өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы ресімделді, компьютер интернетке қосылған, принтер, картридер, камера, құлаққап бар. ЭЦҚ бар кез келген тұрғын өзіне қажетті қызметке Egov порталы арқылы тапсырыс беріп, қажетті қызметті ала алады, сондай-ақ ЭЦҚ-ны қашықтықтан алуға болады.
Egov бұрышы арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді тіркеу журналы жүргізіледі, 2020 жыл бойынша ауылдық округінің тұрғындарымен 80 қызмет алынды:
2020 жылы көрсетілетін қызмет алушылар тарапынан шағымдар түскен жоқ.
Атбасар ауданы Покровка ауылдық округінің әкімі Б. Байбеков